Жолдағы қауіпсіздік ережелері Тәрбие сағаты (3-класс)

Раздел Воспитательная работа
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жолдағы қауіпсіздік ережелері Тәрбие сағаты (3-класс)Жолдағы қауіпсіздік ережелері Тәрбие сағаты (3-класс)Жолдағы қауіпсіздік ережелері Тәрбие сағаты (3-класс)Жолдағы қауіпсіздік ережелері Тәрбие сағаты (3-класс)Жолдағы қауіпсіздік ережелері Тәрбие сағаты (3-класс)Ашық тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы: : «Жолдағы қауіпсіздік ережелері»

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс-жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.

2. Көше тәртібін әрдайым сақтауға, қиын жағдайларда дұрыс шешім таба білуге тәрбиелеу, құқықтық тәрбие беру.
3. Оқушылардың ой - өрістерін, жан - жақты білімдерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері, жолда жүру әліппесі, жол ережесіне арналған суреттер, қима қағаздар, тапсырма парақшалары т.б.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, топпен жұмыс, ойын, оқушылардың шығармашылығы - салған суреттері.

Күтілетін нәтиже: Оқушыларға көшеде жүру ережесін үйрете отырып,алған білімдерін пысықтайды. Ойларын ашық айтуға, көше белгілерін жатқа айтуға дағдыланады.
Жолда жүру мәдениетін қалыптасады.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

Психологиялық тренинг . «Күлкі шуағында»

2.Кіріспе сөз.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

: Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан - жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол - көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет.
Жол апаты оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі - көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі.

-Балалар ,бүгінгі сабақта біздер жол жүру ережелер қаласына барамыз. Жол ережелер қаласындағы сендерге дайындап отырған тапсырмалары бар. Сендерді жол тәртібі бойынша білімдеріңді сынамақшы. Сыннан өтуге дайынбыз ба?

-Жол ережелер қаласының тапсырмаларын 3-топқа бөлініп ,сайысқа түсеміз.

Оқушылар бағдаршамның түстеріне сәйкес қызыл, сары, жасыл түстерді таңдап, топқа бөлінеді.
1 - топ - «Қызыл» 2 - топ - «Сары» 3 - топ -«Жасыл» .

Жұмбақ шешу

Көрген дәу қырағы, Көшемізде тұрады.

Ол бергенде команда. Бағынамыз әмәндә. Шешуі: бағдаршам

Ендеше бағдаршамымызды ортаға шақырайық

Алуа: Бағдаршам суретін мойнына іліп айтады

Мен боламын бағдаршам

Егер маған қарасаң

Менің үш көзім бар,
Бір көзім «кідір»дейді,
Бір көзім «жүгір»дейді,
Бір көзім «абайла»дейді.
«Қарап қалма маңайға»дейді.

-Бағдаршам: Сәлем, балалар! Мені барлық елдің балалары жақсы біледі. Бүгін сендерге арнайы келдім.

Жүргізуші: Қош келдің, Бағдаршам! Бүгінгі айтар әңгімеміздің бәрі саған қатысты болмақ, сондықтан да бізбен бірге бол.
Бағдаршам: Мен сендерге қояр сұрағым да, жұмбағым да, тапсырмам да бар. Сендерді тексерейін.

І - бөлім . "Кім тапқыр?" Жұмбақ сайысы. Жұмбақтар шешейік Үш топқа жұмбақтар беру

1-Топ

Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)

2-топ

Арқаным бар тым ұзын,Ала алмайсың бір үзім.
Ақылға салып ойланып, Тапшы мұны пысығым. ( жол)


3-топ

Ала таяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен, Ысқырығы күшті адам.(Жол сақшысы )

Әр топ өздерін таныстырады:
«Қызылдар» тобы:

Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.

Бағдаршамның қызыл оты жанғанда жүргіншіге де, көліктерге де тоқтап тұру керек.


«Сарылар» тобы: Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға.

Сары шам бағдаршам отының ауысуын көрсетеді.Бұдан да жүруге болмайды.Тек сақ бол, дайындал!

«Жасылдар» тобы: Жасыл көзін ашқанда,
Жүре бергін, жасқанба!

Сарыдан кейін жасыл жарық жанғанда жол ашық, жүруге болады

Жүргізуші: Қызыл жанды, тоқтағын,
Көрдің жұрттың тосқанын.
Сары жанды - дайындал
Айналаңа қарап ал.
Жасыл жанды - тыңдағын
Жолың ашық, тұрмағын.

Оқушылардың баяндауы бағдаршам туралы

Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапканын білесіңдер ме? Ал ендеше тыңдап көрелік. 1-оқушы Гаухар:

Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сакталмаған.

2-оқушы:Алуа

Оны көше қиылысына ыңғайлап, кайта жасаған ағылшын инженер-механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты.

