Жоғары сынып оқушыларына арналған сыныптан тыс шара

Раздел Воспитательная работа
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бозбала мен Бойжеткен» сайысы

(сыныптан тыс танымдық шара)


Ұйымдастырушылар: «Сұлтан» ұлдар клубы және «Сымбат» қыздар клубы.

Мақсаты: Жас ұрпағымыздың қазақ ұлтына тән имандылық, ибалық, кішіпейілдік қасиеттерін жоғалтпауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіруге, әдептілікке,сыйлай білуге, әсемдікке, өнерлі болуға тәрбиелеу.

Тәрбиелілігі: мектеп жасындағы жас жеткіншектерді халықтық педагогика бағытында тәрбиелей отырып, ұлттық сананы, халықтық қадір-қасиетімізді ерекше сезінуге баулу, ұлттық құндылықттарымыз - мәдени мұраларымызды есте ұстау, оларды ардақтап, қастерлей білу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар, шар, гүл.

«Жігітті тәрбиелеген - әскерді тәрбиелейді. Қызды тәрбиелеген - ұлтты тәрбиелейді»

«Жақсы болса ұл балаң, қайрап қойған қылышың,

Жақсы болса қыз балаң, жайлы қоныс, тынысың». (Құлтума)

Жүргізуші: Арыстанов Асқар Базарбайұлы, «Сұлтан» клубының жетекшісі.

Б а р ы с ы


Кіріспе сөз!

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біздің мектебімізде 9 және 10 сыныптың ұл балалары мен қыз балалары арасындағы «Бозбала мен Бойжеткен» сайысы өткелі тұр. Бұл сайыс топтық сайыс түрінде өтетін болады. Бұған дейін де осындай сайыс осыдан екі-үш жыл бұрын өткен болатын. Алдағы уақытта бұл сайыс дәстүрлі өтіп тұратын болады. Байқаудың шарттарымен бәріңіз де таныссыздар деп ойлаймын. Бұл байқауды өткізудегі мақсатымыз мектебіміздің ұл-қыздары арасындағы қарым-қатынас қандай? Олар бір-бірімен достық, бірлік, жолдастық қарым-қатынас жасай біле ме, бір-бірін сыйлай біле ме? Әрі олардың ақылдылығын, алғырлығын, білгіштігін, тапқырлығын, достықтарын бір байқап көру әрі соған тәрбиелеу. Сайыс шарттары негізінен ұлтымыздың ұлдар мен қыздар тәрбиесінің ерекшеліктеріне, әдет-ғұрпымызға, салт-дәстүрімізге байланысты болып келеді және осы бағытта өрбитін болады.

(Ән орындалады)

Жүргізуші:Армысыздар ағайын,құрбы-құрдас!

Бармысыздар, жан күйер әз қауымдас!

Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық,

Сайыста көңілменен қол соғайық!

Біздерге ойын-сауық басталады,

Тамаша күй тартылып, ән салады.

Қошеметтеп, қол соғып отыралық,

Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды.

Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,

Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз.

Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе-тең ғып,

Еріксіз өзімізге қаратамыз, - дей отыра

ортаға қатысушыларды шақырайық.. Музыка ойналып, ортаға қатысушылар шығады.

Жүргізуші: Көп сөйлеп жөн-жобадан аспайық біз,

Қандай сайыс болса-дағы қашпайық біз.

Ал, енді, сіздер рұхсат етсеңіздер,

Сайысын «Бозбала мен Бойжеткен» бастайық біз.

Жүргізуші: Алдымен сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейік.

Ітур.Таныстыру - мұнда әр топ өздерін өлеңмен немес қарасөзбен қарсылас командаға және көрермендерге таныстыру шарт.

ІІ тур. «Өнерлі өрге жүзер» деп аталады.Бұл турда әр топ өз өнерлерін көрсетуі керек.

(ән айту,би билеу, т.б.өнерлерін көрсету.)

ІІІ тур.Сұрақ-жауап сайысы- мұнда екі топқа ортақ арнайы дайындалған сұрақтар беріледі, сол сұрақтарға шапшаң әрі дұрыс жауап бере білу шарт.

ІV тур. Әзіл-сықақ сайысы - мұнда әр топ бозбалалар мен бойжеткендер туралы, олардың арасындағы қарым-қатынасқа байланысты езу тарттырар жағдайларды көрініс түрінде беруі тиіс.

V тур.Мақал-мәтел сайысы - мұнда сайысқа қатысушылар кезекпен мақал-мәтелдер айтып жарысады, қай топ ең көп мақал айтса сол топ жеңгені. Бұл жерде мақалдарды айтқанда әр сайысушы жақ өздерінің артықшылықтары мен қарсыластарының кемшіліктерін көрсететін мақалдарды айтуы шарт. Мысалға: ұлдарға «Қызға қырық үйден тыйым», «Ер мұрынды келер», ал, қыздарға «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі», «Ер туған жеріне, ит тойған жеріне» деген секілді.

