Жасыл шырша жанында мектепалды даярлық

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Жасыл шырша жанында мектепалды даярлық

Тәрбиеші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата - аналар! Бармысыздар балғын балалар!

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Бұл мерекеміз қуаныш пен күлкіге толы болсын.

Тәрбиеші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық,
Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.
Ән: «Кел, кел жаңа жыл!»
Келген қонақтармен ойын: «Жаңылтпашты қайтала»
Әлижан:
Құс қайтты, қыс келді
Қыс қайтты, құс келді
Айым:
Шырша сынса өспейді
Сынса шырша өспейді
Мирас:
Қыста боран болады
Қыздар шәлі орамал оранар
Тәрбиеші:
Келіңдер жас ұландар,
Ертегімді тыңдаңдар.
Ертегімді сан қилы
Қызық - қызық сырлар бар.
Жаңа жылдың кешінде
Аңдар келіп бір шешімге
Достаспақшы ниетпен
Жиналыпты келісімге.
Соныменен, балалар
Жаңа жылға арналған
Ертегіні көріңдер
(Мерекелік музыка ойналады)

Шыршаның артынан қоян ceкірin шығады да

Ау, жарандар, ал қараңдар

Жауып тұр қар себелеп.

Көкке толды, жерге қонды

Сансыз аппақ көбелек.

Тым алыстан, Марстан

Келіп Аяз атамыз

Жылды тойлап,

Билеп-ойнап,

Көп қызыққа батамыз!

Ceкipin билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады.

Қоян: Амансыз ба, аю паң!

Аю: Жаңа жылдың алдында

Тойды еске алдым да

Ұйқымды ашып, сергідім

Ұйықтамаймын мен бүгін!

Жылды қарсы алайық

Би билеп, ән салайық.

Аю:

Жаңа жылдың тойында

«Жан салайық» ойынға!

Eкeyi қол ұстасып, билейді. Сол кезде қуана кутындап тулкі келеді.

Түлкі

Қоянжанға бір сәлем!

Аю паңға мың сәлем!

Аю, қоян: Аман ба, тулкі, кел мұнда!

Түлкі

Достарым, жыл келеді

Сыйлығын ол береді

Жұмбақ шешкіш тулкінің

Өнерін жұрт көреді

Тауып өз сыңарымды

Тайсалмай, биге түcin,

Тарқатам құмарымды.

Аю, қоян: Рахмет, түлкіжан

Жүрген жерің күлкілі ән!

Аю,қоян,түлкі 6ipre билей,жөнеледі Осы кезде орталарына кipni келеді

Kipпi:

Сәлем,достар,аман ба?

Нұр берді шырша алаңға

Жылға шашу шашайық,

Тойлап, көңіл ашайық.

Қоян Келші биге басайық!

Бәрі билеп жатқанда, тиін келеді.

Тиін:

Тра-ля-ляй!Тра-ля-ляй!

Өнершіл аңдар-ай

Өңкей паңдар тыңдаңдар,

Жаңа жылға әнім бар

Қол ұстасып, биге басып,

Жыл әніне салыңдар

Бәріңізге 6ip сәлем.

Бәpi:

Сәлем,тиін!

Жақсы-ақ биі!

Бәpi қосылып, билейді. Енді орталарына қасқыр қосылады.

Қасқыр

Армысыңдар!Бармысыңдар,ағайын! Кәне құшақ ашайъқ, достъқ тойын жасайъқ

Бәpi: Жаңа жыл қүтты болсын ! Достығымыз мықты болсын!