3-оқушы: Жандос

Алдымен түрлі түсті сигнал қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды.

4-оқушы:Айжан

Өкінішке орай бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады да, содан жарты ғасыр бойы ұмыт болады.

5-оқушы: Мұрат

Тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласына, сосын Нью-Йорк, т.б. қалаларында пайда бола бастайды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана: қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолданыла бастады.

6-оқушы: Нурдос

Кеңес одағы бойынша алғаш рет бағдаршам 1924 жылы Мәскеу қаласының Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысында орын алды.

(Бағдаршамның шығу тарихы жәйлі баяндайды.)

Жолдағы қауіпсіздік ережелері Тәрбие сағаты (3-класс)

ІІ.Ой қозғау.Топтастырайық

-Ендеше ,балалар КЖТ дегенді қалай түсінесіңдер?

-Көшеде жүру тәртібі

-Көшеде жүру тәртібі деген түсінікті қалай түсінесіңдер?

КЖТ

жаяу жүргінші тротуар

жол белгілер

машиналар бағдаршам инспектор қиылыстар

ІІІ-бөлім: Жырдан шашу шашайық. Осыдан кейін балалар жол ережесіне, жол белгілеріне байланысты жаттаған өлеңдерін айтып береді.

1-оқушы: Құдырет

Көшеде ортаға жеткенше,

Әуелі көзің сол жаққа.

Балақай, ортадан өткен соң.

Мойының сол жақтан оң жаққа.


2-оқушы: Серікболат

Мен білем, бәрін мен-деген.

Отырған жоқсың бөлмеде,

Машина өтіп кеткен соң.

Жолаушы алға беттесін.


3-оқушы: Ерболат

Ұшқалақ бала ұрыншақ.

Ойлалық, соны ұғынсақ.

Машина өтіпе кетпенсін.

Жолаушы алға беттесін.

4-оқушы : Аяна

Жыламасын, аналар.

Жас ұландар өсе бер.

Сақ болыңдар балалар.

Сақ жүріңдер, көшеде!


5 - оқушы: Айжан

Айнала қауіп бар ойла,
Жан-жағына қарайла!
Сырғанасаң көшеде,
Машина жолын абайла!

6 - оқушы: Мұрат

Асықпаңдар, балалар,
Үлкен жолға келгенде.
Жан-жағына қарап ал!
Деме: Бізді кім елер,
Машина жоқ па? Жүре бер!

7 - оқушы: Акслу

Ештеңе жоқ алаңдар,
Өте берер адамдар.
Жол шетінде тұратын,
Жолбелгіге қараңдар

Бірге: Жол ережесін бұзбаймыз, Ережесін жаттаймыз


8 - оқушы: Ахмет

Жарысып-ақ кетер ек,
Машиналар өте көп.
Жолдан өтем асықпай,
Велосипед жетелеп.

9 - оқушы: Әсем

Жол көліктің жүрегі,
Машина көп жүреді.
«Қауіп жоқ» − деп ойлама,
Жолда футбол ойнама!

10 - оқушы: Жандос

Ата - ананың сенімін,
Еске ұстап ақтай біл.
Жолдан өтер жаяудың,
Ережесін сақтай біл!

11 - оқушы: Нурдос

Айнала қауіп бар ойла,
Жан-жағына қарайла!
Сырғанасаң көшеде,
Машина жолын абайла!


12- оқушы Алишер

Алға ұмтылма ентелеп,
Машинадан қаш, мына!
Түсіп кетпе асығып,
Дөңгелектің астына!


13-оқушыДаяна

Үйрен таппай тыным бір.
Белгілердің тілін біл.
Егер оны білмесең.
Тартар жолың бұлыңғыр.

14 - оқушы: Руслан

Арманға алдан күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз.



ІV.Бағдаршамның тапсырмасы .Топтық тапсырмалар беру

Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?
- Әр оқушы көшеде жүру тәртібін өте жақсы білуі керек. Көшеде жүре білу машина астына түсуден, апаттан сақтайды.

2-топ
3.Жаяу адамға қай жермен жүруге рұқсат етілмейді?
- Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
-Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
- Көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады.

3-топ. -Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз?
- Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса, көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз.Көшенің орта тұсына жеткенде, оң жағымызға көз саламыз.Егер ол жақтан машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орында күте тұрамыз.

V Жол белгілерін білейік бөлімі Өлең шумағы оқылған соң слайдтар көрсету арқылы тереңірек мәліметтер келтіріледі


А)Сақтандыру, ескерту белгісі

Қып - қызыл үшбұрыш
Ескерту белгісі мен болам.
Қауіптен сақ бол деп
Сәт - сапар жолдаған.

Тыйым салу белгісі Қасымхан:

Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты,

Тыйымшыл белгімін , қаталмын салмақты .

Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,

Қауіп бар , бағдарла көз салып жан - жақты.

Бағыт беретін белгісі Томирис :

Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,

Міндетті бұрылыс , әйтпесе қауіпті.

Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,

Абай бол , шартыңды міндетті орында !

Ңұсқау белгісі Ислам:

Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,

Үн - түнсіз жол сілтеп , жол нұсқап тұрамын.

Күндіз де , түнде де от болып жанады,

Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым.

VI- бөлім. Ситуациялық жағдайларға жауап беру.

1. Сен жолдан өтіп бара жатқанда саған біреу айқайласа, не істеу керек?
2. Сен жолдан өтіп келе жатырсың. Кенет аялдамада тұрған өзіңе керекті автобусты көрдің.Сен не істейсің?
3. Сен автобустан түстің. Сен көшенің қарсы бетіне өтуің керек. Сен қалай өтесің?


жүргізуші: Ойын жүргізушісі алдын ала дайындаған үш түсті көрсетіп, оқушылардың қаншалықты жинақы екенін байқайды.

Бағдаршам ойыны Ойын шарты

1)Бағдаршамның жасыл көзін көрсеткенде балалар жүрген сияқты бір орында аяқтарын
қозғалысқа келтіреді.

2)Сары көзін көрсеткенде ду қол шапалақтайды.

3)Қызыл көзін көрсеткенде бір орында қозғалмай тұрып қалады.

Жолда жүруге байланысты «Бағдаршам» мультфильмін көріп тамашалау.
Әрдайым жол тәртібін есте сақтап, көшеде сақ жүрейік!

Сергіту сәтін жасау. «Көңілді күн»

VI-бөлім. Көшеде жүру ережелері. Слайд арқылы көрсету

1. Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктің жүріп тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар басқа, оқушылар сабаққа, дәрігерге, басқа да барар жерлерге дер кезінде жетпеуі мүмкін.

2.Көшеде келе жатып, қақпадан шығып жатқан машинаны көрсең, сақтанып, күте тұр. Көшеде тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт. Машина есігін ашып қалуы мүмкін.

3. Мектепке келе жатқанда өзіңе қауіпсіз болатын жолды таңдай біл. Өткел тар болса, кездескен үлкен кісіге жол бер.

Транспорттың артына жабысуға болмайды. Құлап апа тқа ұшырауы мүмкін.

4.Жүріп келе жатқан көліктің алдынан өтіп кетемін деуші болма. Ол тоқтағанша не өтіп кеткенше тоса тұр.

5. Аялдама тұрған автомобиль, автобус, троллейбустың, машинаның арт жағынан айналып өт. Сонда сен оның соңында келе жатқан машинаны дер кезінде көре аласың.

6 Көшеден өтерде әуелі сол жағына көшенің орта тұсына жеткенде, оң жағыңа көз сал. Егер машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орныңда күте тұр.

Мұғалім: Рахмет, балалар. Сендер бүгін көп мәлімет бердіңдер. Алдағы уақытта осы жол ережесін сақтап, басқа балаларға үйретіп жүріңдер.
Бағдаршам: Мен сендерге ризамын. Бүгінгі жол ережесіне арналған шараға өте жақсы үлкен жауапкершілікпен дайындалғандарың көрініп тұр. Рахмет сендерге. Барлық белгілермен мына отырған балаларды таныстырып шықтыңдар. Енді бұл сынып оқушылары көшеде жол ережесін бұзбайды деп ойлаймын. Мен енді сендермен қоштасамын. Әлі талай сендерге қонаққа келіп тұрамын.Сау болыңдар, балалар!
Мұғалім: Сау бол, Бағдаршам. Ал, балалар, бізге де қоштасатын уақыт келді. Әр топ басшылары қорытынды сөздерін айтсын.
-Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
ЖОЛ жүру ережесі заңды тәртіп,
Ол бәрімізге ортақ тәртіп.
Мұғалім: Рахмет, балалар. Бүгін сіздер өздеріңнің жол ережесін білетіндіктеріңді көрсеттіңдер.Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар дегім келеді. Ал енді «Тоқта!», «Дайындал!» және «Жол ашық!» деген сөздерді байланыстырып әр топ өз жұмысын қорытындыласын.


Рефлексия. Қорытындылау

«Қызылдар» тобы: Тоқта! Сен жолда жүру ережесін білесің бе? Бұл ережені білмесең, өміріңе қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан да үнемі есіңде сақтап жүр, жас дос!

«Сарылар» тобы: Жол ережесін білмейтін кішкене інілерің мен қарындастарыңа ақыл-кеңес беріп, оларға жол ережесін үйретуге дайындал. Бұл сенің міндетің.

«Жасылдар» тобы: Өміріңнің қай кезеңінде де жолдарың ашық болсын!


© 2010-2022