Мектепішілік Алтын күз мерекесіне арналған сыныптан тыс шара

Раздел Воспитательная работа
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Алтын күз» -мерекесінің бағдарламасы

Шараның тақырыбы: «Берекелі,мерекелі Алтын күз»

Мақсаты:

1.Мектеп оқушыларын ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа, талғампаздыққа баули отырып, эстетикалық тәрбие беру;

2.Туған жерді сүюге, Жер-Ананы, табиғатты қорғауға баулу.

3.Өнерлі, дарынды балаларға қолдау көрсету,қабілет-дарынын дамыту.

Барысы:

А/. Ұйымдастыру шаралары

Ә/. Шара өтетін орынды безендіру

Б/. Музыкалық аппаратуралармен қамтамасыз ету

В/. Шараға қатысушы оқушыларды орналастыру

Г/. Әділ-қазылар алқасының құрамын нақтылау

Жүргізуші:

Армысыздар! Қадірменді қонақтар! Ұстаздар! Мектеп оқушылары!

Мерекесі асып, берекесі тасыған «Алтын күз» мерекесіне қош келдіңіздер!

1. Кездескен соң күзімен,

Бұтағынан үзілген.

Ай жапырақ-сары алтын

Айналаның бәрі алтын.

2.Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті - Алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.

1.Сары алтыннан бұрым да,

Сары пүліш көйлегі.

Алтын күзді шынында,

Ару дерсің бейнелі.

2.Келістіріп бар сәнін,

Берген өзі табиғат.

Алтын күзді ал, қане,

Қарсы алайық жамағат!

/Музыка ырғағымен Күз- ару ортаға келеді/

Күз-Ару:

Сәлем, өрен, достарым,

Өмірге көп қосқаным.

Қымбатты сый алыңдар,

Қызығыма қаныңдар.

Молайтыңдар шаттықты,

Ән айтыңдар бақытты.

/Күз-Арудың құрметіне Абай Құнанбаевтың «Күз» өлеңінен үзінді оқу Баққожаұлы Ерасылға тапсырылады. /

Күз-ару:

Иә ,мен сары алтындай сап-сары күзбін,еркемін. Сәл нәрсеге ренжіп,қабағымды түйе қаламын.Кейде болмашыға өкпелеп.көз жасымды төгіп-төгіп аламын. Әйтсе де, менің жомарттығым бәріне ұнайды.

Жүргізуші:

1.Өнімді үйіп тастадың,

Оқуды да бастадың.

Берекелі Алтын күз,

Ашық болсын аспаның.

2.Кең далама күз келді,

Қарық қылып жеміске.

Сары түс болды түз, бел де,

Толықсып пісті егіс те.

1.Ән тербетіп әлемді,

Шарықтасын күлкі-ойын.

Қарсы алайық, ал енді,

Қонақтарын бұл тойдың

2. Келбетімен көрікті,

Арзан күлкі сән қумай.

Ортамызға келіпті,

Тіл үйірер жемістер- дей отырып, жомарт күздің жемістерін ортаға шақырамыз.

Таңқурай-Ақерке:

Жеміспін жеңсік көптерге,

Мекенім таулы бөктерде.

Байқағын сен де мәуемнің,

Бір талын үзіп жеп көр де.

Тілді үйірер дәмім-бал,

Күн көзімен жалындар.

Қасиетті жеміспін,

Бойымда шипа - дәру бар.

Жүргізуші:

Тәніңе қуат қосатын,

Көріп пе ең нәрдің осалын.

Мың да бір ем тұмауға,

Қайнатылған тосабың- деп құлпынайға қол соғып қошемет көрсетейік.

Алма-Ақнұр:

Күздік апорт алмамыз,

Күннен қуат аламыз.

Жұмыр жерден нәр алып,

Жұлдыздай боп жанамыз.

Шие-Тоғжан:

Мен шиемін,шиемін.

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар,

Төмен басты иемін.

Жүргізуші:

Алтын күзде ағылар,

Бау- бақшалы ауылдан.

Әрі сусын, әрі бал,

Сыр тартайық қауыннан.

Қауын-Арай:

Күз жеткенде тамылжып,

Дастарханнан табылдық.

Мына бізден жасалар,

Қауын қақ пен қауын құрт.

Сусының да ,асың да,

Біз боламыз расында.

Шөліңді бас жаз бойы,

Бабымызды асыр да.

Қызанақ- Сымбат:

Тал шыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып.

Тұрған ол мен -қызанақ,

Күнге қарап ұялып.

Пияз-Олжас:

Асханадан шықпаймын,

Атым-пияз, бұқпаймын.

