Тәрбие шарасының жоспары. Ана өмірдің шырағы

Раздел Воспитательная работа
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:Ана өмірдің шырағы.

Мақсаты: Әр адам үшін басты тұлға - Ана туралы түсіндіру.
Балалардың тілдерін, ойлау қабілетін дамыту.
Аналарын сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Шарлар, қанатты сөздер, плакат, техникалық құрал.

Қымбатты асыл аналар,оқушы қыздар! Сіздерді көктем айының ең алғашқы мейрамы 8 - наурыз мерекесімен құттықтаймыз.

Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар деп,-бүгінгі 2 а сынып оқушыларының сіздерге арнап дайынған әдеби сазды кешімізге қош келдіңіздер. Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нүрынан, ананың ақ сүтінен жаралған.Сондықтан құрметті асыл аналар бүгінгі шарамыз сіздерге арналады.

Ендеше ортаға оқушылардың аналарына арнаған өлең жолдарын қабыл алыңыздар.

Ортаға Гүлім,Саламатты,Заринаны шақырамыз.

Зарина:

Бал бөбегін баптаған,
Анам үшін мақтанам.
Аялайтын біздерді,
Көп жасасын ақ мамам!
Әр сөзіңді жаттағам,
Жүрегімде сақтағам.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам!

Гүлім:

Сыйлайыншы гүлімді

Теріп алған даладан

Мейрамыңыз бүгінгі

Құтты болсын анажан

Қадірлі анашым,

Аялар баласын.

Төрт бөлген ұйқысын,

Жас сәби бала үшін.

Саламат:

Теңдесі жоқ данасың,

Арқа тұтар панасың,

Еңбегіңді ақтаған,

Аман болшы, анашым.

Айтсаң болды тіл алам,

Әйбат анам, пәк анам,

Сен керексің қайда да,

Айналайын ақ анам.

Рахмет оқушылар.

Ана-болашақтың демеушісі,ұлттың жебеушісі,балалардың бақыты АНА дейді оқушылар солайма,біз әр кез аналарымызды нестеп журуіміз керек?

Дұрыс айтасындар оқушылар аналарынды сыйлап,құрметтеп,көмектесіп жүруіміз керек.

Табаны жерге тимейді

Біздің балалар ғажап билейді,

Би сұлулық ,әсемдік

Сымбаттылық бұл дейді - ендігі кезекті биге берейік.

Ендеше ортаға Абдрахим мен Бекзаттың орындауындағы аспазшы биін қарсы алыңыздар.

Рахмет оқушылар.

Ендігі кезекті үй тапсырмасына беріледі.Оқушыларымыз Ана туралы шыгармаларын оқиды.

Ортаға Альбина,Гүлім, Бекзатты шақырамыз.

Аяулысың, аналарым,асылдарым,
Жайнасын көңілдердің жасылбағы.
Сіздер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сіздер үшін мереке шашулары,- дей келе сіздерге балдарымыз ешкашан жалқау болмасын,аналарының айтқаның әр кез орындап,сіздерді тек қуантып жүрсін деген оймен Жалқаубек әнін оқушыларымыздың орындауында қарсы алыңыздар.

Оқушылар Жалқау,еріншек боламызба?Анамыздың тілін аламызба?

Жарайды ендеше ортаға Әсел,Анипа,Бекзат,Абдрахимді шақырамыз.Аналарына өлең жолдарын арнайды.

Рахмет оқушылар, ендігі кезекте оқушылар аналарына алғыс жариялайды..

Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік көзі. Өмір бесігін тербетіп, адамзат

баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік болады. Осы аналарына арнаған Зарина мен Бекзаттың орындауындағы барбарики биін қарсы алыңыздар.

Рахмет көп-көп оқушылар.

Енді келесі кезекті Өркен,Диана,Альбинаға береміз аналарына деген ризашылығын өлең жолдарымен арнайды.

Мама - бұл сөз әр бір халықтың тілінде бар. Барлық тілде мейрімді, жылы естіледі. Ана дегеніміз әлемнің жан дүниесі. Ол тіршілік үлкен тағдыр. Ана сөзі бізді елең еткізбей жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды.

Хор:

Ендігі кезекте аналарымызға арнаған Гүл сыйлайық әйелге атты бейнеролигімізді ұсынамыз.

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осымен концертіміз аяқталды.




© 2010-2022