Жаңа жылдық ертеңгілік. сценарий

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жаңа жылдық ертеңгілік. сценарий«Сиқырлы әлемі!»

Дайындағандар:Негізгі №1 мектеп шағын орталық

« Балбөбек» топ тәрбиешіcі

Сматаева Б.Г.
Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қоянның, киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.

Қатысушылар: Жүргізуші, Аязата, Ақшақар, Алекс,Мыстан кемпір, балалар.

Музыка ойнап тұрады.
Тәрбиеші: (жүргізушінің дауысы тыс жерден шығады) Тезірек, тездетіп мында жиналыңдар. Басталады Жаңа жылдық мерекесі, маска да бар, би де бар, асығындар, шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аязата шақырғанның бірі дағы қалмайды. (қол шапалақтау, балалар бір - бірден кіреді)
Тәрбиеші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата - аналар! Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіндер. Мына жерде орман аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл!

Жаңа жылдық ертеңгілік. сценарий

Тәрбиеші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық,
Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.
Тәрбиеші: Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.

Ән;Кішкентай шырша;

Жаңа жылдық ертеңгілік. сценарий

Алекс: Сәлеметсыңдар ма, балалар!, неткен әдемі сұлу шырша! Жаңа жыл құтты болсын мен сендермен жаңа жылды тойласам болама? Мен білемін коп ойын,ойындар ойнайықшы

Ойын: «Ұлпа қар», «Папури»,

Тәрбиеші: Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырайық. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.
Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! - деп айғайлап шақырады.
Аяз Атаның орнына мыстан кемпір ұшып кіреді де шыршаны бір айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.

Жаңа жылдық ертеңгілік. сценарий
Мыстан: Пай-пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның кереметін-ай! Үйге алып кетпесем бе екен? (Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаның түбімен жұлып алғысы келеді.)
Тәрбиеші: Мыстан кемпір! Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды
Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз, тименіз біздін шыршамызға! (Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді: «Ту-у-у!» ). Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып. Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой. Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қаладыда: Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан бір керемет дәмнің иісі шығып еді мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей-ак,осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бір байып қалармын!
Мыстан Кемпір кетіп қалады. Сол кезде қалтасынан бір таяқ түседі.

Жаңа жылдық ертеңгілік. сценарий
Тәрбиеші: Балалар, Кәне тойды жалғастырайық, Аяз Ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар. Әнімізде шыркап, атамызды шақырайық!
Есіктің сыртынан дауыстар естіліп, іле-шала залға Аяз-ата мен ақшақар кіреді. Аяз-ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді, ол кіргісі келмейді.
Ақшақар: Ата жіберіңізші мені! Кірмеймін мында, үйге кетемін.
Аяз-ата: Айналайыным-ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсың ба?
Ақшақар: Жоқ, жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда барғым келмейді, үйге қайтамын.

Жаңа жылдық ертеңгілік. сценарий

Жаңа жылдық ертеңгілік. сценарий
Аяз-ата: Қызым-ау, не айтып тұрсың!
Қарашы біз тойға келдік!
Қане балалармен амандасайық.
Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарға
Бүлдіршін балаларға бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
(Балалар амандасады.)

Жаңа жылдық ертеңгілік. сценарий
Аяз-ата: Рахмет, балаларым! Қанекей қызым! Қонақтардан ұят болады, басыңды көтер. (Ақшақар басын көтермейді)
Аяз-ата: Қарашы балалардың киімі қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайық!
Сол кезде Ақшақар жылап тұрып: Мен шырша шамын жағатын сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым. Осы кезде Аяз - ата оны жұбатып тұрып: қазір мен-ақ өзімнің таяғыммен жағамын - дейді.
Ақшақар: Қойыңыз Аяз-ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.
Тәрбиеші: Ақшақар, сиқырлы таяғың қандай еді?
Ақшақар: Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?
Тәрбиеші: Жаңа мында мыстан болған, ол ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бір затын түсіріп алды, сол емес пе екен?
Қане, барлығымыз іздеп көрейікші?
(Сөйтіп жатқанда Қоян сиқырлы таяқты тауып алады)
Аяз-ата: Жарайсың, балапаным!

Ақша қар:Қане,балалар сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!

