Тәрбие сағаты. Бәрін білгім келеді

Раздел Воспитательная работа
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Бәрін білгім келеді.

Сабақтың мақсаты:оқушы,оқу, білім,ұстаз туралы алған түсініктерін

толықтыру,пысықтау.

Көрнекілік:»Мен жақсы оқушымын « деген жазуы бар алқа,слайдтар,нақыл сөздер.

Шаттық шеңбер:Амандасу.

Қуан ,шаттан!

Қуан, шаттан!

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.

Сабақтың ұраны:Мектеп- кеме,

Білім-теңіз.

Барар жерге

Тез жетеміз.

Қ.Аманжоловтың өлең жолдарын бәріміз хормен айтамыз.

-Тату-тәтті дастармыз біз,

Ынталы да талапты

Көп білуге құштармыз біз,

Жақсы оқитын сабақты.

Ойын:-Екі көзің не үшін керек?

-Жақсыларды көру үшін.

-Екі қолың не үшін керек?

-Елге көмек беру үшіш.

-Құлақ деген не үшін керек?

-Ақыл,кеңес тыңдау үшін.

-Тіл мен жақ не үшін керек?

-Ақиқатты айту үшін.

-Ал,аяғың ше?

-Шетте жүрсем ,туған жерге қайту үшін.

Тапсырмалар.:

-Мақалды жалғастыр:

Оқусыз білім жоқ.....(білімсіз күнің жоқ)

Күш-білімде,білім.......(кітапта)

Не тәтті?Ананың сүті тәтті.

Не жұмсақ?Ананың қолы жұмсақ.

Жұмбақтар шешу:

-Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама.(кітап)

-Жаза-жаза жалықпаған,

Жаза,жаза арықтаған.(бор)

-Сұрақтар:

1.Дем алады,өседі,бірақ жүре алмайды?(өсімдк)

2.Елеуішпен су әкелуге бола ма?(мұз әкелуге болады)

3.Тышқан аулағышты бес әріппен қалай атауға болады?(мысық)

4.Маржан ауырып қалды.Әлия сабақтан кейін құрбысына барып,

үй тапсырмасын орындауға көмектесті.

Осы жағдаяттан Әлияның қандай қасиетін көріп отырсыңдар?

-Балалар,»Мен жақсы оқушымын»деген ұғымды әрқайсың дәлелдеп беруге тырысыңдар.

-Мен-жақсы оқушымын,өйткені сабақтан кешікпеймін.

-Мен-жақсы оқушымын,өйткені құралдарымды таза ұстаймын.

-Мен-жақсы оқушымын,өйткені достарымды сыйлаймын.

-Мен-жақсы оқушымын,өйткені мұғалімді сыйлай білемін.т.б.

Қорытынды:Бір-бірімізге хат сыйлаймыз.

-Шоқандай алғыр бол!

-Абайдай дана бол!

-Күндей жарқырап жүр!

-Гүлдей жайнап жүр!

-Достарыңа сыйлы бол!

-Оқуда озат бол!-осымен сабағымыз аяқталды



Қош келдің ,Наурыз!

-Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Той шашуға тойыңдар,

Бұдан кейін ойын бар.

Бастаушы:Құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар!Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні -Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!Дендеріңізге саулық,бастарыңызға байлық тілейміз.

Сынып екі топқа бөлініп тұрады,сабақ сайыс түрінде өтеді.

«Ботақан» тобы.-Ботақанбыз маң басқан,

Жұлдызға бүгін таласқан.

«Қошақан» тобы.-Қошақанбыз момақан

Жарысқа бүгін жол ашқан»

1.Мәнерлеп оқу сайысы:

-Көктем жетті көл көсір шуақ құрып,

Қыс барады қиылып,жылап тұрып.

Шатырында үйлердің Наурыз жүр

Мұз пердесін ақпанның лақтырып.

-Наурыз қайтып оралды,ата да аңыз

Сұрамаймыз алғыс та,ақы да біз.

Үй дастарқан ,думанымыз сахнамыз

Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз.

--Қыс өтті ,қар кетіп,

Шырайлы жаз келіп,

Шаруаның кенелген

Мейрамы ежелден

Құтты болсын ,Наурыз!

-Наурыз жырын жырлаймыз

Онымен де тұрмаймыз

Шыңдалып жеткен бұл күнге

Ел дәстүрін сыйлаймыз.

2.»Білгенге маржан»

Не қымбат?Адам қымбат.

