Сабак жоспары Сыйынар ем, ана деген танирге

Раздел Воспитательная работа
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Сыйынар ем, ана деген тәңірге!

Мақсаты: оқушыларды инабаттылыққа,ізгілікке, үлкенді сыйлауға, анаға құрмет көрсетуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Түрі: әдеби монтаж,аналар арасында сайыс. Көрнекілік: тақырыптық қабырға газеттері, нақыл сөздер, шарлар, жалаулар, үнтаспа,т.б. Барысы: Мұғалім: Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәріміз де ананың ақ сүтінен нұр алып, өсіп - өніп келеміз. Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі сөз - Ана.Үш - ақ әріптен құралған «Ана» сөзінің астарында үлкен мән жатқанын кез - келген саналы азаматтың ұғынары сөзсіз. Тіршіліктің қайнар көзі мейірімінің кәусар бұлағы - Ана есімінен артық қасиетті, киелі ештеңе жоқ. Күллі дүние абзал да асыл жандардың алдында бас иеді.

Құрметтесек - ананы құрметтейік дегендей, мереке қарсаңында бізде осы бір аяулы аналарымыздың басын қосып отырмыз. Жылына бір келетін мерекеде еңбектерін бағалап, сый - құрмет көрсету біз үшін қуаныш әрі парыз да олай болса, мерекелеріңіз құтты болсын!

Ән « Анаға сәлем » хормен айтылады. Мұғалім: Бүгінгі « Сыйынар ем, ана деген тәңірге! » деп аталатын тәрбие сағатымыз екі бөлімнен тұрады. І - бөлім: 1 - оқушы: Алақаның ақ самал, Мәпелеген жан ана. Көкте күнім батса да, Өзің күнсің балаңа. Теңдесі жоқ данасың, Арқа тұтар панасың. Еңбегіңді ақтаймын, Аман болшы анашым.

2 - оқушы: Мерекең құтты болсын, аяулы анам, Мейірлі, кең пейілді саям, панам. Шарласам да анамды қанат бітіп, Өзіңдей ардақты адам қайдан табам. 3 - оқушы: Анашым бақ тілеймін, шаттық көңіл, Көп қуаныш, қайғысыз мұңсыз өмір. Жыр сыйлаймын анама пәк жүректен, Ақ тілектер, жаныңа жыр боп төгіл. 4 - оқушы: Бұлақсыз ана, саяңда өскем сусындап, Жан жоқ, ана, жалғанда сізден қымбат. Айды алып берер едім, қолым жетсе, Қолымнан келеді тек жыр ұсынбақ. Ән « Ақ анам » 5 - оқушы: Анадан асыл бұл жалғанда жан бар ма, Бақыт тілеп аттандырған арманға. Еркелеткен жүзіңді нұр бейнеңнің, Баладым, ана, күн шуақты таңдарға. 6 - оқушы: Асыл анам, мейірімді, жан анам, Бақытыма жүрші деймін сен аман. Бір басыма шаңырақ боп сен тұрсаң, Өзге бақыт, бақыт деп қалай айтам. 7 - оқушы: Жерде гүлден, көкте күннен нәр алған, Менің анам аппақ нұрдан жаралған. Жүрегі оның жұлдыздайын жанады, Шұғыласы күллі әлемге тарған. 8 - оқушы: Аналар ғой, аналар - ерте көктем, Өмір сүріп тірлікті көктем еткен. Ешкім де жоқ мейірімді аналардың, Сәбилерін мәпелеп, еркелеткен.

9 - оқушы: Аналар ғой, аналар бала бағы, Аналар ғой, аналар дана бағы. Аналарын ұшырған бейбіт құсы, Бар әлемді шарлады, аралады. 10 - оқушы: Ана - деген үш әріптен құралған, Анашымның ақ сүтінен нәр алған. Ана - деген ақ сұңқардай көктегі, Ана - деген күн нұрынан жаралды.

