Разработка на тему: Қазақстан - өз елім

Раздел Воспитательная работа
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан - өз елім!

1- жүргізуші: Ассалаумағалейкум, халқым менің,

Ардақта дәстүріңді, салтыңды елім.

Мереке басы болсын берекенің,

Игі еңбек жемісінің бәрін жегін.

2- жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, ата- аналар, Тәуелсіз еліміздің ұрпақтары!

Бүгінгі «Қазақстан- өз елім!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

1- жүргізуші: Көкірегімнің үміті мен тілегі,

Күн боп түлеп, күн боп шығып күледі.

Күн астында көк төбелер түледі-

Менің елім, менің елім- гүл елі! -деп тәрбие сағатымызды бастамас бұрын «Отан» сөзінің мағынасын ашып алайықшы.

Отан сөзін естігенде ойымызға нелер оралады?

Отан десем ойыма: елім, туып өскен жерім, атамекенім, ауылым, ата- анам, кіндік қаным тамған жер оралады.

Бәрі: Отан бізде біреу- ақ. Ол- Қазақстан!

2- жүргізуші: Отан... Неткен керемет, шуақты ұғым! Осы бір сөз жаныңа жақын, жүрегіңе ыстық... Мына бір көрініске көз жіберіп қараңызшы... Аспанмен таласқан ұшар басы сұлудың сәукелісіндей әдемі, аппақ қармен көмкерілген, көкжиекке кеудесін тіреген асқар, алып шыңдар, сұлудың кірпігіндей кербез шыршалар, әсем әнімен жаныңды тебрететін самал жел менің туған жерім, алтын бесік Отаным. Осындай сұлу да көркем ерекше табиғаты бар кең өлкеде дүниеге келгеніме бақыттымын!

Ән: «Қазақстан таңы»

1- жүргізуші: «Туған ел» ұғымы- адам жанына жылылық ұялататын ыстық ұғым, қай кезеңде болмасын алыста жүрсе елін, туған жерін сағынбаған жан болмаған. Туған елге деген сүйіспеншілігін музыканттар көркем музыкасымен, суретшілер әсем бояуымен, ал ақындар жыр жолдарымен, өлеңмен өрнектеген.

Өлеңдер:

Отан

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған.

Бақытты боп жүргенім

Сенің арқаң ұлы Отан.

Елім менің -тірегім,

Құшағында гүл атам.

Шығысыңнан арайлы,

Күліп атқан құба таң,

Сенен бақыт тарайды

Баршамызға Ұлы Отан.

Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің сен, Отан.

Мәңгі соғып тұратын

Жүрегімсің сен, Отан!

Туған жер

Армысыңдар, туған жер , туғандарым,

Кезіп жердің тау- тасын, нулы орманын

Келіп тұрмын, келіп тұрмын, безгем жоқ өздеріңнен-

Мені алысқа сендерден қуды арманым.

О, туған жер

О, туған жер,

Кең пейіл, құшағың кең,

Саған көңіл бұлқынар құшағыңмен.

Сағынышымды қанат қып саған қарай

Балапандай талпынып ұшамын мен.

Туған жер -ай, күнім де, дінім де сен

Туған жер -ай, күнім де, дінім де сен,

Тағдыр сендей сүйесе, сүрінбес ем.

Керегі жоқ басқа атақ,

Басқа абырой,

Жетіп жатыр тек өзің ұлым десең

Атамекен

Сүйем сені туған ел атамекен.

Абзал анам сенсің ғой құшағың кең,

Жер мен көктің жаннаты бір өзіңсің,

Сенен артық не табам, қайда кетем.

Отан

Көп аузынан түспейтін

Отан деген немене?

Оның тұлға түс кейпін,

Досым білгің келе ме?

Отан - сенің ата- анаң,

Отан- досың, бауырың,

Отан-өлкең, астанаң,

Отан- аудан, ауылың.