«Қуант,бізді таңырқат,шамдарынды жарқырат (3-рет)
Тәрбиеші:өте тамаша,бәрі жақсы,әдемі,жарық болды. Ортаға кішкентай бишілерімізді шақырайық.

Би: «Ұлпа қар!»

Жаңа жылдық ертеңгілік. сценарий
Жаңа жылдық ертеңгілік. сценарий

Тәрбиеші:Тайр:Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп
Жасұлан: Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан,
Аяз Ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.

Асель: Бізді байтақ далада,

Асқар тауда қалада.

Биыл ғажап іс болды.

Таң ғажайып қыс болды.

Иляс : Жасыл шырша орманнан,

Бізге арнайы келіпті.

Ойыншығын балалар

Шыршаға әсем іліпті

Арман: Жаңа-жылмен, жңа жылмен,

Құттықтаймыз әрине.

Әкемізді, анамызды

Қонақтардың бәрін де!

Айнұр: Міне тағы келіп тұр.

Жаңа бір жыл балалар,

Жадыратып жер үстін

Төрімізге ол шыққан.

Исламбек : Аспан жерге төгеді.

Ақ күмісін уыстап,

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап.

Зере : Жүзімізге күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамызбәріміз.

Ән: «Новый год»

Жаңа жылдық ертеңгілік. сценарий

Ойын: « Жұлан»

Таппақтар:

Қолқанат:Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
Иляс: Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.
Арман: Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.
Айнұр;Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.
Асель: Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.
Исламбек: Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
Зере:Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

Би: «Пингвин».

Жаңа жылдық ертеңгілік. сценарий
Жаңа жылдық ертеңгілік. сценарий

Тәрбиеші: Қайратты,ақылды ,болашақ жігіттерді ортаға шақырамын.

Би: «Мики-маус»

Жаңа жылдық ертеңгілік. сценарий

Алекс:Нұр берді шырша алаңға
Кәне, шашу шашайық,
Тойлап, көніл ашайық.
Бәрі билеп жатқанда,
Босқа қарап тұрмайық.Жаңа жылдық ертеңгілік. сценарий

Біз де би билейік.Жаңа жылдық ертеңгілік. сценарий

Би: «сайқымазақ»

Жаңа жылдық ертеңгілік. сценарийАқша қар:Балалар
Би билеп, ән салайық.
Жаңа жылдың тойында
«Жан салайық» ойынға!

Ойын: «Буратино», «Пингвин»

Би: «Қояндар»Жаңа жылдық ертеңгілік. сценарий

Тәрбиеші:Аяз ата біздің балалар тағы бір өнерің көрсетеді.

Тайр:Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп
Жасұлан: Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан,
Аяз Ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.

Асель: Бізді байтақ далада,

Асқар тауда қалада.

Биыл ғажап іс болды.

Таң ғажайып қыс болды.

Иляс : Жасыл шырша орманнан,

Бізге арнайы келіпті.

Ойыншығын балалар

Шыршаға әсем іліпті

Арман: Жаңа-жылмен, жңа жылмен,

Құттықтаймыз әрине.

Әкемізді, анамызды

Қонақтардың бәрін де!

Айнұр: Міне тағы келіп тұр.

Жаңа бір жыл балалар,

Жадыратып жер үстін

Төрімізге ол шыққан.

Исламбек : Аспан жерге төгеді.

Ақ күмісін уыстап,

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап.

Зере : Жүзімізге күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз.

Тәрбиеші:Біздің кішкентай ханшайымдарымызды қарсы алайық!

Би: «Шығыс биі»

Жаңа жылдық ертеңгілік. сценарий
Жаңа жылдық ертеңгілік. сценарий

Аяз ата: Ойбай мені басқа балалар күтіп жатыр ғой,қызымау кететін уақыт келді,балалармен қоштасайық,сыйлықтарын таратайық.

Тәрбиеші:

Жүзімізді күлкі ойнап,

Қанаттар жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап

Ән шырқадық бәріміз.

Келді тағы жаңа жыл

Қуантуға біздерді

Құтты болсын қуаныш

Құттықтаймыз сіздерді.

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын келесі құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Жапабаев Е.Т беріледі.


Жаңа жылдық ертеңгілік. сценарий







Ерейментау аудан білім бөлімі

№ 1 негізгі мектебі



Жаңа жылдық ертеңгілік. сценарий

Дайындаған:Сматаева Б.Г



© 2010-2022