Оқу мен тәрбие - егіз Ата-аналармен жұмыс

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Оқу мен тәрбие - егіз.

Мақсаты:

Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.

Тақтаға ұлағатты сөздер жазған парақшалар ілінеді:

«Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Балақан өсіру - Балапан ұшыру емес», кестелер, т.б.

Жиналыс барысы:

Кіріспе сөз

Мұғалім: Құрметті ата-аналар! Бүгінгі «Оқу мен тәрбие - егіз» атты жиналысына қош келіпсіздер! Бүгінгі жиналысымыз 2 бөлімнен тұрады.1 бөлім. «Оқу инемен құдық қазғандай» деп атадым. 8 «Ә» сынып оқушыларының оқу үлгерімі мен сабаққа қатысымы туралы айтамын. 2 бөлім. «Адамның бақыты- балада» деп атадым.

І. 1 бөлім. «Оқу инемен құдық қазғандай».

І тоқсан қорытындысы. 8 «Ә» сынып жетекшісі - Бегенова З.

- Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол - бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз - ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер - жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Өйістіп баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез-келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу, зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді. Ата - ана - бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырғаны орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата - аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында жұріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа?! Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шеше үй ішінде әдептілік танытқаны жөн.

ІІ. 2 бөлім. «Адамның бақыты балада».

- Сіздермен бас қосып пікір алысудағы мақсатымыз отбасындағы бала тәрбиесін дұрыс жолға қою, білімге деген ынтасын арттыру. Сонымен қатар ата-аналардың бала тәрбиесіндегі шешуі табылмай жүрген мәселелер болса, ойымызды ортаға салайық деп отырмыз. Осы бөлімді бастамас бұрын менің сіздерге қояр 1 сұрағым бар.

1. Балаңызға үлгі болатындай бойыңыздағы жақсы бір қасиетіңізді айтып берсеңіз?

(әр ата-ана өзінің бір жақсы қасиетін айтады.)

ІІІ. 3 бөлім. «Педагогикалық ойын».

- Балаңыз сізді қуантқанда немесе ренжіткенде қандай сөз айтасыз?

Мақтау

Ұрысу

(Әр ата-ана өз баласына мақтау немесе ұрысқанда айтатын өз сөздерін жазады.)

Түйін сөз:

- Мақтау баланың көңіл-күйін көтереді, өзіне деген сенімділігін арттырады.

- Егер ата-ана баланы үнемі ұрысып, айыптап, балағаттап жатса онда ол бұйығы, қатыгез, кекшіл болып өседі.

IV. 4 бөлім «Біздің жанұя».

Қоғамда жанұяның 4 типі болады екен. Жиналысқа қатысып отырған әр отбасының мүшелері өз отбастарыңызды қай типке жатқызасыздар?

  1. Әмірлі (авторитарлық)

  2. Демократиялық (егемендік)

  3. Бетімен жіберушілік

  4. Рақымшыл жанұя

Сіздің жанұя, жанұя типтерінің қайсысына жатады? (іштей ойланып, сіздің жанұяңыз сіз таңдаған типте болғаны сізді қанағаттандыра ма?... Өзгерткіңіз келмей ме? Қалай өзгертер едіңіз? Кімнің көмегі керек?) Ұсынысыңыз, қосар пікіріңіз болса, рефлексия парағына жазып қалдыруға болады.

Рефлексия парағы

Қай типті таңдадыңыз?

Өзгерткіңіз келе ме?

Кімнің көмегі қажет?

1

Иә

1) Отбасы мүшелерінің
2) Психологттың
3) Мұғалімнің

4)Тағы кім?

Жоқ

V. 5 бөлім «Білім сапасын көтерудегі ата - ана рөлі».

«Біреулер құдайдан бала тілейді». Баланы не үшін өмірге әкеледі?

(ата-ана ойы)

- Өлсем орнымды бассын, - дейді.

- Артымнан құран оқысын, - дейді

- Қартайғанда асырасын, - дейді.

Осыдан басқа бар ма?

- Сіз қалай ойлайсыз?

- Білімді, жан-жақты тәрбиелі болсын т.б.

- Қандай білім алғанын қалайсыз?

- Сапалы білім.

- Ал баланың сапалы білім алуы кімге байланысты?

Оқу мен тәрбие - егіз Ата-аналармен жұмыс

Олардың әрқайсысына қандай талаптар қойылады? Талдау

Баланың сапалы білім алуы мұғалімге, балаға, ата-анаға байланысты екенін талдадық, соның ішінде білім негізі - стандарт талаптарын орындау, яғни күнделікті сабаққа дайындалу кезінде оқушыға мұғалім мен ата-ананың көмегі, қадағалауы, уақыт бөлуі міндетті түрде қажет.

«Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.» В.А.Сухомлинский.

Қорытынды:

Жоғарыдағы даналық сөзге сүйенсек, мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі үшін тек ата-анамен бірігіп жұмыс істеу керек екенін ескерткен. Сондықтан, балаңыздың тамағының тоқтығы мен көңілінің көктігіне қарайтын, құр асыраушысы рөлінен шығып, ендігі жерде, сіздің алдыңызда балаңыздың білім алу жолындағы серіктесі, қиналғанда көмекшісі болу міндеті тұр деп бүгінгі жиналысымызды аяқтағым келеді.



© 2010-2022