Отан -тарих, Отан- тіл,

Жасаған елің, ел халқың,

Отан- өлең, Отан- жыр,

Көтерген көкке ел даңқың.

Туған жерде толамыз,

Ертең жігіт боламыз.

Отан ортақ үйіміз

Көңілді ән мен күйіміз

Қазақстаным- Отаным гүлдей жайнаған,

Төсінде оның тасқындап еңбек қайнаған.

Төскейі малға, астыққа толып қамбасы,

Еліміз дамып, жылжыды өрге арбасы.

Әнұран, Туы, Елтаңбасы бар азат ел!

2- жүргізуші: Құрметті ұстаздар, сіздер біздің сыныпты тек ақын, әнші сынып деп танымаңыздар. Біздің сынып бар өнерді бойына сіңірген сынып.

Мың бұралып билейді қыздарымыз,

Қолдары майысқанда таң қалмаңыз.

Қазақтың «Қара жорға» биін билейтұғын,

Сыныбымыз оқушыларын қарсы алыңыз!

1- жүргізуші: Біздің отанымыз жылдан- жылға , күннен- күнге өркендеп өсіп, кеңейіп, гүлденіп келеді. Біз өзіміздің көк байрағымызды мақтанышпен жоғары көтеріп, өз елтаңбамыз бен Әнұранымызды қастаерлей отырып күн сәулелі аспанымызды әрқашан Тәуелсіздік пен ерліктің үлгісі дала қыраны шарықтай берсін демекпіз.

Отанымыз туралы не білеміз?

Тәуелсіздік күні 1991 жыл 16 желтоқсан.

1992 жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны

қабылданды.

Қазақстан рәміздері-елдігімнің белгісі,

Білу керек балаға дейін ең кіші.

Әнұран, көгілдір ту, елтаңба,

Рәміздерді жатқа білсін әр кісі,

Әнұраным- жан ұраным,

Атар әнім сөйлер сөзім.

Туған жерім- сағынарым,

Жүрсем егер дүние кезіп.

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды.

Қыран құсым көк аспанда самғасын,

Желбіресін көк байрағың сан ғасыр.

Жас ұландар, берік ұста туыңды,

Жарқыратып туған елдің таңбасын.

Қазақстан-көк байрақты ел едің,

Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.

Өзің менің мақтанышым, тірегім,

Өзің менің қуанышым, бақытым.

Мемлекеттік тілі- қазақ тілі.

Елордасы- Астана қаласы.

Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Жер көлемі 2,7 млн шаршы шақырым.

Жер көлемі жөнінен дүние жүзінде 9- орын алады.

Елімізде 14 облыс бар.

Қазақстанның жер көлемі бойынша ең үлкен облысы -Қарағанды облысы.

Жер көлемі бойынша ең кіші облысы- Солтүстік Қазақстан облысы.

Қазақстанда халық саны 17 миллион.

Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас: Ресей, Түркменстан, Өзбекстан, Қырғыстан,

Қытай

1993жылы 15 қараша -«Ұлттық валюта» күні. Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. Оған атақты тұлғалар суреті басылып шықты. 2006жылы 15- қараша теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.

1995жылы 30 тамыз Қазақстан Республикасының «Ата Заңы» қабылданды.

Оқы да білім ал деген,

От бол да, мәңгі жан деген

Ата заңым менің.

Еңбек ет, еркін жүр деген,

Асыр сап ойнап- күл деген

Ата заңым менің.

1997жыл 11шілде Тіл туралы Заң қабылданды

1998жылы Қазақстан Республикасының астанасы бұрыңғы Ақмола қаласына көшті. Бұл күнде Астана еліміздің басты қаласына айналды.

Биыл біз Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын тойлаймыз.

Еліміз мұнайға, пайдалы қазбаларға өте бай. Жерімізде ынтымағы жарасқан қөптеген ұлт өкілдері тұрады. Олар: орыс, татар, өзбек, неміс, түрік тағы басқалары. Еліміз дамыған 50 елдер қатарына қосылуға талпынып жұмыстар атқаруда. Мен осы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының азаматы болғаныма мақтанамын!

