План урока по воспитательному работу на тему «Жібек жолының жаңа жылдық ертегісі»

Раздел Воспитательная работа
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жібек жолының жаңа жылдық ертегісі»

Мұғалім:Құрметті ата - аналар, ұстаздар, балалар! Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын! Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт - береке алып келсін! Біз сіздерді Жаңа 2016 маймыл жылымен құттықтаймыз. Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз.
2-«Г» сынып және 2-«Б » сынып оқушыларының дайындаған «Жібек жолының жаңа жылдық ертегісі» атты мерекемізге қош келдіңіздер!

Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдық бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар,
Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр

Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті
Уа, халайық той бүгін
Бақыт, шаттық мол бүгін
Қарсы алайық Маймыл жылын
Ұзатып сап Қой жылын.-дей келе ортаға жүргізушыларды шақырсақ

Жаңа жылдық әуен ойнап тұрады.

Екі жүргізуші ортаға шығады.

І жүргізуші: Ассалаумағалайкум! Құрметті қонақтар!Армысыздар, ардақты ұстаздар, оқушылар! Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышы - Жаңа жылы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешіміздің алғашқы сөз кезегін бастауыш сыныптар бойынша мектеп директорының орынбасары Сатилдиева Шоира апайға береміз.

І жүргізуші: Рахмет сіздіңде отбасыңызға тыныштық,табысыңызға жеміс тілейміз.

ІІ жүргізуші: Ассалому алейкум азиз онахонлар,қадрли устозлар,жажжи болажонлар.Мана 2015йил ҳам тугаб 2016 йил ҳам кириб келмоқда.Ҳаммангизни кириб келаётган 2016 йил билан муборакбод этамиз.

І жүргізуші: Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз. Біздің достарымыз Аяз атаны көптен күтіп жүр. Достар, ендеше бәріміз бір ауыздан Аяз ата мен Ақша қарды шақырып алайық. Қалай қарайсыздар?!

Хормен:Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!

Біз бәлкім шын көңілмен шақырмай жатқан болармыз! Кәне, достар, не тұрыс, шын ниетпен, бар күшімізбен Аяз атаны шақырайық! Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!

І жүргізуші: Қуаныңдар ағайын, тамсаныңдар!
Сүйіншімен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
(осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді).
І жүргізуші: Армысыз Ата! Армысыз Ақшақар!

ІІ жүргізуші: 2-«Б» синф томонидан тайёрланган шеърларга берсак.

Акром,Барчиной,Жасмина,Диербек,Мадина Р,Руфия

І жүргізуші:

Жаңа жыл - жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Маймыл жылы кеп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бірімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық!-дей келе ендегі кезекті 2-«Г» сынып оқушылары орындауындағы « » атты әнге берсек.

ІІ жүргізуші:

2-«Б» синф қизлари томонидан тайёрлаган рақсга берсак.

І жүргізуші: Білесің бе, осы Жаңа жыл әлемдегі ең көп, әрі ең керемет тойланатын мереке екен.Бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар атылып, жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді екен!Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып ендігі кезекті 2-«Г» сынып оқушылары орындауындағы өлеңдерге берсек.

Мадина

Жаңа жылда жаңа белден асамыз,
Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз.
Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен,
Жаңа жылда тағы да алға басамыз.
Бехруз

Жаңа жылға арналады жаңа жыр,
Жаңа жылда шақырады бар өмір,
Бақыт болып, жаңа жылым келді ғой,
Құтты болсын, құтты болсын жаңа жыл!

Нозила

Жаңа жыл мерекесі құтты болсын,
Әрқашан мерекелік көңіл болсын.
Кеудеміз күмбірлеген жырға толып,
Қане, достар, күлкімен орта толсын.

Ихтиерхон

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

Жасмина

Ей, жаңа жыл, жаңа бақыт ырысым.
Жақсылықт ың жаршысы да нұрысын.
Адамдардың асқақтаған арманы,
Ақындардың таусылмайтын жырысың

ІІ жүргізуші:

2-«Б» синф томонидан тайёрлаган шеърларга берсак.

Қизиқарли ўйин.

І жүргізуші: Жаңа жыл - қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.
Әдемі тілектерге қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып- дей келе ендегі кезекті 2-«Г» сынып оқушылары орындауындағы « » атты әнге берсек.

ІІ жүргізуші: 2-«Б» синф томонидан тайёрлаган рақс Азадова Барчинойга

Барчинойга берсак.

І жүргізуші: Хоразм лазгиси

ІІ жүргізуші:

2-«Б» синф томонидан тайёрлаган шеърларга берсак.

І жүргізуші:

Көрініс ( Зумрад ва Қиммат)

ІІ жүргізуші:

2-«Б» синф томонидан тайёрлаган берсак.

І жүргізуші:

Өлеңдер

Лайло

Кел, төрлет, Жаңа жылым. Құтты жылым.
Өзіңді бүкіл елім күтті бүгін.
Қарсы алдық сені еңселі еңбекпенен,
Жарқырап әне алдымнан шықты күнім.

Жасур

Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын

Умида

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды

Билолбек

Феруза

Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр.
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып береке бер халқымызға
Мерейін мәртебесін биікке асыр

І жүргізуші: Міне, Қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді. Достық, бірлік бәріне де жеңеді. Аспанымыз бұлт торламасын, аспанымыздағы күніміз сөнбесін!


Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл
Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым!...

ІІ жүргізуші:

І жүргізуші: Құрметті қонақтар, біздің «Жібек жолының жаңа жылдық ертегісі» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет.

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен ашық тәрбие сағатымыз аяқталды





© 2010-2022