Бастауышым - балбұлағым (тәрбие сағаты)

Раздел Воспитательная работа
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мақсаты: Білім негізі бастауыштан қаланатынын, оқушылық, өмірдің бастапқы баспалдағын аяқтаған бүлдіршіндердің аяулы ұстазымен қоштасу. Алған білімдерін байқату, ортаға салу.

Жүргізуші: Құрметті ата-аталар, ұстаздар, оқушылар! Сіздер « Бастауышым-бұлағым » атты бастауышпен қоштасу тойына жиналып отырсыздар. Бүгінгі той иелерін - 4 « Ә» сынып оқушыларын ортаға шақырамыз. (Музыка ойнап, оқушылар кіріп, сахнаға шығады )

1- жүргізуші : Қадірменді қонақтар. Қымбатты ұстаздар, аяулы ата-аналар! Біз бүгін ең алғашқы қалам ұстатып, әліппемізді ұсынған сүйікті ұстазымызға Рахмет айту салтанатына жиналып отырмыз. Жанымызға білімнің жарық сәулесін сыйлаған мектеп-анаға алғысымызды айтамыз. Сонымен, « Бастауышым-балбұлағым» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

2-жүргізуші : Алдарыңызда тұрған балалар осыдан төрт жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балдырған еді. Енді бойлары да, ойлары да өсіп бастауыш сыныпты аяқтап, орта буынға өткелі отыр. Ал енді, келген ұстаздар, ата- аналар және келген қонақтармен амандасайық.

1-оқушы: Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға. Қош келіпсіз ұстаздар, ата- аналар, Бастауышпен қоштасу тойымызға

2-оқушы: Армысыздар әжелер мен аналар. Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар. Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп Үйреткен ғой Абай, Ыбырай, бабалар.

3-оқушы: Армысыздар өр тұлғалы әкелер! Қыран құстай балапанын мәпелер. Бүгін міне бастауышпен қоштасады, Азамат боп, кешегі сәби-еркелер.

4-оқушы: Балаларға болашақты жырлатып Шәкірттерге ой түзеткен сыбатты, Күн нұрындай сәуле құйған көңілге, Армысыздар, ұстаздарым қымбатты.

Жүргізуші: Ұшқалы тұрған қырандарды баптаушы, ұстазымызды ортаға шақырайық.

Мұғалім: Қымбатты ата-аналар, ұстаздар. Бүгінгі мерекелік кешке қош келдіңіздер. Бүгінгі күн мен үшін де, сүйікті шәкірттерім үшін де ерекше күн. Оның ерекшелігі , 4 жыл бойы оқып қанатын қатайтқан балалар бастауыш сыныппен , алғашқы ұстазымен қош айтысқалы отыр. Осы қуанышты да қимас сәттеріміз құтты болсын шәкірттерім.

1-жүргізуші: Мұғалім - мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекеттіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.

2-жүргізуші: Мұғалім өзінің барлық жігерін, білімін бойындағы барлық бағалы қасиетін, өзінің оқушыларына, халыққа беріп отырады.

1-оқушы: Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны, Айқара есік ашып тастағаны Бір мереке думан осы маңда Жетелеп бір сыныпқа апарғаны.

2-оқушы: Енді міне сағымдай боп өте шықты. 4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті. Ұстаз-ана жасады мына бізден Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.

3-оқушы: Барлық білім бастауыштан басталған Алғы саған алғаш ұстаз апайым Рахмет саған алғаш ұстаз апайым Еңбегіңді ойға тоқып қайтарам.

4-оқушы: Риза болшы ұстаз қауым ардақты, Шәкірт жүрек сізге арнау арнапты. Жылдар жылжып ойлар зулап өтсе де, Бастауышты орта буын жалғапты

5-оқушы: Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім, Басталған ақ батаңнан жас талабым. Ұғындым ұлылықтың, даналықтың, Ұстаздың ұлағатынан басталарын. 6-оқушы: Мұғалім ұстазысың балалардың, Болашақ ғалымдардың даналардың, Өмірде сенің алар орныңа, Бірі де жеткізе алмас бағалардың.

