Эссе на тему Мұғалім - барлық мамандықтың анасы

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Эссе Мұғалім мамандығы- барлық мамандықтардың анасы

Өмірдегі көп мамандықтардың ішіндегі жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкірт жандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандықтың бірі - мұғалімдік мамандық. Себебі, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, шәкірттерімен бір қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырт тағдырына басшылықты мойнына алған маман.

Мұғалім алдынан бір-біріне ұқсамайтын, әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар мыңдаған шәкірт өтеді.Сондықтан мұғалімді әр баланың жан-дүниесін танып білуші, әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады.

Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат кеңістігіне шығуға, қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Нағыз Ұстаз атала білу, оны қадір тұту, арындай таза ұстау әр мұғалімінің парызы.

Ал соның ішінде тарих пәнінің мұғалімі - жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі жетекші мамандықтардың бірі,өзге пәндерге қарағанда адам баласының рухани болмысын түзейді. Ұлтты күшейтудің бірінші тетігі -тіл болса, екіншісі-тарих. Тарихи білім берудің барысында оқушылардың дүниетанымы мен көзқарастар жүйесін қалыптастыру тікелей кәсіптік міндет болғандықтан да тарихшы мұғалім мамандығына жоғары талаптар қойылады.Оқушылардың кез-келген әрекетті заңдылық деп қарамай, сын көзбен қарап, байыпты сын-пікір айта білуге, өткір де тура пікір айта алуға үйрету. Көпшілік алдында өз ойын қорғай білу сияқты қасиеттерді сабақтың өн бойында тәрбиелейміз.Кеңестік дәуірде де тарихшы мұғалімдердің мойнына артылған міндет көп болған ғой... Олар, атеист ретінде жұмыстар жүргізді, әр түрлі саяси тақырыптарда лектор болды, саяси шараларды ұйымдастыруға кеңесші- басшы, сайлауларда жүрді, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді тт. Қазірде де сол міндеттерді біздерден ешкім алып тастаған жоқ. Сондықтан тарихшы мұғалімдердің сабақтан өзге шығармашылық, қоғамдық жұмыстары да көп. Бұл бізден білімділікті,жан-жақтылықты, шеберлікті, толеранттылықты, саясаттан хабардар болуды талапетеді. Мен ұстаздар династиясынанмын деуге болады. Ұстаз жолы әрі қызық, әрі қиын деп, ата-анам айтқандай менің әкем де тарихшы, ал анам тіл маманы болды. Мен де әкемнің жолымен бұл мамандықты таңдаған едім. Бала кезімнен сол мамандықтың қыр- сырын ата-анаммен көріп өскендіктен, мен үшін бұл мамандықтың әлемі маған әрі қызық әрі тылсым болып келді. Олардың «не штатный» қызметкері болдық, яғни карточкаларын жасаймыз, плакаттарына суреттерін саламыз, дәптерлерін тексереміз дегендей.Міне, менің де осы мұғалім - тарихшы болуым солардан көріп, үйренгенім шығар.

Біздер, мұғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана адамаы емес, болашақты құрушылардың, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалімдердің мұратының қандай болатыны өзінен- өзі айқын.

«Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» дегендей ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі.

Жаһандану заманында ұлттың бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші-білім деңгейімен өлшенеді. Бұл өлшемінің кілті-ұстаз қолында. Өйткені ұстаз елдің ертеңі тезгінен ұстайтын ұрпақ тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу ұлы міндет - ол міндетті атқарушы ұстаз. Ұстаздардың негізгі мақсаты -сабақ. Ал сабақ скрпика тәрізді: онымен жай гаммаларды ойнауға немесе Паганинше саусақ үшін сымға жеңіл тигізіп, одан ғажайып үн шығаруына байланысты. әрбір сабағы ғажайып әуенге толы нағыз ұстаз болу кімнің болсада арманы.

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан

Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған

Шаршасада осы жолдың бойында

Қандай рахат, шын бақытын тапса адам. -деп М: Хакімжанова жырлағандай, бұл мамандық - мамандықтардың анасы, қызығы мен қиындығы қатар жүретін мамандық дер едім...


© 2010-2022