Тәрбиеші: Жарайсындар, балалар! Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Соны шешесіңдер ме?
Балалар: Иә.
Жұмбақ:
Ақсақалды шал жылына
Бір-ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді. (Аяз Ата)
Тәрбиеші: Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырайық. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.
Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! - деп айғайлап шақырады.
Аяз Атаның орнына мыстан кемпір ұшып кіреді де шыршаны бір айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.
Мыстан: Пай-пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның кереметін-ай! Үйге алып кетпесем бе екен? (Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаның түбімен жұлып алғысы келеді.)
Тәрбиеші: Мыстан кемпір! Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды
Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз, тименіз біздін шыршамызға! (Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді: «Ту-у-у!» ). Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып. Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой. Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қаладыда: Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан бір керемет дәмнің иісі шығып еді мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей-ак,осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бір байып қалармын!
Мыстан Кемпір кетіп қалады. Сол кезде қалтасынан бір таяқ түседі.
Тәрбиеші: Балалар, Кәне тойды жалғастырайық, Аяз Ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар. Әнімізде шыркап, атамызды шақырайық!
Есіктің сыртынан дауыстар естіліп, іле-шала залға Аяз-ата мен ақшақар кіреді. Аяз-ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді, ол кіргісі келмейді.
Ақшақар: Ата жіберіңізші мені! Кірмеймін мында, үйге кетемін.
Аяз-ата: Айналайыным-ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсың ба?
Ақшақар: Жоқ, жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда барғым келмейді, үйге қайтамын.
Аяз-ата: Қызым-ау, не айтып тұрсың!
Қарашы біз тойға келдік!
Қане балалармен амандасайық.
Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарға
Бүлдіршін балаларға бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
(Балалар амандасады.)
Аяз-ата: Рахмет, балаларым! Қанекей қызым! Қонақтардан ұят болады, басыңды көтер. (Ақшақар басын көтермейді)
Аяз-ата: Қарашы балалардың киімі қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайық!
Сол кезде Ақшақар жылап тұрып: Мен шырша шамын жағатын сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым. Осы кезде Аяз - ата оны жұбатып тұрып: қазір мен-ақ өзімнің таяғыммен жағамын - дейді.
Ақшақар: Қойыңыз Аяз-ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.
Тәрбиеші: Ақшақар, сиқырлы таяғың қандай еді?
Ақшақар: Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?
Тәрбиеші: Жаңа мында мыстан болған, ол ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бір затын түсіріп алды, сол емес пе екен?
Қане, барлығымыз іздеп көрейікші?
(Сөйтіп жатқанда Смешарик сиқырлы таяқты тауып алады)
Аяз-ата: Жарайсың, балапаным!
Тәрбиеші: Қане, шырша жағуға көмектесейік, балалар! Үшке дейін санайық: 1-2-3
«Аяз ата» әнін шыршаны айналып орындау.
Ортаға тақпақтармен:
Ғибадат:
Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағынған.
Міне сұлу шыршаның
Көптен күтіп сағынған.
Айдын:
Келді, келді жаңа жыл,
Қуанып қарсы ала біл.
Аяз ата сыйлығын,
Алайық айтып жаңа жыр.
Жанаргүл:
Төбемізде қарғалар,
Әрлі- берлі жүрді ұшып.
Шыршамыз тұр жасынып
Ойыншықтар тізіліп.
Көз алмай біз тамсанып
Қарап тұрмыз қызығып.
Құрбанбек:
Ақ сақалды таяқты
Қалың қырау қабақты
Аяз ата аямай
Бізге сыйлық таратты
Ойыншығы, шекері
Орасан көп сияқты.

Нұрдәулет:
Дала нұр, қала нұр,
Құтты болсын жаңа жыл!
Кел жаңа жыл біздерге,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл.
Тәрбиеші:
Достарымыз бар қуанып,
Тамашалар кештер де
Талшыбықтай бұралып
Биші болам өскенде
Құрметті қонақтар, қыздарымыздың «Ақшақар» биін тамашалайық!
Айым:
Шеберін - ай аяздың
Әйнектерді қағаз ғып
Әшекейлеп қойыпты
Бірнеше ою ойыпты
Суреттерді әр үйге
Әйнектерге әрине
Түнде салып береді
Көзі қалай көреді?
Бекзат:
Көңілде көп қуаныш
Әр көңілде жақсы үміт
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық
Жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп кеңейсін.

