Класс сағаты. Тақырыбы: Қыз өссе, елдің көркі

Раздел Воспитательная работа
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жүргізуші:

-Құрметті, бүлдіршін қыздар!Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын! Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, әдепті, инабатты жан елестейді. Бүгінде сол әдепті де әдемі, инабатты да мейірімді ару қыздарымыз -біздің сыныптың бүлдіршіндері!

-Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық.

Рұқсат болса бастайық!

Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып

Аруларын сыйлаған, халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

(Бүлдіршін қыздарды ортаға шақыру)

Батырбек:

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары, жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе, елдің көркі» деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

Ислам Калниязов:

Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!

Би: "Қара жорға" Батырбек

1. Ислам Калниязов:

Жақсы адам кімге болсын болар пана,
Мол оның тал бойына ақыл, сана.
Көркіне ақылы да сай келетін,
Бірінші келе жатқан қыз - Гауһарды қарсы алайық.

2. Даурен:

Өнер қуған жасынан,
Өнері судай тасыған.
Келесі біздің Амина
Көрінген күштің басынан.

Ән: "Бол жанымда" Ислам, Ислам,Олжас


3. Диас:

Бәріміз жақсы көретін,
Жарыста демеу беретін.
Келесі біздің Факизат қыз,
Шырқап ән салып беретін


4. Кенжеғали Ислам:

Сыпайы оның мінезі,
Күліп жүрер ақырын
Қыздар кешіне кеп қапты
Жүрек жұтқан Нұрсәуле.

Ән: "Алло"Даурен , Ілияс


5. Олжас:

Сабырлы, әрі салмақты,
Өзі өнерлі жан - жақты.
Келе жатқан Жадыра қыз
Кешімізді жалғапты.

6. Кенжеғали Ислам:

Қуантады білімімен бізді Дильназ қыз,
Қол соғып қарсы алайық енді оны біз.
Білімің серік болсын талабыңа,
Бүгінгі қабыл болып тілегіміз.

Би. Жандос


7.Ілияс:

Құлпырған дала гүліндей,
Жүресің әркез күлімдей.
Арманыңа аңсаған Махаббат
Ақниетпен жет, сүрінбей!


8. Әділ:

Қыздардың бәрі сұлу салсаң назар,
Бәрі де арманыңа қолың созар.
Арманың орындалсын, Қарақат,
Бұйырса бақыт құсы саған қонар.

Ән: "Жарай ма?!" Ислам Калниязов

9.

Анаң сені Нұрайым - дейді
Сен мұңайсаң уайым жейді
Анаң сені «Күнім» - дейді
Сен қуансаң күлімдейді.

10.

Қос бұрымы аш беліне төгілген,
Келбеті бар кермаралдай керілген.
Қазақ қызы - инабатты Асель қыз
Ақ жүзінен аппақ сәуле төгілген.

Ән: "Жаяу"Кенжеғали Ислам, Олжас

11.

Тіл байланып қалатындай көргенде,
Сұлулықты соған ғана берген бе!
Кімде болса бас иеді мойындап,
Қарсы алдына Назым біздің келгенде

12.Жандос:

Атыма кір келтірмей өтсем дейді,
Бойында әсемдіктің мың бір сыры!

Аты- Дильназ ,әкесі- Сайранбек қызы,
Жүзінен төгіледі күннің нұры.

Ән:"Төрешім" Диас,Нұрдәулет,Калниязов Ислам.

«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар » деп аталған сайысымыз сұрақ-жауаптан тұрады.

1,Ең мықты ағаш( емен)

2. Төрт түлікті ата

3.Ай атауларын ретімен ата

4.Көктем жаршысы (Ұзақ)

5. Үш арсыз (үйқы, тамақ, күлкі)

6.Ең кішкентай құс( калибри)

7. Билер(Қазбек би,Әйтеке би, Толе би)

8. Ұшпайтын құс

9. Дүниеде неше алыс бар( жер мен көк,кәрілік пен жастық,жақсы мен жаман)

10.Су анасы-бұлақ, сөз анасы-құлақ

11.Қазақтың ұлттық ойындарын ата?

12.ҚР тәуелсіздігін алған күні жылын ата?

13. Қозы Көрпештің серігі? (Баян Сұлу)

14. Ананың анасы сізге кім болады? (Нағашы әже)

15. Еттен жасалатын тағам? (Бесбармақ).

