ВНЕКЛАССНЫЙ УРОК НА ТЕМУ Желтоқсанда үзілген жаухазын

Раздел Воспитательная работа
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ВНЕКЛАССНЫЙ УРОК НА ТЕМУ Желтоқсанда үзілген жаухазын

Алматы облысы

Талғар ауданы

Туздыбастау ауылы

№13 орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Навий Сайлаудың 3 «в» сыныбымен

өткізген тәрбие сағаты.

Cабақ тақырыбы:Желтоқсан жаңғырығы - Тәуелсіздік

Мақсаты:

Оқушыларды өз Отанын, туған жерін, туған тілін сүйіп, құрметтеуге тәрбиелеу. Егемендіктің мәнін түсіндіру. Отанына деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімін арттыру.Отанымызды қорғаған батырларымыздың ерлік-істерін қастерлеп, үлгі-өнеге тұту. Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері, тақырыптық суреттер, батырлардың, ақын жазушылардың портреттері.

Еліңді сүйсең, ерлік істейсің. Ердің көркі -елімен,

Отан көркі жерімен.

Отан үшін күрес, Отан-елдің анасы,

Ерге тиген үлес. Ел- ердің анасы.

1- жүргізуші: Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым , мың тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен күн тірілген.

2-жүргізуші: Мен қазақпын, биікпін байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді , айта бергім!

3-жүргізуші Мен қазақпын, бір биік белеспін мен,

Европа Азияда емеспін мен.

Аралықпын жетінші материктей,

Бірақ барша адаммен тел өстім мен.

Хор: «Отаным Қазақстан»

Оқушы: Иа,бостандық, теңдік, тәуелсіздік те өз бетімен келген жоқ мына басқа. Қаншама адам құрбан болды. Өзі

-8-

құрсаудағы елді патшасынан айырып, Колбин деген пәлені патша етіп қоймақшы деген сөз жан жарасына дәл тиеді ғой.

2-жүргізуші 1986 жылы 16-желтоқсан оқиғасы Отанын сүйетін, Отаны үшін отқа түсетін жастарымыздың қарға тамған қанымен бірге елімізге егемендік-Тәуелсіздік әкедді.

1-жүргізуші - көрніс «Желтоқсан оқиғасындағы жаралы қыз бейнесі».

(Басын таңған жаралы қыз шығады)

Жаралы қыз: Ойымызда ештеңе жоқ. Бауырымыз екеуміз аялдап келе жатыр едік,кенет екі милиционер екеумізге тап берді. Қашып үлгере алмадық. Інімді сойылға жығып тепкілей бергенде, мен арашаға ұмтылдым. Осы кезде көзімнің оты жарқ етіп, есімнен тандым. Көзімді ашсам алаңда жатырмын, айналам толған жігіттер мен қыздар мұздың үстінде тізерлеп отыр, немесе жаралы ыңырсып жатыр.

Иттер ұстаған солдаттар қоршап тұр.Бір кезде олардың киімін сыпырып алып, бәрімізді темір жүк машинасына салып ала жөнелді. Сөйтсе, қала шетіндегі құм салатын шұқырға төккен екен. Келесі күні жаяу жалпы әрең жеттік.

Оқушы: 19-желтоқсан: ауруханаға бас сүйегі мен миынан жарақаттанған энергетика институтының 2-курс студенті Ербол Сыпатаев әкелінді. 23- желтоқсан есін жимастан қайтыс болды. Ербол біреудің жалғыз баласы еді.Желтоқсан құрбаны болды.

Оқушы: Сол бір ызғарлы ерте түскен қыс , тоқырау тажалының табанында аяусыз армансыз тапталған ар-намыстың ышқынған даусы құлағымызды әлі шыңылдатып тұрғандай. Бұл дауыстың ішінен қызғалдақтай Ләззәт сенің де нәзік үнің естіледі. Сен тірі болсаң қазағыңның мәдениетін дамытуда үлкен үлес қосар едің -ау.

Еліңнің сен намысы үшін,

Құрбан еттің жаныңды.

Мазақ етіп қорлай алмас,

Ешкім сенің арыңды.

