Сыныптан тыс жұмыс: Математика-ғылым патшасы

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика - ғылымдар патшасы.

1- жүргізуші:- Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!

2- жүргізуші: - Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

1-жүргізуші: - Ал қанеки қаралық,

Мына жақта жаналық .

Бүгінгі кеш төрінде

Математика елінде

Математика тілінде

Есеп жарысып

Жұмбақ шешіп аңдысып

2-жүргізуші: -Шабыт тасып шалқысып

Есеппен ән салып

Көңілді кеш жасайық

Жұмбақ шерді шашайық

Ат салысып аянбай

Бар өнерге басайық

1-жүргізуші:- Математика ғылымдар патшасы деп

Мойындаған бар ғылым жер шарында,

Сол қағида тағы да дәлелденбек

Бүгінгі кеш бағдарлы жоспарында,

2-жүргізуші:- Математика төрт амал негізінде

Туындатқан талай заң келбетінде

Жұмбақ әлем болғанмен, ей замандас,

Меңгерілер еңбек, талап шеңберінде.

1- жүргізуші:- Асып әсте саспайық

Батыл қадам бастайық

Еркінді билеп барынша

Жарыста сірә қалыспа

Кеш қызығын,ей достар,

Осылайша шабытпен

Кәне енді бастайық

2- жүргізуші:- Мұнда қызық табылар

Жаңылтпаш, жұмбақ бәрі бар.

Айтыс тартыс тағы бар

Сөз жұмбақ та, сан жұмбақ

Суретті жұмбақ шеш жұмбақ

О-о-ой, бір қызық кеш болар

Өздеріңмен бес болар!

1 - жүргізуші: Шақырамыз, келіңдер жарысуға,

Күш, өнер, білімменен алысуға

Бар өнерді салайық, ортамызға

Қанеки, кім шығады сайысуға.

2 - жүргізуші: Жиналған ылғи дарындар,

Жүректе от көздерінде жалын бар.

«Алғырлар» тобын халайық,

Қол соғып қарсы алайық.

(10 сынып оқушылары шақырылады)

1-жүргізуші: Үлгілі тәртіп, жақсы оқу

Алға қойған мақсаты.

Әрқашан да мектепте,

Шығып жүрген жақсы аты,- деп ортаға « ЭЕМ» тобын шақырайық .

(9 сынып оқушылары ортаға шақырылады)

2-жүргізуші: Ау, халайық, халайық!

Бәріне жар салайық,

Бұл сайысқа қатысуға

«9 ондық 2 бірлік» тобы

Келіп тұр ортамызға.

( 8- сынып оқушылары ортаға шақырылады)

1-жүргізуші:Ашық жарқын жүзді,

Әділқазылар біздің,

Әділ баға берерге,

Шақырайық біз төрге.

Шеберлікті, білімді,

Сараптар сіздер көрініздер.

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңіздер.

2-жүргізуші: Ал, канекей сайысты біз бастайық

Өзімізді таныстырып тастайық,- деп сөз кезегін әр топқа береміз.( таныстыру, эмблема, ұран) 5 ұпай арқылы саналады.

1 - жүргізуші: Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда, - деп келесі сайысымызды бастаймыз. (Викториналық сұрақтар) Әр топқа 7 сұрақ қойылады.

«9 ондық 2 бірлік» тобына:

  1. Қандай өрнек әріпті өрнек деп аталады? (құрамында әрпі бар өрнекті әріпті өрнек деп аталады)

  2. Жақша алдында минус таңбасы тұрса жақша қалай ашылады? (жақша ішіндеге өрнектің таңбасы өзгереді)

  3. Он алтылық кодты ата. (0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,А,В,С,D,E,F)

  4. Дискриминанттың формуласы. (Д=b2 - 4ac)

  5. Пифагор теоремасын айтып бер. (Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасынын квадраты катеттерінің квадраттарының қосындысына тең)

