Сценарий на новый год Жаңа жыл - жаңа жыр!

Раздел Воспитательная работа
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жаңа жыл-жаңа жыр!

1жүргізуші : Армысыздар ,құрметті ата-ана ,қымбатты ұстаздар ,оқушылар!

2жүргізуші :Жаңа жыл мерекелерініз құтты болсын!

1жүргізуші:Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге ,

Жаңа табыс тілейік ісімізге.

Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін,

Мына отырған барша жан бәрімізге.

2жүргізуші: Ақ көңілім айналды аппақ қарға,

Көңілдене қосыл сен ән мен жырға ,

Қыс қызығы басылмай ұласады,

Қуанышы қөп болсын жаңа жылға, - дей отырып , жаңа жылдық кешімізді бастауға рұқсат етіңі

1жүргізуші: Аппақ тонға оранып ,

Базарлықты мол алып ,

Келеді алыс сапардан

Аяз ата оралып.

2жүргізуші : Келеді Аяз атамыз,

Қасында Ақшақары бар

Қызыққа әбден батамыз,

Қарсы аламыз баршамыз.

1жүргізуші Ал енді , құрметті халайық!

Бүгінгі кешіміздің қадірлі қонағы

әрі сәні Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алайық!

Хормен : Аяз ата!Ақшақар!(3рет)

Музыка ойнап тұрады , сол кезде Аяз ата мен Ақшақар

келеді.

2жүргізуші:

Қош келдіңіз,Аяз ата !

1жүргізуші : Амансың ба, Ақшақар!

Аяз ата: Амансындар ма, балалар!

Алыс-алыс таулардан,

Орман,тоғай баулардан,

Аса-асу белдерден,

Өзендерден,көлдерден

Алыс сапар жол шегіп,

Жамандықпен алысып ,

Жақсылықпен жарысып

Келіп жеттік сендерге.

Ақшақар: Алыс -алыс ,алыстан.

Көз жетпейтін ғарыштан,

Жұлдыздардан самғаған,

Армандардан аңсаған ,

Мұхиттардан шулаған

Дауылдардан тынбаған,

Қырдан дара-қиырдан

Ақшақар келдіасығып.

1жүргізуші Амансындар ма! балалар

Ал,балалар Аяз ата және Ақшақар мен бірге шырша жырын айтайық.

2жүргізуші: Аяз ата , сіз алыс жолдан шаршап келдіңіз енді отырып демалыңыз. Біздің сізге арналған жаңа жылдық тартуымызды қабыл алыңыз!

Жаңа жыл әнімен Наргизаны қарсы алыныздар!

1жүргізуші:Ал,балалар,балалар,құлақ қойып тыңдандар.

5а сыныпта

Жасыл шыршы жанында

Жаңа жылды қарсы алып

Би билейік, ән салайық-деп

Оқушылардың өнерін көрейік . «Ақшақар» биі

2жүргізуші:Кешіміз көңілді әнмен,бимен басталыпта кеткен сияқты.Бізбен бір жыл бойы бірге болып,бірге қуанып,бірге ренжіген,біз үшін болған қой жылына рақмет айтып,шығарып салайық.

1жүргізуші: Ескі жыл,қайдасың?

Ескі жыл:Иә достарым ! меніңде бірнеше сағаттардан кейін тарихтың еншісіне айналатын уақытым де жетті.

2жүргізуші:Қош келдің ,ескі жыл! Сіздің құрметіңізге ән айтылып ,би биленуде.

Жаңа жыл келгенше бізбен бірге болыңыз. «Ән көңілдің - ажары» демекші келесі кезекті әнге береміз.

Әділетін орындауында ән тыңдайық.

1жүргізуші:Ей,құрбылар жақын жақсы адамдар!

Жыл келеді! Жыл келеді!Қарандар!

(Осы мезетте Мешін келеді.)

2жүргізуші:Қош келдің !

Қуаныш пен шаттыққа кенелейік,

Жадырап ән шырқап тербелейік

Төрлет,төрлет халқымның құтты жылы,

Бәріміз дөңгелене би билейік!

(Музыка ойнап, би биленеді)

Ескі жыл: (кетеді) Бейбіт күнің жарқырап,

Қоштасамын бүгін мен.

Сіздерді қимас көңілмен

Тарихтың еніп қойнына

Айтамын жүрек сөзін мен.

Келер мешін жылында ,

Жақсылық көп болсын ортанда ,

Тыныштық пен бейбіт күн

Болсын деп тілеп әманда,

Қоштасып қол бұлғаймын !

Қош,сау болыңдар!

Хормен: Қош,сау бол ,Ескі жыл!

Музыка ойнап тұрады.

1жүргізуші: Жаңа жылдық тойда

Көрсетейік өнер біз.

Таппақ айтсақ

Риза болар Жаңа жыл .

Тақпақ: Нұрбек ,Ділназ ,Құндыз, Жансерік

2жүргізуші: Жаңа жылда алдағы,

Көңіл өсіп кеңейсін.

Ортақ ойы ,арманы ,

Жақсы дәстүр көбейсін.

1жүргізуші:Ал,балалар Аяз ата мен Ақшақар

Сендермен бірге ойын ойнайды.

2жүргізуші:Сыныптың бишілерін шақырайық,

Қошеметпен,құрметпен қарсы алайық

Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,

Қол соғып биік шынға самғатайық -деп бишілерді ортаға шақырамыз .

«Санта клаус» биі.

1жүргізуші:Таппақ айтатын балаларды ортаға шақырайық.

2жүргізуші: Ерлерім,ел намысын түйіп белге ,

Келеді қолым жетіп биіктерге.

Тілегі қабыл болып Елбасының,

Жаңа жыл құт боп келсін сүйікті елге !

1жүргізуші:Қарсы алыңыздар, алдарынызда сүйкімді қыздарыныз Ақниет.

«Қазақ» биі

2жүргізуші:Ал ендігі кезекті ата-аналарға берейік !

Ата -аналармен ойын ойнайық .

1жүргізуші:Өнерді бұлбұлдай сайратамын,

Елімді гүлдей жайнатамын ,-деген бір топ өнерпаздар өз өнерлерін ұсынбақшы.

1)Ұлдар тобынын орындауында жігіттер квартетінің « Жаңа жыл» әні.

2)Әділет«Бол жанымда»

3) Кукарелла биі.

Аяз ата :Ал,балалар!Енді, бір-бірден келіп сыйлықтарынды алыңдар .

Аяз ата:Ал,балалар!Енді ,біз жүретін уақыт та таяп қалды.Біздерді басқа Шаһардың елді мекендері күтіп отырған көрінеді.Енді біз Ақшақар екеуміз кетейік.Қош, сау болыңдар, балалар !

Барлығы:Қош,сау болыңыз Аяз ата , Ақшақар.

1жүргізуші:Құрметті,ата-аналар және оқушылар! Келер 2016 жыл әрқайсыңызға жаңа бақыт ,жаңа жыр әкелсін! Жаңа табыс,жаңа нұр әкелсін!

Жүргізушілер:Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!



© 2010-2022