Конспект занятия по конструированию

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні

Білім беру саласы:Таным.

Бөлімі:Құрастыру.

Тақырыбы: "Сырғанақ "

Мақсаты:Үлкен құрылыс текшелерін дұрыс пайдалана отырыпсырғанақ құрылысын құрастыруға үйрету

Міндеттері:

1.Сырғанақ қыста ойнайтын ойын түрі екенін түсіндіру

2. Құрастыру тәсілдерін корсету

3. Қыс мезгілінің ерекшеліктерін ашып корсету

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: Сырғанақтың суреті

Билингвальдық компонент: сәлем-hеllo, сау болыныз-good bay

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі

II.Ізденіс-ұйымдастыру








III.Рефлексия

1.Шаттық шеңбері:

Алақанмен жылуды, айналаға таратайық,


2. Ғажайып сәт:

Қонақ келді. Балалар бізге қонаққа Аяулым келді. Ол Жалғыз емес, өзімен бірге достарын ала келіпті

Салем -hеllo

Олар сырғанақпен ойнайын десе, сырғанайтын сырғанағы жоқ екен. Сол себеппен сендерден көмек сұрайды.

-Балалар біз оларға көмектесейік пе?

3.Сұрақ-жауап.

Суреттен нені көріп тұрсыңдар?

-Балалар не істеп жатыр?

-Немен сырғанайды?

- Сендер сырғанап көрдіңдерме?

-сендерге көңілді болдыма?

4. Сергту сәті.

Қар жауыпты далаға,

Қар жауыпты қалаға,

Сырғанаймыз енді біз

Отырып ап шанаға.

5.Түсіндіру, көрсету:

Енді сендер сырғанақ туралы көп нарсе білдіңдер

-Ендеше аяулыммен достарына сырғанақты құрастырып берейік.

Текшелерді тарату.

  • Үшбұрышты текшені қоямыз

  • Екі төртбұрышты текшені бірінші қатарға қоямыз

  • Оның үстінгі екінші қатарына бір төртбұрышты текшені қоямыз

  • Сонда бізде бір жағы сырғанақ, екінші жағы баспалдақ шығады

Ұсақ ойыншықтарды таратып ойнаттыру

7.Д/О «Артығын тап»

Карточкалар таратылады солардың ішінен артығын табады Мысалы:шана, қар гүл артық ішінде.

8.Қорытынды.Мадақтау

Біз не құрастырдық?

Әдемі болып шықты

Балалар өлең жолдарын бірге айтады.

Бақытты боп жүргенім

Сенің арқанда,Ұлы Отан.

Елім менің- тірегім,

Құшағында гүл атам.


-Қонақпен амандасады


Сырғанақты құрастыруға келіседі

Сырғанап журген балалар

шанамен

Иә

Көңілді болды

Өлең жолдарына сәйкес қймылдар жасайды.




  • Үшбұрышты текшені қояды

  • Екі төртбұрышты текшені бірінші қатарға қояды

  • Оның үстінгі екінші қатарына бір төртбұрышты текшені қояды

Ұсақ ойыншықтарды сырғанатып ойнайды

Ойынды ойнайды.


Сырғанақ

Күтілетін нәтиже:

Білу: Сырғанақ туралы

Игеру: Құрастыру тәсілдерін

Меңгеру:Құрастыруды үйренуді

.



© 2010-2022