«ЭЕМ» тобына:

  1. Қандай тригонометриялық функцияларды білесіңдер? (синус, косинус, тангенс, котангенс)

  2. Жай сан деп қандай санды айтамыз? (1-ге және өзіне бөлінетін сан)

  3. Алгоритм деген не? (берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру)

  4. Екі қабырғасы параллель төртбұрыш қалай аталады? (трапеция)

  5. Квадрат қабырғасы 9см, периметрі неге тең? (36см)

«Алғырлар» тобына:

  1. Стереометрия нені зерттейді? (кеңістіктегі фигуралардың қасиеттерін)

  2. Барлық қабырғасы тең тіктөртбұрыш. (квадрат, шаршы)

  3. Қабырғасы 5см квадраттың ауданы нешеге тең? (25см2)

  4. Шеңбердің кез келген екі нүктесін қосатын кесінді. (хорда)

  5. Тік төртбұрыштың ауданын есептейтін формула. (s=a*b)

2 - жүргізуші: Сөз әділқазыларға берейік. Екі сайыстың қорытындысын айтсын.

1 - жүргізуші: Математикалық атаулар мен ұғымдар

Есте болар, балалар, бәріңнің де

Енді бір сәт солар жайлы жұмбақ шешсек

Артық болмас, бастайық кезек біз де, - деп жұмбақ шешу сайысын бастаймыз. Сұрақ барлығына бірдей беріледі. Кім бірінші карточканы көтереді сол жауап береді.

1. Оң сандарға қол шатырдай

Қалпақ болған беделі

Квадраттасаң егер оны

Жоғалтпассың сен оны. (квадрат түбір)

2. Дүниеде бүтін нәрсе бола бермейді

Көңілге армандаған қона бермейді

Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін

Қандай сан бар достарым, пікір демейді. (бөлшек сан)

3. Бүтін сан, бөлшек сандар

Барлығы да бар онда

Бұл қандай сан айтындаршы

Он, теріс сан бәрі сонда (рационал сандар)

4. Үлкен, кіші сандарды сен

Ажыратқын келсе егер,

Қандай таңба қояр едің

Кәне, ойлаң куәгер? (теңсіздік)

5. Бірдей санды бірнеше рет

Көбейтуден тұрады

Егер оны ықшамдасаң

Қандай атау болады? (дәреже)

6. Доп емес, дөңгелек емес

Ұқсас бірақ достарым

Фигура ол ең негізгі

Дәл жауапты қостадым. (шеңбер)

7. Екі бұрыш ежелден

Көрші болған ең тату

Бірін-бірі толықтырған

Жазыңқыға бар қаңқу (сыбайлас бұрыш)

8. Екі түзу қатар жүріп

Үшіншісі қияды

Сонда шыққан бұрыштарды

Кімдер айтып жияды. (айқыш, тұстас, сәйкес)

2 - жүргізуші: Келесі сайыс «кері есептеу».

1 - жүргізуші: Сөз әділқазылар алқасына беріледі. Өткен соңғы екі сайыстың қорытындысын айтсың.

2 - жүргізуші: Сайыстың келесі бөлімі «Капитандар сайысы».

Есте ұстау қабілетің

Қандай сенің ағайын

Жаңылтпашты қайта айтшы

Қазір саған айтайын

1 - жүргізуші: Ортаға үш топтың капитандарын шақырамыз.

9 ондық 2 бірлік тобының капитанына:

Шеңбер, шеңбер доп емес

Доп сияқты, доп емес

Доп деп, доп деп шеңберді

Ойлама шеңбер ол емес.