Би: Ха-Фа-На- Грация
Динара:
Жаңа жыл, жаңа жыл
Жаңалық ізде сен.
Жаңа ән, жаңа жыр,
Жазып бер бізге сен.
Жаңадан көп түрлі
Машина бергейсің.
Ерасыл:
Жасыл шырша жанында
Айнала ойнап ән саламыз
Өзіміздің бақшада
Жаңа жылды қарсы аламыз.
Темірлан:
Жылдың әсем бұл шағы
Шыр айналдық шыршаны.
Шоқ жұлдыздай көктегі
Шыныны қағып тұр шамы.
Ән: «Жаңа жыл»
Сабина:
Жүзімізге күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз!
Исламбек:
Әдемілеп тізілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз
Енжарлықты тастайық,
Шырша тойын бастайық!
Ибрахим:
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Балдырғандар ойнайды.
Білсеңіздер айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Анель:
Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап.
Көрсін біздей балғынды
Шырқатайық ән - жырды.
Асылай:
Ақшақарға малынып
Аппақ тонын жамылып
Сақалы мен мұртына
Күміс моншақ тағынып
Аяз ата келеді
Балаларды сағынып.
Ән: «Қыс қызығы»
Тәрбиеші: Аяз Ата Сіз біздің балалардың өнерін тамашаладыңыз, Сізге ұнады ма? Сыйлық әкелдіңіз бе?
Аяз Ата: Әрине, барлық сыйлық мына сандықтың ішінде! Ақшақар мына сандықтың кілті қайда? (Ақшақар иығымен білмеймін дегендей шара жасайды.)
АязАта: Иә, сол кілт шығар.
Тәрбиеші: АязАта, ол кілтті мыстан алып кетті. Ол тіпті шыршамызды алып кеткісі келген.
АязАта: Қап, әттеген-ай! Қане біз Ақшақар екеуміз оны іздеп келейік.
(Осы кезде залға мыстан кіріп келеді.)
Мыстан: А-а бәлем! Таптым, сандақ мында тұр екен ғой!
АязАта: Мына ұрлықшы мында жүр ғой! Қане кілтті маған бер, балалар сыйлықтарын күтіп қалды.
Мыстан: Ойбай-тағы, не дейді? Сыйлық өзіме де керек.
АязАта: Аһ, бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен сені қатырып тастайын. Аяз ата: «Кәне таяғым мына Мыстанды қатырып таста»
(Мыстан кемпір тұрған бойында қатып қалады.)
Мыстан: Әй, Аяз шал!Керегі жоқ, қалпыма кетір! Ой, не істесем екен?
АязАта: Бересің ба сандықтың кілттін?
Мыстан: Жоқ, бермеймін!
АязАта: А-а, онда осылай тұра бер! Мен кеттім!
Мыстан: Жоқ, Аяз-ата! Кетпеші, беремін кілтіңді, тек балалар менің қояр тілегімді орындасын, жұмбақтартарымды шешсін!
(осы кезде мыстан кемпір қалпына келеді, балаларға жұмбақ жасырады.)
Жұмбақтар:
1.Қолы менен қаламы жоқ
Бірақ сурет салады көп Аяз
2. Суда қалқиды
Жылыда балқиды. Мұз
3. Қыста шыны болып қатады
Жылыда су болып жатады Мұз айдыны
4. Аспаннан ақ ұлпа борады
Қырқаны сейсепке орды Қар
5.Табаныма байладым
Қос аяқпен айдадым
6.Қанаты жоқ ұшады
Аяғы жоқ желеді
Аузы жоқ ұлиды Боран
7. Зулап түсті төменге
Менсіз шықпас төбеге Шана
Мыстан: Жарайсындар, балалар, жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер.
АязАта: Жарайсындар балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтардың да ақылды, білімде де өнірлі екенсіндер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер,. Аспандарын ашық болсын! Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді..........)

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! 2016-шы жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен куаныш әкелсін!!!



№15 Сүлеймен Карабалин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп







Мектепалды дайындық: «б» тобы

Өткізген: Муратова Нурсая



2015-2016 оқу жылы

© 2010-2022