Оқушы: Сәбира... Сәбира Мұхамеджанова бар-жоғы16 жаста еді. 26-желтоқсан күні астанадағы үн қосқаны үшін өзінің ар-намысына, анасына, апасына масқара сөздер айтып, балағаттағанына, училищеден жазықсыз шығарылғаны қорлығына шыдай алмай Өскемен пед. училищесінің 1-курс студенті Сәбира Мұхамеджанова жатахананың 5-этажынан құлап өлді.

Оқушы: Желтоқсанда шындық жырын,

Шырқаймын деп шарқ ұрдың

Желтоқсанда егеменді

Ел болсаң деп талпындың.

Айналайын, айналайын

Жас өркені халқымның,

Ерте айтылды, сондықтан да,

Келте айтылды бұл әнәң.

Оқушы: Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

«Еркек тоқты құрбандық»,

Атам десең, атыңдар!

  • Иә, бұл жазықсыз құрбан болған қазақ азаматы Қайраттың соңғы сөзі еді.

  • 1987 жылдың 1-қаңтары күні үйінде жаңа жылды тойлау үстінде тұтқындалған еді.

1-жүргізуші: Көрніс Қайраттың түрмедегі кезі.

Тергеуші: -Сен 18-і күні сағат 10-да қайда болдың?

Қайрат: Жолдастарыммен бірге болдым. Фурмонов көшесінде.

Тергеуші: -Жоқ!!! Сәтбаев пен Мир көшесінің қилысында Савицкийді соққыға жықтың, соның нәтижесінде қайтыс болды.

  • Сен кінәлісің оған!...

  • (Орнынан тұрып қолындағы сойылмен соғып жібереді. Қайрат құлап түседі де, жендеттер шығып кетеді де, жанындағы жігіт басын сүйейді.)

Жігіт: Иә, темір есік сықырлап ашылатын, Қайратты жауап алуға әкететін. Келгенде үсті-басында сау-тамтық жер болмайтын. Біраз жатып есін жиған соң..

Қайрат: Жоқ! Шындықтың жеңілуі мүмкін емес!

(Орнынан тұрып, ары-бері жүреді)

Сөйлесем даусым жетпейтін, Ақсауыт киген темірден.

Кез болдың мынау заманға. Алатаудай бабалар,

Шовинизм еді ғой, Аруағыңмен жебей көр.

Басты себеп жалғанға, Қорлай да беріп қайтадан,

Елбең-елбең жүгірген, Титыққа орыс жетпесін,

Ебелек отқа семірген, Туған жердің намысы,

Арғымақ мінген жаратып, Бөтен қолда кетпесін.

Абай туған жерінде,

Бомбасын атом жармасын.

Құлпы тасты қиратып,

Өлігіңді қазбасын... (деп отыра қалып,қағаз алып, асығыс жаза бастайды)

Екі жүзің қырылып, Қатарым жусап қалғанда,

Екі жүзің ұрылып,, Қыршынынан қиылып,

Екі жүзің сотталып, Солармен бірге өлсемші-ай!

Жоқтаусыз кетіп барасың. Артта қалған ата-анам,

Арулап мені көмсеші-ай»

Жігіт: -Иә, ол тірі болғанда ақын болар ма еді?

Қайрат:

Әкетай-ау пайғамбардай жасым бар,

Туа бермес сіз секілді асылдар,

Қартайғанда жүрегіңді жаралап,

Кесір болды-ау біз секілді масылдар.

Айналайын, ағалар мен жеңгелер,

Сіздерге бұл өмірде кім тең келер.

Сүмірейіп сот алдында отырған,

Бауырыңды енді кімдер есіркер.

Айналайын қарындасым,қарағым,

Қолда кісен мен айдауда барамын.

Қайғы жетіп, азап тартқан ағаңды,

Айтшы жаным, қандай жанға баладың?

Айналайын інішегім, құлыным,

Сені ойласам үзіледі жұлыным.

Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай,

Кетіп барам мен айдауда құлыным!

