Ата - аналармен конференция Ата - анадан өсіп ұрпақ тараған, болса жақсы - жаман ұрпақ солардан

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ата- аналар жиналысы:

«Ата - анадан өсіп ұрпақ тараған,

Жақсы, жаман болса ұрпақ солардан»

Мақсаты:

Бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Отбасы мүшелінің арсындағы бауырмалдық, қайырымдылық,достық қарым- қатынасты қалыптастыру; « бала - мектеп - отбасы » үштік одағын нығайту

Түрі: топтастыру

Көрнекілігі: карточка,стикерлер, нақыл сөздер, қағаз қалам.

Жоспар :

1. Тренинг: «Шашу»

2. Баяндама «Отбасы - тәрбиенің ұясы»

3. «Жағдаяттар» Ата аналар ойымен бөліседі.

4. «Кім жылдам» тренингі

5. Қорытындылау (Жасырын стикер)

6. Психологиялық анкета

7. « Сиқырлы қар» тренингі

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата аналар, қонақтар! Бүгінгі жиналысты ерекше өткізгім келіп тұр.

  1. Тренинг: Ата - аналар ортаға дөңгеленіп тұрып, ата - аналар комитетінің төрайымы «Шашу» тренингін ойнатып, ата аналар топқа бөлінеді.

Кіріспе

Ата- ананың басты- қазығы, алтын тіреу діңгегі- бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта.Отбасының қоғамдағы мақсаты; баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан -жақты қалыптасуына ата- ана мен отбасы мүшелерінің қарым қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т.б келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян.Мына жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан- жақты білім алуына ең бірінші ықпал ететін- ұстаз болса, оның сүйеніші ата- ана. Сондықтан ата -ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасау тиіс. Бала тәуліктің бір бөлігінде , яғни 6 сағат мектепте болса, 18 сағат өз отбасында тәрбие алатыны мәлім. Ендеше, отбасының бақылауы, қолдауы, сүйіспеншілігі балаға ең керегі де сол.

  1. Баяндама: Баяндама «Отбасы - тәрбиенің ұясы» ( баяндамашы Мералиева Қ)

Ал, қазір

3. «Жағдаяттық сұрақтарға жауап» әр топқа карточкалар үлестіріліп, ата - аналар ойы тыңдалады.

4. «Кім жылдам» тренингі ( әлеуметтік педагог жүргізеді)

Әр топтан бір ата - ана шығып, екеуі мәреге дейін сұраққа жауап беріп, шамды жағады.

5. Жасырын стикер жапсырылған орындықта отырған адамдар бүгінгі семинардың өтілу барысы бойынша сөз сөйлеп, ұсыныстар берді.

Қорытынды сөз мектеп директоры - С.А. Ибрагимовке беріледі.

6. Мектеп психологы топ мүшелеріне « сіз қандай ата - анасыз ?» атты анкета үйлестіріп, бала тәрбиесіндегі ролдерін айтып өтті.

7. « Сиқырлы қар» тренингін Әл. педагог ұйымдастырып, өткізді.

- Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда жүрек бар. Сол жүректің ішіне жазылған тілектерді көршілеріңізге айтып шығамыз. Қорыта айтқанда ата - ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, Осы сезімдеріңізді, осындай тілектеріңізді балаға да жиі айтып жүрсеңіз, баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер.

Қорытынды. Сондықтан ата - ана махаббаты балаңыздың өмірге деген құштарлығының, жолын ашады. Халқымыз «Ұяда не көрсең, соны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата ананы өмірдің тірегі санайды. Ата - ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы перзенті.Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол.

Қатысып ой бөліскендеріңіз үшін рахмет!

( Жиналысқа шешім шығарылады)











© 2010-2022