Тәрбие сағаты Патриоттық ерлік

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Патриоттық ерлік сабағының тақырыбы: Ерлікке тағзым!

Мақсаты: Оқушыларға Ауған оқиғасының мағынасын түсіндіру; «Ауған соғысы» жайында тереңірек біліп ,тану; жас ұрпаққа жат жерде көз жұмған Интернационалист- жауынгер , «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері Быхин Асқар Ахметбекұлын еске алу ; жауынгерленрдің қысқа ғұмырынан үлгі- өнеге, тарихи тағлым беру.

Көрнекілігі : Асқардың фото суреті, нақыл сөздер, «Есімің , аға ,есімде» тақырыбында слайд шоу

Барысы: Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! «Ерлік - саналы әскери тәрбиенің жемісі, өзіңді саналы түрде қауіп- қатерге бас тігуге мәжбүр етудің нәтижесі» деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, бүгін Отан алдындағы боршын өтеуде ерлік көрсетіп, сол жолда жанын қиған,Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан жерлесіміз , «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері, интернационалист - жауынгер Быхин Асқар Ахметбекұлын еске алу мақсатында 5-7 сыныптар арасындағы патриоттық ерлік сабағына қош келдіңіздер!

Ақпан айының екінші аптасы мектебімізде ерлік апталығы деп алуға болады , себебі 10- ақпан Асқар ағамыздың туған күні болса, 15- ақпан Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына биылғы жылы 26 жыл толып отыр.Жат жерде көз жұмған қаншама қандастарымыз болды, сол жауынгерлеріміздің ішінде жерлесіміз Асқар Ахметбекұлы Быхин да бар еді.Бүгінгі жас ұрпаққа ағаларымыздың ерлігін , өмірін үлгі - өнеге ету , патриоттық тәрбие беру мақсатында отансүйгіштік , елін жерін сүйетін ұландарымыз сәлде болса мағлұмат алса деген оймен ұйымдастырып отырмыз.

Жүргізуші: 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес үкіметінің әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды.

Соғыс - зұлымдық.Жазықсыз төгілген қан.Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтардың бірі - Ауған соғысы.

«Ерлікке тағзым» атты әдеби монтаж

«Қазақ жігіттері» әнімен Баймұханда қарсы алыңыздар

Жүргізуші: Жау дейміз - ау , саясаттың солақайы уландырған тамырды , Кеңестің ол сұрапылды дауылды заманы еді.Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман қайсар жауынгерлеріміз әрқашан жадымызда сақталады.

«Ер қадірін, назарын тасалаудан

Қай ел қапы қалыпты?

Иә, Ерлікті жасамаудан

Бағаламау әлдеқайда қауіпті» деп Мұхтар ағамыз жырлағандай, еліміздің қаҺармандарын ұмытпауымыз керек. Статистикаға сүйенсек бейбіт өмірде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген өрімдей жас жігітттер Ауған жеріне 23 000 Қазақстандық аттанса ,оның ішінде 44 сарбаз Семей өңірінен екен, 761 жауынгеріміз қаза тауып, қазақ жеріне жерленді. 26 жауынгер із- түссіз жоғалған. 1000 нан астам адамы мүгедектікке шалынып, 1000 нан астам жауынгер өз жеріне оралып, алған түрлі жарақаттарының кесірінен ауырып қаза болды.Сол ерлеріміздің бірі Асқар Ахметбекұлы еді.Асқар Ахметбекұлы 1961 жылы 10- ақпанда Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауданының Комсомол совхозында дүниеге келді. 1976 жылы Доғалаң совхозының орта мектебін бітіріп, Қарағанды қаласындағы кооперативтік институтының I - курсын оқып жүргенде әскер қатарына шақырылды.Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласынан әскери дайындықтан өтті.Ауғаныстан жерінде болған бүлікшілерді басуға қатысып, өзінің интернационалдық борышын өтеу жолында 1980 жылы 20- мауысымда ерлікпен қаза тапты.Ауғаныстан Республикасы Президентінің №240 бұйрығымен 15- мамыр 1988 жылы «Қызыл Жұлдыз» орденімен және «Жауынгерлік» медалімен марапатталды.

Келесі бөлімде «Есімің , аға , есімде» атты слайд беттеріне назар аударамыз.

Жүргізуші:

Тәңіріне жалбарынып сұрап қалған,

Жоғалды сол бетімен бірақта арман.

Сенбеймін «Асқар ағам өлді » деуге,

Себебі ол үйімізден тірі аттанған.

«Қыз қылығы» биі орындайтын «Бүлдіршін» бишілер тобы

Өтер жылдар, уақыт тағы алыстап,

Тағдыр талай тауқыметін табыстар.

Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың,

Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай өмір тоқтамады, ерлік өлмеді,замандарға жалғаса берді.Бұған дәлел бүгінгі күні біз білім алып отырған, алтын ұя мектебіміз Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан жерлесіміз, «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері, интернационалист-жауынгер Быхин Асқар Ахметбекұлы атымен аталады.Ауылымыздың орталық көшелерінің біріне жауынгер есімі берілді.30 сәуір «Быхин Асқарды еске алу күні» болып белгіленгендіктен 2000 жылдан бастап волейболдан жауынгерді еске алу турнирі өтіп тұрады.Сол игілікті іс- шараға биыл тура 15 жыл толады.

Отанды сүю отбасынан басталады.Отанымызды сүйген әрбір жас өрен туған елінің тарихын , діні мен ділін қастерлеп, салт- дәстүрін қадірлеп патриоттық сезімдерін қалыптастыра алады.Елім, жерім деп еміренген өршіл ақын Мағжан Жұмабаев «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты, мен жастарға сенемін» деп болашақ өздеріңдей жастарға үмітпен сенім артқан.

Келер бізге талай жайнап гүл көктем,

Самал желі шашты тарап ,бетті өпкен.

Ұмытуға қақымыз жоқ оларды,

Олар біздің бақыт үшін қан төккен

«Ән сал, сарбаз» әнімен Тайтөлеуова Гүлзаданы қарсы алыңыздар.

Ауған соғысы - он екіде бір гүлі ашылмаған боздақтардың қанымен жазылған тарих , ол ұмытылмайды және ұмытылуы мүмкін емес.Жылдар жылжып өткенімен ерлікпен қаза тапқан ержүрек жауынгерлеріміздің ерлігі ел есінде мәңгі сақталады.Әр халықтың, әр адамның қасиетті борышы Отаны үшін жанын пида қылған азаматтарын мәңгі есте сақтап құрметтеу, жас ұрпаққа отансүйгіштіктің үлгісі ретінде насихаттау екенін ешқашан ұмытпайық!

Үлгі бізге ағалардың ерлігі,

Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі!

«Көк тудың желбірегені» әнімен Қымбатов Алмазды қарсы алыңыздар.

Еске алып құрметтейміз

Құрбандардың рухын,

Қабірлері нұрға толсын,

Суық көрде жылынсын.

Есіл ерлер ескерткішке

Айналсаңда біз үшін,

Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісің! Бүгінгі «Ерлікке тағзым» атты патриоттық ерлік сабағымыз өз мәресіне жетті.Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен-көп алғысымызды білдіреміз.


© 2010-2022