1-жүргізуші-- Бұл Қайраттың өлеңінен үзінді. Лүп-лүп соққан балаң жүректің, өмірге құштар ыстық жүректің соңғы үлпілі. Жан сыры. Соңғы үміті. Өкініш пен өтініш.

Тергеуші: Сен өзің Савицкийді өлтіргеніңді мойындайсың ба? Жоқ па?

Қайрат: Жоқ. Мен Савицкийді көргенім жоқ!

Тергеуші: Ақымақ!... Әкетіңдер, атыңдар. Көзін құртыңдар!

Қайрат:

Күнәдан таза басым бар, Алам десең алыңдар!

Жиырма бірде жасым бар. Қайрат деген атым бар,

Қасқалдақтай қаным бар, Қазақ деген затым бар,

Бозторғайдай жаным бар. «Еркек тоқты-құрбандық»

Атам десең, атыңдар!

(Қайратты сүйреп әкетеді»)

(«Қазақ елім» Б.Тілеуханов музыка ойнайды)

Ту мен елтаңбаны көтеріп екі оқушы шығады.

1-жүргізуші- Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіз республика болып жарияланды. Осы күнге жету үшін талай қиындықты бастан кешірдік.

2-жүргізуші 1992 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Жалауы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды.

Оқушы: 1993 жылы 28- қаңтарда- Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.

Оқушы:

Қатар шапқан қос тұлпар, Мұнда да бар ерлігім,

Ай астында қазақ үй. Мұнда да бар жер күші.

Қалықтаған жас сұңқар, Қара шаңырақ- ел күні,

Шарықтаған таза күй. Асқақтатып тұр мұны,

Бұл таңбасы елімнің, Елтаңбасы-елдігім,

Елдігімнің белгісі. Елдің тыныш бірлігі.

Оқушы:

Біздің ту Естілгендей біздің үн,

Айнымайды аспаннан. Сол ғарыштың астынан.

Біздің тудың бояуы, Туымызға жас туған,

Оны халық қашанда, Бір қарамай өтпейміз.

Биікке іліп қояды. Сол көк тудың астында,

Көк аспанда қызыл күн, Көгереміз, көктейміз.

Көк аспанда-жас қырын.

Оқушы: Тәуелсіздік

Тәубелі елдің ұраны.

Қиялды елдң қыраны.

Жат рухқа жалтақтатпас пендесін,

Жанарлардың шырағы.

Оқушы: Тәуелсіздік-

Айналайын құныңнан,

Түсе көрме тұғырдан

Отаныма мәңгілігің үшін де,

Садағаң болсын шыбын жан.

1-жүргізуші-

Әйнегі күн, шатыры аспан, Көлдері көкке күмістер шашқан,

Кең дала... Төсі толқыған егін. Қазақстан Республикам менің!

2-жүргізуші-

Айқаста жаудың алқымын сыққан,

Ажалға қимай намысты елін.

Төлеген, Мәншүк батырлар шыққан,

Қазақстан Республикам менің!

3-жүргізуші-

Абай туған, Сәкен туған,

Құрметте,достым қазақтың жерін.

Қамбаға жылда мол астық құйған,

Қазақстан Республикам менің!

Хор: «Қазақ елі»

Отан үшін от кешкен ер азаматтарымыз ерлігі ешқашанда ұмытылмайды, Ұмыт болмайды да! Ел басына қатер төне қалса , біздер Отанымызды қрғауға дайынбызІ

Слайдпен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерін

Ел басын, Астана т. б. көрнекті жерлерін көрсетіп өту.

1-жүргізуші-Құрметті ұстаздар, апайлар «Егеменді ел тарихы» атты кешімізді зейін қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.

Қорытынды:

Мұғалім: Міне, балалар, еліміздің басынан ұмытылмас талай оқиғалар өтті. Уақыт өтіп жатса да, жүректерде ұмытылмайтын мәңгі есімдер сақталады.Отан қорғаушы ерлер рухына тағзым етіп, құрмет көрсетіп, мақтаныш тұту біздің міндетіміз. Әрқашанда Отанымызды гүлдендіруге,көркейтуге, қорғауға әзірміз!

© 2010-2022