16. Қазақстанның Президенті кім? (Н.Назарбаев)

17. Қазақстанның бұлбұл әншісі атағына ие болған әнші анамыз? (Б. Төлегенова).

18.Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан)

19. Білім, оқу, жазуды үйретуші адам? (Ұстаз).

20. «Фариза, Фаризажан Фариза қыз» кімнің өлеңі (Мұқағали)

21.Қошақанның анасы? (қой).

22. Қыз бала туралы бір мақал айтыңыз.

23. Төлегеннің серігі? (Жібек)

24. Ананың сіңлісі сізге кім болады? (Нағашы апа)

25. Сүттен жасалатын тағам? (Көже, айран, ірімшік,қаймақ,май).

26. Аллада не жоқ? (бауыр)

27. Қазақстанның әйгілі ақыны, әрі жерлес анамыз? (А.Бақтыгереева).

28.Әйгілі күйші-анамыз? (Дина Нүрпейісова).

29. Науқас адамдарға көмек беруші, емдеуші адам? (Дәрігер).

30. Әнші Мадина … (Ералиева)

31.Тай, құлынның анасы? (Бие).

32. Ана туралы бір мақал айтыңыз.

Күй. Әділ

Ойындар:

1. «Мұрын-құлақ» ойнын ойнаймыз деді.

Қыздардың көздерін жауып, Ұлдарды бір-бірлетіп не мұрындарын, не құлақтарын ұстату.

2. Аттамақ

Бұл ойында үш жіпті керіп ұстап тұрады. Біріншісі төмен, оны аттап өту керек, екіншісі биік, оны еңкейіп, үшіншісінен тағы да аттап өту керек. Әуелі бір ойыншыны алып келіп, осы жіптен өткізіп жаттықтырып, содан соң көзін байлап, бір айналдырып қоя беру керек. Ойын басқарушының белгісімен жіпті керіп ұстап тұрған адамдар жіпті алып тастайды да, ал ойыншы өзінше әрекеттеніп аттап жүреді.

Ескерту: ойынды ұзаққа созу үшін 3-4 адамды басқа бөлмеге апарып қою керек.

3. Әріп таңдау

Ойнаушылар дөңгелене отырады. Әркім өзіне бір әріпті (А, Ә, Б, В, Г, Ғ, Д, Е...) таңдап алады. Ойын басқарушысы:

- Сен қандай әріпті алдың?

- А.

Ойыншы басқарушының одан әрі берген сұрақтарына тек «А» әрпімен басталатын сөздермен ғана жауап беруі керек. Сөздерді көп ойланып тұрмай, тез айтуы шарт.

- Сенің атың кім?

- Асан.

- Фамилияң кім?

- Ахметов.

- Қайдан келдің?

- Ақтөбеден.

- Онда не өседі?

- Алмұрт, алма, абрикос.

Осындай «А» әрпімен бастаушы келесі ойыншыға (басқа әріпке) әр түрлі сұрақ қояды. Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап бере алмай, болмаса тоқтап қалған жағдайда, ойыншы ортаға шығып, көпшіліктің ұйғаруымен өнерін көрсетеді. Ойын жалғаса береді.

4. Қимақ

Бұл ойында жіп керіп, сол керілген жіпке әр түрлі ұзындықта сан алуан зат байлап қояды. Мынандай заттар: қалам, өшіргіш, кәмпит, кітап, ойыншық және ойын көңілді болу үшін бос қағазды да матап орап қояды. Ойынның шарты: бір адамның көзін байлап, ойын бастаушы оның қолына қайшы ұстатып, осы заттан «бар да, қалағаныңды қиып ал» дейді. Ол адам қиған затын алады. Егер бірінші мәрте қия алмаса, екінші мәрте әрекеттенуіне болмайды.

Қорытынды:Қыз баланы ізетті,инабатты асыл жан етіп,ісіне көркі сай тәрбиелеу,қыз сыйлау халқымыздың қанына сіңген қасиет, олардың айналадағы адамдармен қарым-қатынас жасай білуіне көңіл бөле отырып, оларға нәзіктік пен сүйкімділік қасиеттерін бере білген.

«Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын,

Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын» - дегендей, қыздарымыз ата-бабаларымыздың ықылым заманнан келе жатқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрып сөндірмей жалғастыратын өнерлі де ибалы боп өссе дейміз.Ару қыздарымызға рахмет айтамыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!



© 2010-2022