7-оқушы: Ұстазым сізді айтып мақтанамыз, Бейнеңіз жүректерде сақталады. Біз әлі биіктерден көрінеміз, Үміт пенен сеніміңіз ақталады.

8-оқушы: Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді. Бар асылын бізге жиып, мол береді. Қанатымен су себелеп асыл жан, Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді

Жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамызған ақын да, егін салып, мал бағып, тер төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздар алдында бас иеміз.

Хор- « Ұстазым »

1-оқушы: Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық, Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып. Сүйкімді сенің күміс қоңырауың Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

2-оқушы: Өткіздім мұнда балғын жасымды мен. Жаныма сеңді сенің асыл киең. Сарқылмас бастауысың ұлылықтың Мектебім, саған мәңгі басымды ием

3-оқушы: Мектебім, сүйікті мектебім. Бауырыңда түлеймін, жетемін. Сен бұлақ мен қайың бүр ашқан, Өзіңнен нәр алып көктедім.

4-оқушы: Мектебім, жылы ұя бесігім, Күнде ашық мен үшін есігің. Білімнің шуағын мол сепкен, Ұстазым, қымбат қой есімің.

5-оқушы: Алтын ұям мектебім. Саған айтар жыр-алғысым көп менің Жүректерге жаққан білім шырағын, Мектебіме арналады бұл әнім.

Хор: « Мектебім»

Мұғалім: Балалар сендер не үйрендіңдер?

Оқушылар:

1. Оқуды, жазуды. 2. Есеп шығаруды. 3. Ән айтып, би билеуді. 4. Сурет салуды 5. Үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды 6. Еңбектенуге үйрендік 7. Табиғатты қорғауға үйрендік

Мұғалім: Барлық пәндерді жақсы меңгердіңдер ме?

Ана тілі 1- жүргізуші: Ана тілі пәнінен ақын - жазушылардың көптеген шығармаларын оқыдық. Ертегілер, жұмбақ , мақал-мәтелдер жаттадық. Солар арқылы ата-бабаларымыздың өткен тарихын білдік. Олардың адамгершілік қасиеттерінен үлгі алдық.

2- жүргізуші: Абай, Ыбырай, Шоқан, Мағжан , Бейімбет , Ілияс , Мұхтар сияқты ағаларымыз туралы және олардың шығармаларын оқыдық. Алия, Мәншүк , Талғат , Нұркен , Төлеген , Бауыржан сияқты батырларларымызды, Қазақтың тұңғыш ғарышкерлері: Тоқтар Әубәкіров,Талғат Мұсабаев туралы оқып білдік.

1-жүргізуші: Математика пәнінен қосу, азайту , көбейту, бөлу амалдарын пайдаланып әр түрлі есептер , теңдеулер шығаруды , өрнектердің мәнін табуды , геометриялық фигуралар және оның қасиеттерімен таныстық.

2-жүргізуші: Орыс тілінен әр- түрлі өлеңдер жаттап, әңгімелер, ертегілер оқыдық. Ағылшын тілінен әр түрлі сөздер үйреніп, әңгімелер оқып, өлеңдер жаттадық.

1- жүргізуші: Бейнелеу өнері сабағында суреттер салып , бейнелеу өнерінің түрлерімен танысайық. жүргізуші: 2-Музыка пәнінен әр түрлі әндер жаттап , күй тыңдап, аспаптың әр түрімен таныстық.

1-жүргізуші: Өзін-өзі танудан қаншама адами жақсы қасиеттер мен таныстық, бір-бірімізді сыйлауымыз, басқаны құрметтеудің өзіміз үшін қажет екенін түсіндік. Білім мен еңбектің қажеттілігін сезіндік. Жақсыдан үйренуді , жаманнан жиренуді үйрендік. Біз көп нәрсеге өзіміздің біліміміз арқылы қол жеткізуге болатынын білдік.

