Поурочный урок: Көрсет және қайтала

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 17.02.15

Тәрбиеші: Мырзағалиева Ж. М.

Ұйымдаcтырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Бірінші кіші топ (2-3 жас)

Білім беру саласы: Қатынас.

Тақырыбы:Көрсет және қайтала! Мақсаты: өткен оқу іс- әрекетінен алған білімдерді бекіту. Өлеңнің мазмұнын түсіне білуге үйрету. Қажетті құрал жабдықтар: тазалық заттарының үлестірмелі суреттері. Сөздік жұмыс: тарақ, сүлгі.

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-қызметі

Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық

Балалармен сәлемдесіп, шаттық шеңберін құрады. Күнге қарап күлімдеп, бойымыздағы жылуды күнге қарай шашамыз деп, қимыл- қозғалыстар жасатады.

-Балалар, бүгінгі біздің оқу іс- әрекетіміз ерекше, ойын түрінде өтеді деп, балаларды ойнауға шақырады. «Көрсет және қайтала!» деген ойынды ойнаймыз.

Балалар тәрбиешімен бірге шаттық шеңберіне тұрып, бір- біріне тілектер айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік

Балаларға үлестірмелі суреттер таратып береді.

-Балалар, енді сендер мені мұқият тыңдаңдар, Мен сендерге өлең, жұмбақтар оқимын, қолдарыңдағы суреттердің қайсысы неге ұқсаса сол суретті көосетесіңдер. Және сол затты бәріміз қайталаймыз.

-Су, бетіңді жу! Бұл не?

-Шомылған баланы

Аймалап аланы

Сүртеді қолын да,

Сүртеді жонын да. Бұл не?

Балалар суреттерге қуана қарап, өлең- жұмбақтарды қызығып, мұқият тыңдайды. Шешуге талпынады.

-Су.

-Сүлгі.

Рефлексивті -корригидтік

Балалардың өлеңді тыңдап, түсініп, суретті дұрыс көтеруге талпынғандарына баға береді.

Балалар өлеңді мұқият тыңдауға, түсінуге үйренеді. Сөздерді дұрыс айтуға үйренеді.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: тазалық заттарының аттарын;

Түсінеді: тазалық туралы түсінікті;

Қолданады: өлеңнің мазмұнын түсініп, оны қысқаша әңгімелеуді.



© 2010-2022