Қазақстанның қазіргі уақытты ең басты назар аударып отырған негізгі жобаларының бірі- ЕXPO-2017 халықаралық көрмесінің Астанада өтуі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің Астанасында ұйымдастыру туралы мемлекет басшысы бастама көтерді.

ЕXPO көрмесі әлемдегі ең айтулы және беделді көрмелер алаңы болмақшы.

Қазақ хандығының 550 жылдығын тойладық

2- жүргізуші: Қасиетті көк туымызды, Елтаңбамызды, Әнұранымызды өз жанымыздай қастерлеу, оған зор құрметпен қарау, тұмардай сақтау- бәріміздің абыройлы міндетіміз.

Жүрегіңе нәр берер салған әні,

Сол әнімен көрінген таза жаны.

Әнімен әлдилеген баршамызды,

Шақырамыз ортаға Севинч әншімізді.

Ән: «Түркістан»

1- жүргізуші: Қазақстан- сен заңғар биіксін, кеңсін. Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын болаңбыз!

Отан туралы мақал- мәтелдер, ұлағатты сөздер.

Кісі елінде сұлтан болғанша өз еліңде ұлтан бол.

Елсіз ер бола ма?

Жұртсыз жігіт бола ма?

Ерлік елдің қасиеті

Жүректілік жігіттің қасиеті.

Елін сүйген жауынгер ер болады.

Туған жер- тұғырың,

Туған ел -қыдырың.

Бөтен жердің гүлінен,

Туған жердің тікені артық

Өз елімнің басы болмасам да,

Сайының тасы болайын.

Елінен безген оңбайды,

Көлінен безген қонбайды.

Ер елінде,

Гүл жерінде

Өз елінде көртышқан да батыр.

Туған жердің жауасы да тәтті.

Отан үшін күрес,

Ерге тиген үлес.

Орағың өткір болса,

Қарың талмайды,

Отаның берік болса,

Жауың алмайды.

Отансыз- адам,

Ормансыз- бұлбұл.

Бақа көлінде патша,

Балық суында патша,

Жігіт елінде патша.

Егілмеген жер жетім,

Елінен айрылған ер жетім.

Отан -қуат,

Отбасы- шуақ.

Отан отбасынан басталады.

Өз елің өзекке теппес.

Ел- жұртыңның қадірін

Іс түскенде білерсің.

Сары тонның қадірін,

Қыс түскенде білерсің.

Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен үркер күшім жоқ,- деп ер қайратыңа мін дағы, өрге бас

Мұхтар Әуезов

Ел үшін аянба- ерлігіңе сын, жұрт үшін аянба- жігіттігіңе сын.

Бауыржан Момышұлы

Өз Отанын жан тәнімен сүю- адамшылықтың асқар шыңы.

Белинский

Ту, Әнұран, елтаңба сияқты, мемлекеттік тіл де біздің символымыз, осындай символдардан отан басталады.

Нұрсұлтан Назарбаев

2- жүргізуші: Туған елім- гүл елім,

Қасиетіңді білемін.

Өзіңе деп жүремін-

Лүпілдеген жүрегім!

Би: «Хоразмча»

1- жүргізуші: «Ата қоныс жер қымбат, Туып- өскен ел қымбат», - демекші, балалар, елді, жерді сүюді, қадірлеуді өмірлік мақсат етейік.

Көрініс: «Туған жер»

2- жүргізуші: Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің сен Отан!

Мәңгі соғып түратын,

Жүрегімсің сен, Отан!

Би: «Сарыжайлау»

1- жүргізуші: Біз -Тәуелсіз қазақ елінің жас жеткіншектеріміз.

Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.

Құрметті ата- аналар, ұстаздар, оқушылар қымбат уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін көп- көп рахмет!


© 2010-2022