Тақырыбы: «Бақыт гүлін терген күн!» атты Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған сынып сағаты

Раздел Воспитательная работа
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Бақыт гүлін терген күн!» атты Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған сынып сағаты.

Мақсаты: 1.Ұлы Отан соғысы , оның зардаптары, Ұлы жеңістің

мән-маңызы туралы мағлұмат беру.

2. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі таңдағы арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін

үлгі ете отырып , оларды құрметтеуге тәрбиелеу;

.3. Тіл байлықтарын, мәнерлеп оқу дағдыларын ұштау.

Көрнекіліктер: плакатка жазылған нақыл сөздер, батырлардың

суреттері, буклеттер,

Мұғалім:- Құрметті оқушылар , мұғалімдер !

Әрқайсысымыз үшін жақын да қымбат мереке 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңіс күні.

Жеңіске жету жолында Қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан Жеңіс күні әрқайсысымыздың жүрегімізге жақын.

Өкінішке орай , уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің қатарларымыздан алып кетіп жатыр. Олар азайған үстіне азайып барады. Бірақ ешкім де, ештеңе ұмытпауы тиіс! Себебі , бұл - біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз!- дей отыра «Бақыт гүлін терген күн! атты Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған сынып сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Көрініс: «21 июнь 1941 жыл

Рауана:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва!1941 жылы 22 маусым фашистік Германия тұтқиылдан соғыс жариялап, елімізге басып кірді.»
Ақнұр: «Соғыс, соғыс дейді, естідіңдер ме? Сұмдық-ай енді қайттық? Күніміз не болар екен?»
Альбина: «Қойыңдар жамандық шақырмай. Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес пе?»

Аян::
Ат басына күн туса,
Ауыздықпен су ішер
Ер басына күн туса, етігімен су кешер - деген бар емес пе, жыламаңдар, жастарыңды тиыңдар?


Бәрі: Отан үшін аттанайық!

Мұғалім:
1941 жылы маусымның 22 - сінде Гитлерлік Германия Отанымызға соғыс жарияламастан опасыздықпен шабуыл жасады.

Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды.

Бақтияр:

Бұлт торлады аспанды,
Қара жер қанға ластанды.
Зеңбірек атып жан-жақтан,
Осылай соғыс басталды.

Наргиз:

Соғыс жалмап аға - іні бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы.

Ақтоты:

Соғыс деген - аққан соры ақсүйектің, құлдың да,
Соғыс деген - төккен ары ұлдың және қыздың да.
Соғыс деген - Сотқарлардың қолындағы найзасы,
Соғыс деген - соғыс деген - зұлымдықтың айнасы.

Ән «Сарбаздар»

Мұғалім:

-Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айрылды, бала әкесінен айрылды. Бірақ үміт оты, еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте берді, күте берді.

Алмира:

Ойлап-ойлап тұрдым көп

Сұрақ қойдым білгім кеп:

-Қуанышты мереке-

Жеңіс күні қай күн деп?

Атамнан да сұрадым,

Әкемнен де сұрадым,

Ағамнан да сұрадым,

Тосты бәрі құлағын:

-Дұрыс, -десті сұрағың.-

Бейбіт күннің бәрі де

Жеңіс күні, шырағым!
Мерей::
Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді қалама,
Жеңіс келді әке боп
Елдегі көп балаға.

К.Ақнұр:

Жеңіс келді ән болып,
Келді ауылға сән көрік
Жеңіс келді алақай,
Ұмытылмас мәңгілік.

Мөлдір:

Арылтып жерден жауыңды,

Табанға жаншып өлімді

Жеңіске желпіп өмірді

Десеңдер бұл қай күні?

Бәрі:- 9 - май күні

Дәулетхан

Кептерлер қалқып көкте ойнап

Қызыл ту шалқып, көк байлап

Мәре-сәре, мәз-мәйрам

Отанымыз той тойлап

Десеңдер бұл қай күні

Бәрі:- 9 - май күні

Мұғалім:

-Ия, бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысып , ерлік көрсеткен батыр ағаларымыз бен апаларымыз кімдер еді?

-Қасым Қайсенов, Нұркен Әбдіров, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова.

Мұғалім:

- Дұрыс айтасыңдар, балалар есіміздегі аңызға айналған ағаларымызды, әкелерімізді, аналарымызды, тарих бетінде «Батыр» деп жазып кетті. Батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкімде, ешқашан ұмытпақ емес.Олар еліміздің бақыты үшін, ерлікпен қаза тапқан. Кіндік кескен жері, аялап әлпештеп өсірген елі үшін, жанған отқа түсіп жалын кешкен ер-азаматтар әр уақытта естен шықпайды. Бүгін сол жауынгерлер рухына бас иіп, еске алайық (1 минут үнсіздік)

Гүлназ:

Сонау жылы жер көкті

Соғыс бұлты торлаған.

Сонда Мәншүк апамыз

Жаудан елді қорғаған

Мадияр:

Айтамыз біз өлең ғып,

Айтамыз біз жыр етіп.

Әлия апай ерлігі

Ұмытылмас мәңгілік.

Ән «Ел қорғауға әзірміз»

Көрініс: «Отан үшін отқа түс».

(шағын бөлмеде қабырғадағы картаға мұқият қарап, генерал тұрады).

Нұрсұлтан:

Генерал: Қап! Мына фашист иттің тікендей қадалып тұрғанын қарашы! Соқыр ішектей созылып тұрғанын лағалеттің. (осы кезде Бауыржан кіреді)

Әліби:

Бауыржан: Бұйрығыңыз бойынша келіп тұрмын жолдас генерал!

Нұрсұлтан:

Генерал: Ах, соғыс, соғыс! Майдан, қырғын арпалыс, қылшылдаған аяз, қасарысқан дұшпан. Осының барлығына шыдау керек.

Әліби:

Бауыржан: Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тік тұрып өлген артық емес пе?! Шыдаймыз, жеңеміз жауды!

Нұрсұлтан:

Генерал: Капитан Момышұлы, сізге батальоныңызбен бірге Москва түбін жаудан азат етуді бұйырамын.

Әліби:

Бауыржан: Құп болады жолдас генерал.

Альбина:

Кетпес олар естен мәңгі,

Кектері тұр кеудемізде,-

Ерлік даңқы - жеңіс таңы

Жарқыратып келді бізге.

Мұғалім:

1945 жылдың 9 мамыры. Герман фашизмінің күйрей жеңілген күні. Жеңіс! Ұлы Жеңіс!

Дария: Сүйінші , халқым сүйінші,

Сүйіншіге - сүйінші!

Шаттан ата-анамыз!

Шаттан ата-бабамыз!

Ән «Батыр бала болатбек»

Мұғалім:

Жеңістің туы жалтылдап,

Жығылмай мәңгі тұрады

Сол тумен өскен аршындап,

Ерлердің бізбіз ұланы!

Құрметті көрермендер бүгінгі Ұлы Жеңіс күніне арналған сынып сағатымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер.

Келіп тамашалағандарыңызға көптен - көп рахмет


© 2010-2022