Көзден жасты шығарып,

Тұмаудан мен сақтаймын.

Сәбіз-Назерке

Өсіретін бойыңды,

Дамытатын ойыңды

Қоянға да азықпыз,

Сәбіздерміз жазықсыз.

Қызылша-Ерлік:

Ақ түсім бар қант алар,

Қызыл түсім қанға нәр.

Зияным жоқ біліп қой,

Қызылшамын, пайдам бар.

Қырыққабат-Абзал

Бақшаларда тізіліп,

Қаперсіз мен жатамын.

Қабат-қабат киініп,

Қырыққабат атандым.

Картоп-Мәди:

Картоп біздің атымыз,

Жер астында жатырмыз.

Бір тамырдан тараған,

Ағайынбыз бәріміз.

Жүргізуші:

Астық ,жеміс жиылды,

Қамбамызға құйылды.

Ардақты күз, мың алғыс!

Алдық өнім сыйыңды, деп, жемістер мен көкөністерді шығарып салып, «Алтын күз» мерекесіне қатысушы-өрендерді құрметпен ортаға шақырамыз.

І-топ:

«Аққайың» тобы

ІІ-топ:

«Алтын дән » тобы

ІІІ-топ:

«Ақ бидай» тобы

Жүргізуші:

1.Өнерліге барша жұрт тамсанады,

Таныстырып өздерін жар салады,-дей отырып қатысушы топтардың таныстыру сәтіне кезек беріледі.

2. «Өнерліге өріс кең»,-демекші келесі кезекте өрендер өз өнерлерін ортаға салады.

3. «Қыз сұлу көрінеді сымбатымен»- дей келе, күзгі сән үлгісін көрсетусәті де келіп жетті.

4.Жас жеткіншек әсем гүлге тең келеді.

Өмірде сұлулық қой ең керегі,

Алтын күз -берекелі мерекеде,

Өрендер әсем бимен тербеледі.-дей келе биге кезек беріледі.

5. «Артық болмас білгенің...»- викториналық сұрақтар.

6. «Ас адамның арқауы»- дей келе, қатысушы топтар дастархан мәзірін таныстырады.

Жүргізуші:

Мереке,тоймен келген күз,

Тарихи күндер берген күз.

Еңбек жемісін берген күз,

Бейнеттен зейнет көрген күз, дей отырып , «Күз-Аруды » қошеметтеп, шығарып салайық.

Күз-Ару:

Барлығыңды қимаймын,

Барымды мен силаймын.

Астық,жеміс-береке.

Бір айға нәр- бір демім,

Менде көп- ақ мереке,

Өздеріңмен біргемін.

Бәрі хормен:

Жасайды той халқымыз,

Жаса,жаса Алтын күз!

Кешті қорытындылау.

Әділқазылардың шешімімен таныстыру.

Марапаттау.

Соңынан би кешін ұйымдастыру.


Іс-шараны ұйымдастырушы:

Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары: Мыңбаева Г







Бекітемін:

Мектеп директоры:

Б.Д.Дауталиев



Шараның тақырыбы:

«Ардақты күз, мың алғыс»

Тәрбиелік бағыты:

Эстетикалық

Мерзімі:

19-қазан. 2013 жыл


Мектеп оқушылары арасындағы жәрмеңке ұйымдастырудың

іс-шара жоспары


Жәрмеңкенің тақырыбы: «Күз сыйы»

Мақсаты: Оқушыларға экономикалық білім бере отырып, өз беттерінше еңбек ете білуге тәрбиелеу;

Тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету;

1.Ұйымдастыру кезеңі:

а/. Мектеп асханасын безендіру

ә/. Сауда орнын белгілеу

б/. Техникалық және санитарлық талаптармен таныстыру.

2. Жәрмеңке барысы:

А/. Сәлемдесу

Ә/. «Дастархан» әнін айту

3.Мұғалімнің кіріспе сөзі

Құрметті оқушылар, ата-аналар,Ұстаздар!

Бүгін біз «Күзгі сый» атты жәрмеңкемізді ұйымдастырып отырмыз.Бұл жәрмеңкеге оқушылар өз қолдарынан дайындаған тағам түрлерін ұсынады.

Саудаларыңыз сәтті болсын!

4.Тұтынушылар сөзі

5. Ән : «Жәрмеңке сыйы»

6.Жәрмеңкеге қатысушыларды мадақтау.

7.Жәрмеңкенің жабылу салтанаты

Жәрмеңкеге қатысушылар:

Мектеп оқушылары және ата-аналар

Жәрмеңкені ұйымдастырушы:

Технология пәні мұғалімі: Сұраншиева Ұ





© 2010-2022