ашык космос (открытый урок)

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Екінші кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Кіші сала: Жапсыру

Тақырыбы: «Зымыран»

Мақсаты: Балалараға ғарыш әлемі, аспан әлемі. ғарыштық ұшулар жайлы және ең алғаш ғарышқа ұшқан ғарышкерлер туралы түсінік бере отырып, зымыранды жапсыруды үйрету, саусақ қимылдарын дамыту, жапсыру дағдыларын қалыптастыру, ғарыш әлеміне деген қызығушылығын ояту, білімділікке тәрбиелеу.

Билингвальдік компоненті: зымыран- ракета, ғарыш- космос, ғарышкер- космонавт, ұшқыш- летчик

Кіріккен сабақ

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеп талаптану

Ой қозғау: (Жұмбақ жасыру)

Аспанда бір алып құс,

Ызғып ұшып барады

Қарап тұрсаң ғажайып

Соңында із қалады.

Бұл не?

Балалар мұқият тыңдайды.

Өз ойларын айтады

Зымыран

Ұйымдастырушылық ізденіс

Сұрақ- жауап әдісі:

Балалар біз аспанға немен ұшамыз?

Ал ғарышқа немен ұшамыз?

Дұрыс зымыранмен ғарышқа ұшып аспан әлемін зерттейміз. Ал енді біз мына тақтаға назар аударыңдар.

Слайдпен жұмыс (Тұңғыш ғарышкерлермен таныстыру)

Билингвальдік компоненті: (Интерактивті тақтада Гүлнар Мырзаханқызы орыс тілінде мәліметтер береді)зымыран- ракета - жермен аспан арасындағы ең тез ұшатын көлік, ғарыш- космос, ғарышкер- космонавт, ұшқыш- летчик, скафандр- ғарышка ұшуға арналған киімі, жер- земля, планета- ғаламшар, күн- луна

Сергіту сәті: Көз, мойын және басқа арналған жаттығу.(музыка әуенімен тақтаға назар аударып сергіту сәтін жасайды.)

Балалар ғарыш әлеміне немен ұшамыз? Олай болса біз қазір сендермен ғарыш әлеміндегі зымыранды жапсырамыз.(алдын ала дайындалған геоетриялық пішіндерден зымыранды жапсыру)

Ғарыш әлемі бейнеленген А4 парағына назар аударты.

Сұрақ- жауап әдісін қолдану.

-Аспанның түсі қандай болады?

- Аспанда нелер бар?

Айды жұлдызды зерттеу үшін қай көлік түрімен барамыз?

Енді балалар алдымыздағы ғарыш әлемі парағына зымыранды жапсырайық.

Зымыран үш бөліктен тұрады. Оның тұмсығы болады, (үшбұрышты) келесі денесі (тіктөртбұрышты)

сосын қанаттары болады (тік бұрышты үшбұрыштар) келесі бөлігі түтіні- оты сары және қызыл түстен тұрады. Дөңгелектері- терезесі. Жұмыс жасау барысында көмек қажет болған балаларға тәрбиеші көңіл бөледі.

Аспанға ұшакпен ұшамыз.

Зымыранмен ұшамыз.






Зымыранмен ұшамыз


Көк , көгілдір түсті болады.

Ай бар, жұлдыз бар және күн бар.

Зымыранмен.

Қызығушылығын арттырады. Мұқият тыңдайды.

Тәрбиешінің айтуы бойынша зымыранныі бөліктерін үлгіге қарап жапсырады.

Рефлекстік түзету

ҰОІӘ ғарышқа ұшатын қай көлік түрімен таныстық?

Ең алғаш ғарышқа нелер ұшты?

Орыс ғарышкері кім ұшты?

Қазақтың қандай ғарышкер ағаларымызды білесіңдер?

Аспанда нелер болады?

Ал сендер өскенде кім ғарышкер болғысы келеді?

Ал ғарышкер болу үшін не істей керек?

Келген қонақтарға ғарыш туралы тақпағымызды айтып берейік

Балаларды мадақтау.

Зымыран

Белка - Стрелка ұшты

Юрий Гагарин ұшты

Тоқтар аға және Талғат аға

Ай, жұлдыздар және күн болады.

Ақылды болу керек, тәртіпті, білімді болу керек, сабақты жаксы оқу керек.

Ғарышкерлер әуелі

Ұшқыш болған талапты

Тіліп өткен әуені

Қанатымен ұшақтың

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: ғарыш әлемін, ғарышкерлерді

Түсінеді: ғарышқа зымыранмен ұшатындығын

Қолданады: жапсыру жолдарын, сұрақ- жауапты, сергіту сәтін, тақпақты.

Қостанай қаласы №13 бөбекжай- балабақшасы









Ашық ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті

«Шығармашылық»

«Жапсыру»


Тақырыбы: «Зымыран»







Өткізген: Қарымсакова Г.Қ

Әлімханова А.Қ

Өтегенова .Г.М

2015 оқу жылы



© 2010-2022