Доклад на тему Тіл – елдіктің белгісі

Раздел Воспитательная работа
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тіл - елдіктің белгісі


Тіл - адам баласын бүгінгі өркениетке жеткізген ұлы күш. Қоғам дәуірінің күресі мен дамуының құралы, рухани өмірдің тұтқасы.

Тіл - қоғам өмірін ұйымдастырушы басты күш болумен қатар, әлеуметтік және экономикалық дамудың, халық өміріндегі өзгерістер мен жаңалықтардың айнасы, елдің елдігін білдіретін белгі.

Тіл - халықтың жаны, оның бейнесі. Тілді дұрыс та шебер етіп қолдана білу, сөйлеу арқылы жетілдіріп отыру ерте замандардан бастау алды. Тіл байлығы, тіл тазалығы - ұлт қасиетінің, салт-дәстүрінің негізгі көзі. Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты.

Белгілі бір халықтың тарихи дамуында оның тілінің, аумағының, ұлттық психологиясын, мәдениетінің тұтастығы түгел болса ғана ол өзінің дербестігін сақтап, болашағына сеніммен қарай алды.

Санаулы сөзге түйінді ой салдырған, арғы бастауы ауыз әдебиетінен нәр алған шешендер сөзі, арыстарымыздың тапқыр ой, тамаша сөз қолданыстарын, үйрену арқылы тілімізді түлетіп, оның әлеуметтік қызметінің үлкен аясын кеңінен тануға болады.

Қазақ тілі - дүниедегі ең бай, бедерлі де, бейнелі тілдердің бірі. Ана тіліміздің халықтың көшпелі тұрмысынан туған төрт түлік малға, аңға, құсқа, басқа да табиғат құбылыстарына байланысты бейнелі теңеу, мақал мен мәтелдерінен туған атауларға басқа тілден балама табу қиын.

Тілге құрметпен қарау - сол тілде сөйлеуші халықтың тарихына, келешегіне сеніммен қарау деген сөз.

Өткен замандарда қазақ жерінде болған басқа ұлт өкілдері, зерттеуші ғалымдар, сансыз саяхатшылар қазақ тілінің ішкі үйлесімене, төгіліп тұрған сөз өнеріне таңғалғаны белгілі.

Француз ғалымы А.Жорри де Манси «Қазақ тілі түркі тілдері ішіндегі ең бір таза тілдердің бірі» деген.

1926 жылы басылып шыққан кітабында татар ғалымы А.Саади қазақ тілі жөнінде «Қазіргі ең бай, ең таза, ең табиғи және бұзылмай, бұрыңғы қалпында сақталып қалған бір тіл болса, ол қазақ тілі және әдебиеті, шын ғылым үшін біз мұны ашық айтуымыз керек» - деп атап көрсеткен.

Тілдің мемлкеттік мәртебеге ие болуы үшін оны мемлекет тарапынан қамқорлыққа алу керек, сонда ғана ол халық көңілінен шығып, қоғамның қуатты қолданыс құралына айналды.

Тіл байлығы - әрбір елдің мақтанышы. Ол - атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай сақтап, оны орынсыз шұбарланудан сақтауға, төл тілінде сөйлеуі тиіс.


© 2010-2022