Планирование на тему Сиқырлы күз

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Сиқырлы күз!»

(ортаңғы тобына арналған мерекелік ертеңгілігіне сценарий)

Мақсаты: Балаларды күз әлемімен таныстыру. Күз мезгілінде болатын ерекшеліктерді сахналандыру. Балаларды күз байлықтарымен, күзгі еңбекпен таныстыру. Табиғатты сүю, қорғауға тәрбиелеу.

Зал әсем безендірілген, әсем әуен ойналып тұрады. Балалар сап түзеп қаз - қатар жүріп орман көрінісімен безендірілген залға кіреді.

IЖүргізуші: Балалар, біздер күзгі орманға келдік. Күзгі орманның жапырағы қандай екен? Қане, қарайықшы. Жапырақтары сары, қызғылт, қызыл. Өте әдемі екен! Солай ма балалар? Ал орманды кім әдемілеп қойғанын білесіңдер ме?

Балалар: Сиқырлы күз әдеміледі.

Жүргізуші: Дұрыс балалар! Ал енді, Алтын күз ортамызға келгенше ән айтып берейікші.

«Күз» әні орындалады.

Тақпақтар:

Алина Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Элеонора Күн шуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап

Ағаштардан жамырап

Ұшты кенет жапырақ.

Әділхан О, алақай, тамаша!

Шашу шашты жапырақ.

Бақтың іші алаша,

Аунар ма едім, жатып

Әділет Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді

Кел, жемісті алтын күз

Кемелденсін халқымыз

Амангелді Әдемі Жетті желмен алтын күз

Жеміс жинау салтымыз

Жиып-теріп болған соң

Той жасайды халқымыз

Мол өнімді жинаймыз

Елге бәрін сыйлаймыз

Іңкәр Құстар қайтты ән салып

Бұлт шарлады аспанды

Қыс келеді жар салып

Күзгі суық басталды

Санжар Жаңбыр жаңбыр, жауа бер

Қорықпаймыз біз сенен

Қолымызда қолшатыр

Кел билеші бізбенен

Мәди У камина и рябины

Вьются стаями дрозды

Под окошком георгины

Красотой своей горды

Жүргізуші:Балалар, қараңдаршы бізге кім келе жатыр?

Керіледі мысық,

Бізге көзін қысып

Жүгіреді жылдам

Көрінсе оған тышқан

Залға мысық кіреді: Сәлеметсіңдер ме балалар! Бүгін сендер қандай әдемісіңдер! Қандай мереке тойлап жатырсыңдар?

Балалар: Күз мерекесі!

Мысық: Ай, жарайсыңдар балалар! Мен осы маңға тышқан досымды іздеп келіп едім, көргендерің бар ма?

Балалар: Жоқ, біз көрмедік...

Залға тышқан кіреді: мысық, достым мені іздедің бе? Мен де балалардың мерекелерін тамашалауға келдім!

Жүргізуші: Мысық, тышқан ортамызға қош келдіңдер! Балалар сендерді қуанышпен қарсы алады. Балалар, мысық пен тышқанға ән айтып береміз бе?

Балалар: Әрине

Ән «Болайықшы осындай» орындалады.

Мысық: Рахмет балалар! Ендеше тышқан екеуіміз сендермен ойын ойнайық, қалай қарайсыңдар?

«Мысық пен тышқан» ойыны ойналады.

Тақпақтар

Мұхамбет Тіл үйірген алмұртпын

Таңсығымын бар жұрттың

Жақсы өсіре алмайды

Қараса егер салғырт кім

Жансая Ұшты талдан жапырақ

Сары көбелек секілді

Аспанда жай шатырлар

Тамшы жерге секірді

Айбат Астық жеміс жиылды

Қамбамызға құйылды

Ардақты күз мың алғыс

Алдық өнім сыйыңды

Амир Жемісі мол теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген

Рахман Ой балалар, балалар

Қоңырқай күз болыпты

Қурап жапырақ солыпты

Ел егінін орыпты

Әділжан Күз арқылы білеміз,

Жомарттықтың салтын біз

Біз өзіңді сүйеміз

Рахмет саған алтын күз!

Лилия Стало вдруг светлее вдвое

Двор как в солнечных лучах

Это платье золотое

У березы на плечах

Жүргізуші: Рахмет балалар! Енді мысық пен тышқан қонағымызға әсем биімізді билеп берейік!

Би «Мысық пен тышқан»

Мысық пен тышқан: Жарайсыңдар балалар! Рахмет сендерге сендердің қандай ақылды, көңілді екендеріңді көрдік. Біз енді қайтайық, сау болыңдар!

Жүргізуші: Балалар,бүгін бізге мысық пен тышқан келді. Ал сиқырлы күз болса әлі жоқ.

Біздер сиқырлы күзді ортаға шақырайық.

Залға күз кіреді: Сәлем, өрен достарым

Алақанды тос бәрің

Қымбатты сый алыңдар,

Қызығыма қаныңдар.

Ән салыңдар, күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер,

Кел,күз тойын тойлайық

Би билейік, оинайық!

Сәлеметсіздер ме балалар! Дауыстарың қандай әдемі! Сендер мен туралы әндетіп жатырсыңдар ма?

Мереке басы ән болар, береке басы дән болар,- дейді халқымыз. Мен көктемде еккен мол астықты жинап, қамбаларды алтын дәнге толтырдым. Сондықтан халық мені «Жомарт күз» деп те атайды.

Жүргізуші: Күз арқылы білеміз

Жомарттықтың салтын біз

Біз өзіңді сүйеміз,

Рахмет саған алтын күз! Деп біздің балалардың өнерін тамашалаңыз

Ән «Осень»

Тақпақтар: Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді Шерхан

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

Көк майсалы көрікті

Алқаптағы көк егін

Бұл күндері киіпті Алтынбек

Сары жібек көйлегін.

Күздің қазан айында,

Алма, алмұрт піседі

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр сыбдыр етеді.

Мансур

О, алақай тамаша

Шашу шашты жапырақ

Бақтың іші алаша,

Аунар ма едім, жатып ап? Азиза

Көк майсалы көрікті

Алқаптағы көк егін

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін Эмилия

Алқаптан бидайды

Қоймаға ел жинайды

Тырнақты тізілген

Ұнатам күзді мен Інжу

Қамбаға толы астыққа

Алғыс саған алтын күз

Бір уыс дән шаштық та

Қап-қап қауын алдық біз. Тілек

© 2010-2022