Тәрбие сағаты Салауатты өмір-көтеріңкі көңіл

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты Салауатты өмір-көтеріңкі көңілТәрбие сағаты Салауатты өмір-көтеріңкі көңілТәрбие сағаты Салауатты өмір-көтеріңкі көңілТәрбие сағаты Салауатты өмір-көтеріңкі көңілТақырыбы: Салауатты өмір - көтеріңкі көңіл.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларымыздың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, адам денсаулығының қымбаттылығын жат қылықтардан сақтай отырып, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін оқушыларға ұғындыру. Жаман әдеттерден сақтандыру, ішімдік пен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау.
Дамытушылық: Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауын, шығармашылық қабілеттерін , сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелік: Өзін - өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдемілікке, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар, постерлар, тақырыптың мазмұнын ашатын суреттер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: 2-3мин. Оқушыларды стикердің түстері арқылы топқа бөлемін. І топ «Денсаулық» ( қызыл түс), ІІ топ « Шаттық»( сары түс), ІІІ топ « Болашақ»( жасыл).
Кіріспе сөз.2 мин.
Машықкер: Бүгінгі сабағымызды Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сәби әр отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі».
Құрметті оқушылар «Салауатты өмір - көтеріңкі көңіл» деген тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.( Сабағымыз топтық жұмыс арқылы өтеді). Бүгінгі тәрбие сағатымыздың жоспарымен таныстыра кетсем:

1.Салауатты өмір салты дегеніміз не? (Осы сұрақ төңірегінде ойланып әр топ өз жауаптарын постерге жазып не суретін салып қорғайды) (3 мин ойланып жауап жазады, 6 мин қорғайды)

Машықкер: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан -2030 стратегиялық даму бағдарламасында « Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты , хал- ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсетіп,салауатты өмір сүру оны насихаттау мәселесін басты мақсат етіп қойған.

2.Жат қылықтар , зиянды әрекеттер дегеніміз не? ( Арақ, темекі, есірткі)

Машықкер : Арақ, темекі қазіргі таңда ғасыр дертіне айналып отыр. Олай болса І топ. Темекінің зияны, ІІ топ . Арақтың зияны, ІІІ топ. Есірткінің зияны туралы білетіндеріңді алдарыңдағы постерге жазып қорғасаңдар. (8-9 мин).

Темекінің зияны

Ақыл - ойды кемітеді

Тыныс жолдары ауруына әкеп соғады

с

Адам өмірін қысқартады

Қан тамырының жұмысын әлсіретеді

ә

Арақтың зияны: ақыл-естен адастырады,денсаулықты құртады,отбасының берекесін кетіреді.

Есірткінің зияны: өз әрекетін бақылаудан қалады,қылмысқа жетелейді,мағынасыз өмір сүреді,денсаулығы нашар болады т.т.(осылардың қаншалықты зиянды екенін білу үшін тақтаға назар аударыңыздар)

( Зиянды заттар туралы мағлұмат беремін).3 мин.

Темекі туралы

Темекіні адамға пайдалы деп Жан Нико өсірген. Никотин Жан Никоның атымен аталған. Темекі құрамында 40-қа тарта түрлі химиялық зат бар. Ол: смола,көміртек,никотин,мышьяк,ацетон т.б.

  1. Смола- рак аруын қоздырады.

  2. Никотин-улы зат.

  3. Мышьяк-адамды өлтіретін улы зат.

  4. Ацетон -еріткіш зат.

Арақ туралы

Арақтың күштілігін жоғарылату үшін қолданылатын «метанол» элементінің 10 мл - адамды соқыр қылатын, ал оның 100 мл - өлім жағдайға дейін алып келетін зардабы бар. Алкогольдің 7-8 г. өзі адамды ақыл -ойынан адастырып, ерекше күйге бөлейді, мидың дұрыс қызмет атқаруын бұзады.

Есірткі туралыЕсіртк

Есірткі- бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін,мінез-құлқын бұзатын қауіпті тыйым салынған химиялық зат. Есіркінің негізгі түрлеріне апиын, кокаин, марихуана,көкнәр,гашиш т.б. Бұларды «мидың қатерлі рагі» дейді.

3.Жағдаятты сұрақ.(3 топқа жағдаятты сұрақ беремін, ойланып жауап беруге 5-6 мин.)
1.Әкеңнің талай жылдан бері темекі шеккеніне сенің жаның ауырады. Оның темекіні тастауына қалай ықпал етер едің?
2.Сіз үлкендерсіз жалғыз қалдыңыз. Саған бір уақытта сенің достарың ішімдікпен келді. Сен қандай шешім қабылдайсың?
3. Сіз дискотекада досыңызды кездестірдіңіз, ол сізге есірткіні татып көруді ұсынды. Сіздің шешіміңіз.
4.Үй тапсырмасы. «Мен және салауатты өмір» тақырыбына шығарма жазып келу тапсырылды. (Әр топ үздік деп таныған 1 шығарманы оқиды. 3-4 мин)

5.Қорытынды. Топтастыру стратегиясы бойынша әр топ өз ойларын ортаға салады. (6-7 мин)

І топ. «Салауатты өмір салтын сақтайтын адам» (Өз-өзіне сенімді,ұзақ өмір сүреді,туыстары,достары арасында сыйлы,батыл да жігерлі,денсаулығы мықты т.б)

ІІ топ. « Зиянды заттарды қолданатын адам» (өмірі қысқа болады, отбасынан айрылады,ұрпағына кері әсері тиеді,өзіне сенімсіз, өмірі мағынасыз, қылмыс жасайды т.б)

ІІІ топ. Жаман әдеттерден жирендіретін,зиянды әдеттерге байланысты мақал-мәтелдер, нақыл сөздер.

  • Шылымқор өзін ғана емес,өзгелерді де улайды.

  • Ұзартқың келсе ғұмырды,

Таста арақ пен шылымды.

  • Тәні саудың жаны сау. т.б

Рефлексия. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді алдарыңдағы смайликтер арқылы білдірсеңіздер болады.(Бас бармағын көтеріп тұрған смайлик - « өте жақсы», «сұрақ белгісі бар смайлик- толық түсінбедім, сұрақтарым көп», көңілсіз смайлик- «сабақ ұнамады дегенді білдіреді»).(Смайликтерді тақтадағы жабысқақ қағазға жапсырады).

-Салауатты өмір салтын қолдайық.

Жаман әдеттен әрқашан да аулақ болайық.

Өз өмірің өз қолыңда , ей жастар,

Су ішпеген гүлдей болып солмайық,-дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

-Келесі кездескенше сау болып тұрыңдар!

© 2010-2022