Ән « Ана туралы жыр » 11 - оқушы: Бесік жырын тербеттің, Ауырсам мені емдеткен. Ана! Сізге мың алғыс, Өстіп жүріп ер жеттім. Өсірдің мені мәпелеп, Кішкентайдан тәрбиелеп. Арамыздан әрқашан Тұрады есіп ыстық леп. 12 - оқушы: Сыйладыңдар бізге мына өмірді, Біздер алдық, өнеге көп үлгі. Мейірім - шуақ төктіңіздер, аналар, Болу үшін біз жақсы адам. 13 - оқушы: Менің анам жақсы адам, Аппақ оның жүрегі. Мейірімді ол бізге, Біз деп өмір сүреді. 14 - оқушы: Бір ананың ұлымыз, Гүлі болып себілген. Гүлдің солып қалмауын, Бір алладан тілеген.

Би: Ән « Ана » Мұғалім: Тербейді Ана қуанышты, бақытты, Тербейді Ана - тебіренеді жаны шың. Тербейді Ана уақытты, Барлық әлем бір - ақ бесік Ана үшін. Тербейді Ана бөбегін, Сол арқылы тербетеді өз елін, Құшып, тауын, өзенін. Тербейді Ана көлеңкені, шуақты, Планетаның алақаны сияқты - дей келе келесі кезекті аналарға береміз. Сайысқа қатысатын аналармен жүргізу бағдарламасымен таныстыру. Сайысқа қатысатын аналар ортаға шақырылады. Сайысымыздың бірінші шарты бойынша, аналар өздерін таныстырады. 2. Мақал - мәтел жарысы. 3. Мақал қуаласпақ ойыны. Шебер болсақ,тіл байып, Шешендіктер бір ғайып, Мақал - мәтел үйреніп, Тілімізді шыңдайық, - деп, Кезекті аналарымызға береміз. Бұл сайысқа мақал қуаласпақ ойыны. Мен мақал айтамын, аналар жалғасын табады. 1. Ағайын алтау -( ана біреу ), 2. Ағайынның алтын сарайынан ( анамның жыртық лашығы артық ) 3. Асығу баланың ісі, ( аттандыру ананың ісі) 4. Анаң - асыл қазынаң ( әкең - асқар тау) 5. Ананың алдында ( асқар тауда аласа) 6. Ана сүтін ақтамағанды, ( ешкім мақтамайды) 7. Ана алдында құрмет, ( ата алдында қызмет) 8. Анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаңда, ( қарызыңнан құтыла алмайсың) 9. Ата асқар тау, ана бауырыңдағы бұлақ, ( бала - жағасындағы құрақ) 10. Анасын сүйгеннің, ( баласын сүй)

Үй тапсырмасы: Шеберлерім өнер тамып қолынан, Жаңылмаған ата - баба жолынан. Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін, Біз айтайық төрелігін соңынан - деп, кезекті үй тапсырмасына береміз. « Шебер қолдар » сайысы, Бармақтары майысып. Түрлі ою ойысып, Шеберлер бар даңқы асқан, Ою ойып көрсеткен дей - келе, аналарымыз ою оюдан жарысқа түседі. Өнер сайысы: Кедеймін деп қысылма, Өнерің болса қолыңда. Өнерлінің ырысы, Жарқырап жатыр жолында, - деп кезекті өнер сайысына берелік. Келді міне аналар сайысуға, Болады аналардан үлгі алуға. Салты бар өнерлі осы ортада, Берер деп әділғазы әділ баға, - деп қазылар алқасына сөз беріледі. Аналарды марапаттау. Мұғалім : Ардақты аналар, ұстаздар, ару қыздар! Сіздерге осынау мерейлі мереке тек игі жақсылықтар әкелсін. Дендеріңізге саулық, бала шағаларыңызға амандық тілейміз. Жүздеріңізден қуаныш пен шаттық нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып, шаңырақтарыңызға құт береке дарысын! Мерекелеріңіз құтты болсын ардақты аналар! Аналар, қалқып бақыт аралында, Лайым мұң қонбасын жанарыңа. Осымен кешімізді аяқтайық, Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа!

© 2010-2022