ЭЕМ тобының капитанына:

Рационал сан, иррационал сан

Иррационал сан, рационал сан

Біріккен сан, болған сан

Нақты сан деп аталған сан

Алғырлыр тобының капитанына:

Айқыш бұрыш, айқыш бұрыш

Тең-тең бұрыш, тұтас бұрыш

Тұстас бұрыш, тұстас бұрыш

Сәйкес бұрыш, құрған бұрыш

Жазыңқы бұрыш, құрған бұрыш

2-жүргізушы:Шығыс елдерінде 7 санын әсіресе құрметтеген жер дүниені 7 мен белгілеген. Ғалымдар айтуы бойынша олар осы санмен 6 басты бағыттарды және санақ басын белгілеген.Вавилондықтардың сеніу бойынша жер астындағы жұмаққа жету үшін негізгі жеті қақпадан өту керек.

1 - жүргізуші: Жеті санының қасиеті соншалықты, көне адамдар жеті қарақшы жұлдыздарды өздерінің бұйымдарында бейнелеген.Ай туып жеті күннен кейін жартылай толып, тағы жеті күннен түгел толып, одан кейінгі жеті күннен кейін жарты болып. Ал келесі жеті күннен кейін аспанда тек қана жұлдыздар қалады.Содан 4 аптадан, әр аптада жеті күннен «ай» деген ұғым пайда болды.

2 - жүргізуші: Ата- бабамызда жеті санның қасиетін білетін. Ол жеті атанды білмесен , жетісіз болып өтесін, деген. Ал, біз жеті атамызды білемізбе?Кім айтып береді.

1 - жүргізуші: Жер бетінде жетімдікте жетеу. Оны білесіндерме? Кім айтады.

Олар: 1. Тындамаса сөз жетім

2. Қиюсіз тозған тон жетім

3. Иесіз қалған жер жетім

4. Басшы жоқ ел жетім

5. Аққу-қазсыз көл жетім

6. Елінен айырылған ер жетім

7. Қатары қалмаған қарт жетім

2 - жүргізуші: Сондай-ақ 7 парыз да бар.

  1. Жеті ғалым

  2. Жеті жарғы

  3. Жету ру

  4. Жеті қазына

  5. Жеті қарақшы секілді

Жеті керемет көп екен

Жер бетінде алайда

Жеті нәрсе жоқ екен. Ол қалай аталады?

Құста сүт жоқ

Жылқыда өт жоқ

Көлде көпір жоқ

Тамда белбеу жоқ

Аспанда тіреу жоқ

Тауда саты жоқ

Таста тамыр жоқ

1 - жүргізуші: Ноталар да 7 дыбыстан тұрады. (до, ре, ми, фа, соль, ля, си)

2 - жүргізуші: Келесі сайыс «Жеті керемет» деп аталады. Бұл бөлімде сайыскерлеріміз берілген әріппен басталатын 7 математикалық сөздерді атау керек. Кезекпен келіп жасырын әріпті таңдап, сөздерді айтады.

«п» (пирамида, планиметрия, параллель, плюс, парабола, перпендикуляр, параллелепипед)

«с» (синус, сүйір, стереометрия, сектор, сәуле, синусоида, сегмент)

«к» (көбейту, куб, косинус, конус, квадрат, кесінді, көлем)

1 - жүргізуші: Соңғы сайыс «Үй жұмысы». Әр топ өз өнерлерін көрсетсің.

2 - жүргізуші: Сөз әділқазылар алқасына беріледі. Олар қорытынды шығарғанша көрермендермен ойын.

1 - жүргізуші:Бүгінгі кеш талай шабыт шындады,

Кеш қызығын талай адам тыңдады.

Тәрбиелер тәлімі мол, әсерлі

Болса егер көңіл жақын таңдады.

Ақынжанды болмаған

Математикте бола алмас

Жақсы шумақ тумаса

Көңілге әсте қона алмас

2 - жүргізуші:Олар жайлы төреші

Көрермендер өздерін

Ақ - қарасын айырып

Куә болды көздерін

Көңіл бөліп бұл кешке

Келгендерге көп рахмет

Шын сезінген көрерменге

Мың рахмет! Мың рахмет!


© 2010-2022