Адамға не қымбат?Бала қымбат.

Не тәтті?Ананың сүті тәтті.

Не жұмсақ?Ананың қолы жұмсақ.

Не жетім?Жаңбыр жаумаса-жер жетім.

Басшысы болмаса-ел жетім.

Тыңдаушысыз -сөз жетім.

3.Қазақта жеті мен үш саны киелі сан болып табылабы.

Жеті ата:ер жігңт,сұлу әйел,білім,жүйрік ат,алғыр тазы,қыран бүркіт,берен мылтық.

Үш арсыз:ұйқы арсыз,күлкі арсыз,тамақ арсыз.

Ислам дінінің бес парызын ата.(намаз,зекетберу,ораза, Меккеге

Қажылық жасау.)

Қорытынды:Наурыз.

-Қазақ халқы Жаңа жылын «Наурыз»дейді .Наурызда әр үйде көже

пісіріледі.

Наурыз көже:тұз,су, ақ(құрт ,қатық, айран)ет,кеспе,бидай,күріш не тары,-барлығы жеті түрлі дәм қосылады.-осы наурыз көжеден

Барлығымыз ауыз тиеміз.

-Наурызды тойлайық,

Ән айтайық, ойнайық?

Наурыз күнге бір тілек:

Жаман бала болмайық?!

-Күн мен түн теңелді,

Жер шуаққа бөленді,

Соны тойлар ел енді.

Наурыз тойы салтымыз,

«Көгерсін» деп халқымыз,

Көшеге тал егеміз.



Ел ордасы Астана.

Мақсаты:Республикамыздың астанасы,орналасқан жер,.атауының

Шығу тарихы,өнеркәсіп,мәдени оқу-ағарту салалары туралы білім беру.

Оқушыларды Отан сүйгіштікке,туған жерге,елге деген сүйіспеншіліктетін арттыру.

Әдісі:сұрақ-жауап.

Көрнекілігі :Қазақстанның физикалық картасы,сызба,баспасөз

материалдары.

-Астана қаласының тарихы.

1830 жыл Қараөткел

1830-1961жылдары Ақмола

1961-1992жылдары Целиногрод

1992-1998жылдары Ақмола

\

1996ж.6шілдеде Қазақстан Республикасының астанасын көшіру

туралы қаулы қабылданды.1997жыл 20-қазан ҚР Президентінің

Ақмола қаласын ҚР -ның астанасы деп жариялау туралы Жарлығы

шықты.1997 жылы 10-желтоқсанда Алматыдағы астана Ақмолаға

ауыстырылды.

1998 жылы 10-маусымда Астананың ашылуы болды.

Географиалық орны:Есіл өзенінің оң жақ жағалауында.

Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.

Астана қаласының даму ерекшелігі:

  1. 1830 жылы бекініс болды

  2. 1832жылы қала атауын алды

  3. 1939жылы облыс орталығы болды

  4. 1952жылы ірі темір жол торабы болды

  5. 1954жылы өнеркәсіп,мәдени орталық болды

  6. 1958жылы аса ірі-ағарту орталығы болды

  7. 1997жылы Астана болды.

-Астана қаласының болдашағы:

Ххі ғасырдың үлкен қаласы болады.

Еуразия құрылығының қуатты жаңа қалаға айналады.

Дүние жүзіндегі экономикасы және технологиясы дамыған

қалаға айналады.

-Жаса,жаса Астанам,

Өркен жая бастаған!

Болашақтың есігін

Өз қолыңмен аш маған.

-Заман жаңа,ел жаңа,

Күлімдейді кең дала

Өз Астанам-өз Ордам,

Сүйенерім сен ғана!

-Біз намыскер -Қазақ елі ұланымыз,

Қорғайтын жерлі Отан қыранымыз.

«Талап,еңбек,терең ой,қанағат қыл,

Рақым ет» деп Абай айтқан ұранымыз.

-Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс,

Егемендік -ел бақыты,ертеңі,

О,халайық!Құтты болсын ,қуаныш.

-Қазақстан бай өлкем шарықтаған,

Толастамай көгінде қалықтар ән.

Қазақстан -мекені қайсарлардың,

Қазақстан -алатау,алып далам!

ҚАЗАҚСТАН-толқынды дала,гүлдер.

-Қазақстан-терейім,

Сені төрден көрейін.

Жеңісіңе желпініп,

Жемісіңді терейін!

© 2010-2022