Елімнің еркіндігі тәуелсіздік! іс-шара жоспары

Раздел Воспитательная работа
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Елімнің еркіндігі тәуелсіздік!


Мақсаты:Балаларға желтоқсан оқиғасының мәні мен мағынасын түсіндіре отырып,тәуелсіздік үшін еліміздің болашағы мен келер ұрпақ үшін жанын қиған азаматтардың ерлігін,қайсарлығын,көрген қиыншылықтары туралы мәлімет беру.Оқиға мәнісін түсіндіре отырып,тәуелсіз елдің қол жеткен табыстарын,рухани еркіндігін,адам құқығы мен бостандығын дәріптреу.Отанды сүюге,өз елін қорғауға,туған елді көркейтуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:мультимедия слайд,желтоқсан құрбандары суреттері,музыка

Көрініс:

(сахнада екі милиция киімін киген адам Қайратты алып келе жатады.Сонда жаралы Қайрат былай дейді)

Әлтайыр(Қайрат рөлінде): Мен де етермін,не етермін,

Мен келмеске кетермін

Көрмеген қош бол таңдарым,

Көре алмай енді өтермін.

Қош аман бол,ел жұртым,

Ағайын туған,азамат.

Артымда қалған ата-анам,

Ел жұртым саған аманат.

Тергеуші:-Иа,Рысқұлбеков,ақтық сөзіңді айт.

Савицкиді өлтірген сен бе?

Қайрат:-жоқ мен өлтіргенім жоқ.

Тергеуші: Мойында! Мойындасың жазаң жеңілдейді.

Қайрат: Мен өлтірген жоқпын.Мен ешкімді өлтіргенім жоқ.

Тергеуші: (Қайратты ұрып-соғады)

-Мынаны алып кетіңдер!Абақтыға апарып қамаңдар!

(Қайратты абақтыға қамайды,абақтыда жатып түс көреді)

Періште келеді: Балақай-балақай тұршы жанып тұрған шыраққа қарашы бұл бейбітшілік пен бостандық құсы.

Анасы:-Балам бұл қалай болғаны?

Қайрат: -Анашым мен бүгін түс көрдім түсімде жарық көрдім.

Анасы:-Бұл түсің жақсы екен балам.Болашақ жарқын болады екен.Аспанымыз ашық бейбітшілік заман болады екен.

Қайрат:-Ендеше мен ештеңені уайымдамаймын,халқым үшін жаным пида!

Жүргізуші:-Қайрат Рысқұлбеков қылмысты деп табылып Қазақ КСРО қылмыстық кодексінің 173 бабының 1-ші тармағы бойынша жазаның ең ауыр түрі өлім жазасына кесілсін.

Қайраттың ақтық сөзі: Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

Күнәдан таза басым бар

Жиырма бірде жасым бар

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар,

Еркек тоқты құрбандық,

Атам десең атыңдар!

Тәрбиеші:-Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,

Бізге бұны ешкім аяп бермеді.

Тәуелсіздік -Қайрат,Ләззат,Ерболдың

Тас көшеде тас талқан боп өлгені

1986жылы 16-желтоқсанда үлкен өзгеріс болды.Қазақстанда 30-жылдай басшылық еткен Дінмұхамед Қонаевты қызметінен алып,орнына Колбинди бірауыздан сайлайды.Алматы өаласы 1986 жылдың 17-желтоқсан таңғы сағат 8-де Брежнев алаңына жастар жиналады.200-300 шамасында.Бара-бара қатарлары көбейеді.18-желтоқсанға қараған түні шеруге шыққан жастарды қоршауға алады.Сонда да қазақ жастары қорықпай,тайсалмай тұра береді.сол кезде алаңға өрт сөндіруші машиналар келіп жастардың үстіне су шашады.

Жастардың жартысы ары-бері қашқалақтайды,жартысы әскери адамдарға тас соғып,шаштан жұлып,аяқтан сүйреп өлер қалге жеткізеді.

-Мына суреттегі Сәбира Мұхамеджанова 8-жылдық мектепті үздік бітіріп Өскемен қаласындағы педучилищеге бастауыш мектеп мұғалілімі бөліміне оқуға түскен.

1986 жылдың 19-желтоқсан күні Өскемен қаласындағы әмбебап дүкенінің маңайына жастар Алматы оқиғасының шындығын білуге жиналады.Ал 16-желтоқсан күні Алматы да өткен жиналысқа анасымен бірге барған Сәбира атып тұрады:

-(саңқ-саңқ етіп) Бәріне мен кінәлімін! Алаңға мен үгіттеп апардым.Оларды оқудан қумаңдар.Шеруді де мен ұйымдастырдым,-дейді тайсалмастан.Сөйтіп Сәбираның сөзінен бәрі тынып қалады.

