Внекласная работа по воспитательной части на тему Алтын күз мерекесі

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ащысай орта жалпы білім беру мектебі







«Ажарлы күз - алтын күз»

мерекелік сценарийі











Өткізген: М.Темирбулатова














2009-2010 оқу жылы


«Күз - береке, молшылық»

Жүргізуші: Армысыздар, ұлағатты ұстаздар! Бармысыздар, жадыраған жас достар! Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!

Уа, халайық,халайық,

Мұнда назар салайық!

Мерекесі халықтың

Алтын күзге арналған

Сайысымызды бастайық!

Бүгіңгі «Ажарлы күз - алтын күз» мерекесінің бағдарламасы мен таныстыра кетейін

1.Топтың аты, ұраны, төс белгісі

2.«Менің бақшам» күзгі мүсін

3. Күзгі киім үлгісі (1 оқушы)

4.Жар газеттері

5.Күзгі вальс немесе ән

6.Күзгі салат

Сайысымызға әділ баға берер әділқазылар алғасымен таныстырып өтейік

1. Оқу ісінің меңгерушісі А.С.Бисенкулова

2. Педагог психолог А.Г.Иргалиева

3. Ата-аналар комитетінің мүшесі А Умаргалиева

Армысыздар, ағайын, құрбы құрдас!

Бармысыздар жан күйер әз қауымдас.

Бүгіңгі кеш әуенін біз бастайық,

Сайыста көңілменен қол соғайық,

Бағдарламамен таныс болсақ мерекелік шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер әр сынып өздерін таныстырып өтсін

Бірінші бөлім Топтың аты, ұраны, төс белгісі

Алтын күз сізбен бірге шуақ шашсын

Көңілдің серіппелі күйін ашсын.

Бақ пен шаттық бірге қатар қонып,

Біріне бірлікпенен ортақтассын

деп екінші бөлмімізге көшеміз «Менің бақшам» күзгі мүсін

Модельер болу оңай ма?

Қиналып жатсаң мұңайма,

Әр мамадық өзгеше

Өз мәнінде шырайда, - деп келесі үшінші бөлімімізге көшсек Күзгі киім үлгісі


Қамба толды астыққа

Алғыс саған «Алтын күз»

Бір уыс дән шаштықта

Қап-қап бидай алдық біз

деп келесі бөлім жар газеттерін тексеруге береміз

Ерке өсіп, ең жайлаған ұл мен қыз

Асыға сәлем жолдап, жүректен біз.

Тәтті күй, асқақ әнмен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп келіп тұрмыз

деп келесі бөлімізге көшеміз Күзгі вальс немесе ән орындап беру

Өзіңсің жер дүниені гүлдендірген

Сап-сары алтындай боп айналамыз

Алтын күз мерекесі күз айының

Береке боп орнықсын арамызда дейміз біз.

деп соңғы бөліміміз Күзгі салатқа береміз

Ал енді қазылар алқасына сөз кезегін береміз

О, жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір-күрес жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім жеңілдім деп ренжімеген

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын

Тіршілік арман, бәрімізге де орын бар

Басады кейде онсыз да қиын жолың бар

Қуаныш та бар өкініште бар жолдарда

Ұстазым менің, достарым менің

Бәріңде аман болыңдар.


Мараппатау кезеңі

Құрметті оқушылар ұстаздар бүгіңгі «Ажарлы күз - алтын күз» атты мерекелік шарамызды жабық деп жариялаймын




© 2010-2022