Разработка для воспитателей Спорттық жанұя

Раздел Воспитательная работа
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Көк жиек» ортаңғы тобы

Күні:______________

Тақырыбы:«Спорттық жанұя»

Мақсаты: Балалардың дене мүшелерінің сұлулығын қалыптастыру, қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту, оларды жылдамдыққа шапшандыққа, ептілікке, төзімділікке үйрету. Қимылды ойындарға деген қызығушылығын арттыру. Отбасымен балабақша арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

Қажетті құралдар: Кедергілер (кегли), шана, шаңғы.

Музыка ауенімен қатысушы ата-аналарды ортаға шақырылады.

Тәрбиеші: Құрметті балалар, ата-аналар, қонақтар. Бүгінгі «Спорттық жанұя» атты қысқы сауықтыру мерекесіне қош келдіңіздер!

Сау дене таза ақыл, адал көңіл

Үшеуімен бақытты болар өмір

Келу үшін бақшаға

Ашу үшін тәбетті

Құру үшін сен саулық

Керек жақсы денсаулық

Тәрбиеші: Барлықтарыңызға сәттілік тілеп, сайысқа қатысушы отбасыларды ортаға шақырамыз.

«Бүркіт» тобы (Мукашевтар жанұясы)

Ұраны: Ұшақтанда ұшқырмыз,

Жедел озған жүйрікпіз.

Келіп тұрған жарысқа

«Бүркіт» тобы боламыз.

«Тұлпар» тобы (Кабиевтар жанұясы)

Ұраны: Біз балдырған бақытты,

Әкеміз бен анамыз

Женілмейміз озамыз

«Тұлпар» тобы боламыз

«Барыс» тобы (Муханбеткалиевтар жанұясы)

Ұраны: Арыстандай айбатты

Жолбарыстай қайратты

«Барыс» тобы боламыз

Жарысамыс салмақты

Тәрбиеші: Енді әділқазылар алқасын таныстыра кетейік

1 Б/б директоры - М.У. Дуйсеналиева

2 Б/Б әдіскер - Н.Ж. Байгужина

3 Кәсіп одақ төрайымы - М.С. Идельбаевна

4 Аға тәрбиеші - А.Д. Каримова

Тәрбиеші: Сайыс кезеңі 4 бөлімнен тұрады:

1.бөлім - «Қар үстінде трактордын ізін салу» Әкелер трактордін ізін салады, қайтадан жүгіріп келіп анасының алақанына үрғаннан кейін, кезекті анасына жолдайды, сол ізбен анасы жүріп қайтады келесі кезек балаларға беріледі. (отбасының ептілік, жылдамдықтары байқалады.

2.бөлім - Шаңғымен отағасы мәреге жетіп қайта оралады. (Ептілікке, жылдамдыққа назар аудару.)

3.бөлім - Отбасылық-қиялдан құралған мүсін (қардан әкесі,анасы,баласы бірлесе мүсін жасап шығарулары керек.

4.бөлім - Әкесімен анасы баласын шанамен сүйреп мәреге жету.

Флеш моб (ән әуенімен)

5.Қорытынды.

Әділ қазылар алқасы бірігіп бағалаулары бойынша марапаттау.

1.Жүйрік отбасы.

2.Батыл отбасы.

3.Епті отбасы.

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар бүгінігі қыс мезгіліне байланысты ұйымдастырылыған «Спорттық жанұя» атты іс-шараға қатысқан ата-аналарымызға жақасы қарым-қатынаста болғандарынызға және белсене қатысқандарыңыз үшін сіздерге және жанұяларыңызға алғыс білдіреміз.



© 2010-2022