-О,не дегенің қызым-ау,-деген анасының шарасыз дауысы ғана естіледі.Кенеттен Сәбира жиналысты тастай салып,жүгіре жөнеледі.Сөйтіп албырт жас өзі тұратын жатақхананың терезесінен секіріп кетеді.

-Ал мына апаларың Ләззат Асанова Алматы облысы,Панфилов ауданы,Ақжазық ауылында дүниеге келген.Алматының Чайковский атындағы музыкалық училищесінде қобызшы мамандығы бойынша оқып жүрген Ләззат Асанова не бары 16 жасында жазалаушылардың қорлығынан көз жұмады.

-Ал мына суреттегі Қайрат Рысқұлбеков ағаларың.Ол Жамбыл облысы,Мойынқұм ауданында,бірлік ауылында дүниеге келген.1982 жылы Алматы Сәулет құрылыс институтына оқуға түседі.Сол желтоқсан оқиғасынан кейін «Савицкиді өлтірген қылмыскер» деп жала жауып,аса қауіпті қылмыскерлер изоляторында ұстайды.Сол жерде қасындағылардың қастандығымен өлтіріледі.

-Мінекей осындай ағаларымыз бен апаларымыздың өжеттілігінің арқасында 1991 жылы Тәуелсіз мемлекет болып жарияландық.

Хор. «Егеменді Қазақстан»

-Біз қандай ұлтпыз?

-Қай тілде сөйлейміз?

-Тіл туралы кім тақпақ айтады?

Ғибрат: Ана тілім арым бұл,

Ұятым боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте

Әлтайыр:Ана тілім -дана тілім бақ тілім,

Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?

Сенің,менің қасіретім шаттығым,

Сенің,менің тазалығым пәктігім.

Ана тілім-Алтын ұям кеңдігім,

Ай бесікте елдігіңді тыңдадым.

Санам сіңіп,байланғанша тіл -жағым,

Сенің жырың,сенің әнің айтарым.

-Елбасымыз кім?

-Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

-Елбасымыз туралы кім тақпақ айтады?

Еңілік: Халқы сенер,ақылын елеп ұлдың,

Еліне де қашанда сенер ұлың,

Елбасы болды да қазағымның,

Еңкейтпеді жалауын өр елінің.

Білді бөбек есімін бесіктен де,

Шаттық күйін келеді кешіп кеуде,

Қазақстан деп білер бүкіл әлем,

Нұрсұлтан есімін есіткенде.

24-жыл өтіпті сыннан дара

Сыннан өтер сыр бермес тұлғаң ғана.

Нұрсұлтан деп тауың да асқақтады,

Нұрсұлтан деп күй төкті туған дала.

Бүгінгі тәуелсіздік мерекесіне арнап кім тақпақ айтөысы келеді?

Жәмилә: Қарт алатау

Бұлтты құшқан

Көгінде ту,зулап ұшқан

Менің жерім,

Менің елім.

Күн сәулелі Қазақстан!

Мирас: Атамекен ақ үйдің

Азат болған күні -бұл,

Құндақтағы сәбидің

Қазақ болған күні-бұл.


Тұрар: Көк аспанда тулардың,

Желбірейтін күні -бұл.

Елім дейтін ұлдардың,

Елжірейтін күні-бұл.


Еркемай: Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер тамған

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім -Елтаңбам.


Асылан: Алты алаштың баласы,

Қауымдасқан күні-бұл.

Бір-бірімен жарасып,

Бауырласқан күні -бұл.


Ақманар:дүбірлетсін өңірді,

Дүбірлетсін дүлдүлі,

Қазақ деген елімнің

Құтты болсын -бұл күні


Тәрбиеші:-Балалар,сендер ынтымақ,бірлік туралы мақал-мәтел білесіңдер ме?

-Ендеше мақал-мәтелдің түсіп қалған жерін жалғайық.

Ел бірлігі-ел....

(елдігі,теңдігі,кеңдігі)

..... ала болса,ауыздағы кетеді.

..... түгел болса,төбедегі келеді

(бесеу,үшеу,екеу,алтау,төртеу)

Татулық табылмас....

(шаттық,қуаныш,бақыт)

Тәрбиеші:-Балалар бүгінгі кешімізді қорытындылай келе Тәуелсіз Қазақстан елінің азаматы болу үшін біз не істеуіміз керек?

Жарайсыңдар балалар!-Бүгінгі іс-шарамызға жақсы қатыстыңдар.

Еліміздің байрағы берік болсын!


© 2010-2022