Жүргізуші: Сайыстың шарты түсінікті болса, бүгінгі сайысымызға төрелік жасайтын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:

_______________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________

Ал енді, командалар дайын болса, сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып,

сайысымызды бастайық.

Жүргізуші: Адам, ғалам ғажайып жеке дара,

Жан құмарын ізденген мәңгі сана

Өзіңді-өзің танысаң істің басы,

Түзеген өз ғаламын болған дана.

Жөн сұрасып отырады жүрген жерде,

Бабамыздың салты ғой ол бұл күнде.

Бойжеткен мен бозбалалар алға шығып,

Өздерін таныстырар осы жерде -

Сайысымыздың І туры «Таныстыру». ( Әр топ өздерін таныстырады).

Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар әнді сүйсең менше сүй»

Ерке өсіп, ен жайлаған ұл мен қыз,

Асыға сәлем жолдап жүректен біз.

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп келіп тұрмыз, - деп

ІІ тур - Өнер сайысында сайыскер ұлдарымыз бен қыздарымызды ортаға шығып өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз.

Жүргізуші: Қазақтың небір салт-дәстүрі бар,

Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.

Жауаптарын таба ма екен жастарымыз,

Сол себептен қоятын сұрақтар бар деп сұрақ-жауап байқауына да келіп жеттік.

ІІІ тур. Сұрақ-жауап.

Сұрақтар екі командаға бірдей беріледі. Мұқият тыңдаңыздар. Дайынбыз ба, онда бастайық.


  1. Қарабай Сарыбаймен аңға шықты деп басталатын жырдың кейіпкерлері кімдер?

(Қозы Көрпеш - Баян сұлу)

  1. Жігітке неше өнер де аз ? (жігітке жеті өнер де аз)

  2. Руы оның жағалбайлы, жылқысының көптігінен баға алмайды.

Өлгені оның рас болса, Құдайым мені неге бірге алмайды,- деп кімнің өлімін жоқтап отыр?

(Қыз Жібектің Төлегенді жоқтауы).

  1. Абайдың ғашығы болған қыз ? (Тоғжан)

  2. Баланы үйлендіруге қатысты әдет-ғұрыптардың реті мынадай болатын: құда түсуге алдын ала келісу, ата-ананың құда түсуі, күйеудің қалыңдыққа ұрын баруы, келін түсіру тойы, неке қию рәсімі. Сонымен қатар, құдалық рәсімінің соңында осы рәсімнің орындалғанын көрсететін бір салт-дәстүр бар. Ол қандай салт-дәстүр?

(Ұзатылатын қыздың әкесі құда түсіп келген құдаларға құйрық-бауыр жегізуі)

6. Жар-жар қай кезде айтылады? (қыз ұзатылу, үйлену тойында)

  1. Қызға қанша жерден тыйым ? (қырық)

  2. Қазақ жастары бұрынғы уақытта көңіл көтеру үшін ауыл шетіне ненің басына жиналған ? (Алтыбақан)

  3. «Еңлік-Кебек» оқиғасы қай өңірде орын алған ? (Семей өңірінде)

  4. Бір тоғыз, үш тоғыз, қырық жеті деген атаулардың неге байланысты айтылғанын айтып бере

аласыз ба? (қыздың қалың малына қатысты)

11. «Қыз Жібек» жыры желісімен түсірілген әйгілі кинофильм авторы кім? (Сұлтан Қожықов)

12. Ақан серінің атақты Құлагерін бәрі жақсы біледі. Ал Ш.Мұртазаның Т.Рұсқұлов жөніндегі

романына атау болған сол кездің тағы бір жүйрігін кім біледі? (Қызыл Жебе)

13. «Абай жолында» Абайдың інісі Шәкәрім Құдайбердіұлы қандай атпен берілген? (Шұбар)

14. Жайықтың бұқар бетін жайлаған қазақтың белгілі шешені, батыры, орыс патшалығында болған

үлкен бір шаруалар күресіне белсене араласқан біздің атақты жерлесіміз кім? (Сырым Датов)

15. Алтыбақан ойын-сауықтан бөлек басқа қандай мақсатта пайдаланылған? (киіз үй құруға)

16. Сыңсу мазмұнын кім ашып бере алады, ол қай кезде айтылады? (қыз ұзатылу кезінде)

17. Ұлтан құл қай батырлар жырының кейіпкері? (Алпамыс)

18. Үш арсызды білесің бе? (Ұйқы, күлкі, тамақ)

19. Қазақ баспанасының негізгі үш сүйегін ата. (шаңырақ, уық, кереге)

20. Қазақ асау үйретіп, жүйрік тұлпар баптаумен қатар аңшылықпен де айналысқаны белгілі. Тазы

ұстап, аң ауласа, жабайы құстарды да қолға үйретіп, түрлі аңға, соның ішінде, жыртқыш аңдарға

салған. Ал сол құсты баптайтын адамдарды қалай атаған? (құсбегі)

21. Бір нұсқасын Пушкин жазып алған әйгілі қазақ эпосы? (Қозы Көрпеш- Баян сұлу).