2-жүргізуші:

Қазақ тілі пәнінен дыбыс, әріп, сөз, сөйлем және оның түрлерімен , сөз таптарымен, мәтіннің түрлерімен таныстық.

1-жүргізуші: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. 2-жүргізуші: Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі сол кісілердің арқасы. 1-оқушы: Ыстық-ау кім-кімге де әке деген Суыққа шалындырмай мәпелеген Өмірдің соқпағымен өрге тарып Алдымен адам бол деп жетелеген. 2-оқушы: Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың, Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың, Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың, Мәпелеген баласын , аман болсын анашым. 3-оқушы: Кеудемнен сезім селі ақтарылсын, Болармын күні ертең-ақ мақтанышың, Білім алып, тер төгем , еңбек етем Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін. 4-оқушы: Әкешім тілеуімді тілеп жүрген, Аумайсың жарығы мол ашық күннен. Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін, Ақылды балаларың оны білген. Оқушылар. Аналар! Әкелер! Біз сіздерге бас иеміз. 1- жүргізуші: Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып елге қалаулы азамат болса екен дейді. 2- жүргізуші: Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: « Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген. Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін. 1- жүргізуші: Музыкалық сәлемімізді қабыл алыңыздар. Ана туралы ән. 2-жүргізуші: Осыдан 4-жыл бұрын, яғни 2010 жылдың қыркүйегінде мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған , кіп -кішкентай бүлдіршіндер бүгін бастауышпен қоштасқалы отыр.

1-оқушы: Бастауышым - балбұлағым, Алдым сенен балдың дәмін. Әріп танып, білім алып Рахметімді жаудырамын. 2-оқушы: Бастауышым-балбұлағым, Лаулап жанған шамшырағым Өзің берген біліміңмен Самғап ұшар тау қыраным. 3-оқушы: Өтті сенде қызық шағым Бастауышым - балбұлағым Қоштасар күн жетті міне Қимастықпен қол бұлғайды 4-оқушы: Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма? Бастауышта айтылмаған сыр бар ма? Бастауыштан алған білім жырларым, Азық болар , мәңгі талай жылдарға. Хор «Бау-бақша белдер»

1-жүргізуші: Өнерлі өрге жүзер талаптанып Қыран биік самғайды қанат қағып Адам үшін парызымыз ғой өнер іздеу, Жүрген соң адам деген атақты алып. 2-жүргізуші: Думан қызсын,көрсетсін ел өнерін, Жатыр небір айтылып сөз де керім. Ән бұлағы қайнарым қанып ішкен, Көрсетсін оқушылар өз өнерін. Оқушылар өз өнерлерін көрсетеді.

Ән:Дос болайық бәріміз.

Би:Кукарела

Әке туралы ән.

  1. оқушы: Ең бірінші бақытым -Халқым менің Соған берем ойымның алтын кенін. Ол бар болса, мен бармын , қор болмаймын, Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің. 2-оқушы: Ал екінші бақытым- Тілім менің Тас жүректі тіліммен тілім дедім. Кей-кейде дүниеден түңілсем де Қасиетті тілімнен түңілмедім 3- оқушы: Бақытым бар үшінші - Отан деген , Құдай деген кім десе, Отан дер ем! Оты сөнген жалғанда жан барсың ба? Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен. 1-жүргізуші: Білім шыңын өрлейміз басып алға, Қиындық жоқ, бөгеліс жолымызда. 2-жүргізуші: Салтанатпен сап түзеп, ән шырқаймыз, Көк туымыз желбіреп қолымызда. Хор: « Атамекен» Мұғалім оқушыларға өзінің тілегін айтады. Оқушылар «Қоштасу вальсын» билейді. Мектеп басшылары мен ата -аналарға құттықтау сөздері беріледі.













Оқуды, жазуды. Есеп шығаруды. Ән айтып, би билеуді. Сурет салуды Үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды Еңбектенуге үйрендік Табиғатты қорғауға үйрендік

11


© 2010-2022