22. Қазақтан шыққан тұңғыш генерал Жәңгір ханның ұлы Ғұбайдолла Жәңгіров екені белгілі. Оның генерал мундирі мен әскери қаруы бүгінде Болгарияның Плевне қаласындағы тарихи мұражайда сақтаулы тұр. Ал, кеңестік кезеңде тұңғыш қазақ генералы атанған кім еді, ол да біздің облысымыздан шыққанын мақтан етуге болады? (Шәкір Жексенбаев, Бөкейордасы ауданы, Ұялы ауылындағы Искра орта мектебіне 1994 жылы оның аты берілген)

23. Қазақ хандары хандықтың негізін салушы Керей мен Жәнібектен тарайтынын білеміз. Ал, олар Шыңғысханның қай баласынан тараған ұрпағы болып келеді.

(Шыңғысханның үлкен ұлы Жошының ұрпақтары)

24. Кенесары ханның сенімді серігі болған батыр. Екеуіне арналған дастан бар. (Наурызбай)

25. «Бойы бұлғаң» кімнің өлеңі? (Абай)

26. Қазақ халқының жақсы бір әдет-ғұрпы басқа жақтан жаңадан көшіп келгендерді оның туған-туыстары немесе көршілері арнайы дастарқанға шақырып, қонақасы беретін болған. Бұл арқылы көшіп келген туыстарына немесе көршілеріне деген ыстық ықыласы мен ізгі ниетін білдірген. Бұл қандай әдет-ғұрып? (ерулік беру).

  1. Халық есінде ғашықтар мұнарасы, махаббат белгісі ретінде жатталып қалған

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» кесенесі қай жерде орналасқан? (Шығ.Қаз.обл.Аякөз өзені бойында)

28. Қазақтың үшінші ғарышкері кім? (Айдын Айымбетов)

29. М.Әуезовтың «Қараш-қараш оқиғасына» кімнің өмірі арқау болған?

(Көрнекті қоғам қайраткері Т.Рұсқұловтың әкесі Рұсқұлдың өмірі. Бұл туралы Шерхан Мұртаза өз романында егжей-тегжейлі баяндаған)

30. Сенбе жұртқа тұра да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап,

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар

Ақылың мен еңбегің екі жақтап. Бұл кімнің өлеңі? (Абай )

Осымен сұрақ-жауап сайысы аяқталды.

Жүргізуші: Өнерлінің өнерін,

Тағы да байқап көрейік.

Жүйрік аттай желейік,

Әзілге кезек берейік.

ІV тур. Әзіл-сықақ . Екі топ өздерінің дайындаған әзіл көріністерін немесе скетчтерін көрермендер

назарына ұсынсын.

4 тур қорытындысы бойынша үздік шыққан екі топты І ұлдар және І қыздар тобын, соңғы финалдық кезеңге шығатын топтарды әділқазылар алқасы атасын.

Жүргізуші: V тур. Мақал-мәтел сайысы.

Мұнда сайысқа қатысушылар кезекпен мақал-мәтелдер айтып жарысады, қай топ ең көп мақал айтса сол топ жеңгені.Бұл жерде мақалдарды айтқанда әр сайысушы жақ өз жынысының артықшылықтары мен қарсыластарының кемшіліктерін көрсететін мақалдарды айтуы шарт. Мысалға: ұлдарға «Ер мұрынды келер», «Қызға қырық үйден тиым», Қыздарға: «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі», «Ер туған жеріне, ит тойған жеріне» деген секілді мақалдарды айтуға болады.

Жүргізуші: Біздің «Бозбала мен Бойжеткен» атты ұлттық салт-дәстүрімізді ұлықтауға арналған танмдық сайысымыздың барлық сындары аяқталды. Қазылар алқасы осы барлық турдың бағасын есептеп болғанша кезекті музыкалық үзіліске берейік.

(ән орындалады)


Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімеген,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын деп, -

сайысымызды қорытындылап, марапаттау үшін ортаға әділқазылар алқасын шақырайық.


(Марапаттау үшін әділқазылар алқасына сөз беріледі.)





С О Ң Ы .









© 2010-2022