Классный час на тему: Алғашқы экономикалық түсініктер

Раздел Воспитательная работа
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы: Алғашқы экономикалық түсініктер.

Мақсаты:

  1. Оқушыларға экономика жайында алғашқы түсініңтерді енгізе отырып, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

  2. Ойлау және сөйлеу қабілетін дамыту.

  3. Жағдаяттарды шешу барысында өмірге дұрыс бейімделу.

Сабақтың көрнекілігі: схема, тапсырмалар, үлгі-жауаптар, суреттер.

Барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Тәрбие сағатының өтілу таныстыру. Сыныпты 5 топқа бөлу.

а) «Ойлан, тап» ойыны.

б) «Экономика», «қажет», «керек» терминдеріне түсінік беру.

в) Экономикалық сұрақнама (топпен жұмыс жасау)

г) Сабақты қорытындылау.

«Ойлан, тап» ойыны

100-50

э

60+10

м

70-30

к

20-20

и

70-50

о

30-20

к

40+50

н

40+30

а

101-11

о

э

к

о

н

о

м

и

к

а

50

40

20

90

90

70

0

10

70

Өрнектерді шеше отырып, балалар жаңа «экономика» терминімен танысады.

Мұғалім түсіндірмесі (схема бойынша):

1. Экономика - үй шаруашылығын ұқыпты жүргізу ережелері. Яғни,
қаншалықты үй шаруашылығын ұқыпты, тиімді, ақыл-оймен жүргізе алсақ,
соғұрлым үнемшіл бола аламыз.

2. Адамға пайдаланатын заттар керек. Қажет - адамның
дәл мерзімінде, дәл қазір қолданатын аса керекті заттар тобы.

Керек - адам пайдаланатын, бірақ дәл қазір бір мерзімде қолданылмайтын заттар тобы.

Классный час на тему: Алғашқы экономикалық түсініктер

Мұнан әрі, уйде, қоғамда, мектепте қандай заттар тобы қажет екеніне тиянақты тұжырым жасау мақсатымен топпен жұмыс ұйымдастыру. Сұрақтар тобы:

1-топтың сұрағы: Өмір сүру үшін нелер керек?

2-топтың сұрағы: Үй тұрмысында нелер керек?

3-топтың сұрағы: Оқушыға не керек?

4-топтың сұрағы: Бейнелеу өнері сабағында қандай заттар тобы қажет?

5-топтың сұрағы: Оқушының мектепке келуі үшін қандай киімі болуы кажет?

1-жағдай. Сен анаңмен бірге базарға дене шынықтыру сабағына аяқ киім алуға бардың. Базарды аралап жүріп 300 теңге тұратын машинаны ұнатып қалдың. Сен машинаны алғың келеді. Ал ананда бары 600 теңге ғана. Сенің әрекетің...

2-жағдай. Таңертеңгі астан соң әкең саған майда акшасы болмағандықтан, 200 теңге берді де, тамақ алып жей ғой - дейді. Сен мектепке қуанып келдің. Буфетке кірдің... оқиға ары қарай қалай өрбіді?

3-жағдай. Биылғы оку жылында ана тілі оқулығы жетіспейді. Базардағы оқулық бағасы 450 теңге. Анаң туыстардан оқулығыңды тауып әкелді. Бірақ, алып келгенде оқулық өте ескі, сырткы мұқабасы жыртық еді. Сен оқулықты ұстағың келмей қалды. Сенің әрекетін...

4-жағдай. Сен екі ініңді балалар бақшасынан үйге алып қайттың. Інің қарны ашқанын айтты. Сенде 50 теңге бар. Төмендегі заттардың қайсысын алар едің? Неге? Себебін түсіндір.

Балмұздақ

50 теңге

Алма

50 теңге

Сағыз

50 теңге

5-жағдай. Сенің былтырғы аяқ киімің биыл да өзіңе дәл. Бірақ оны кигің келмей тұр. Жыртық болмағанмен ескілеу. Ойынды әкеңе айтып көріп едің, әкең әлі айлық ала алмай жатқанын айтты. Сенің әрекетін...

6-жағдай. Мұғалім бүгін сағат екіде цирк болатынын айтты. Билет бағасы 100 теңге. Сондай-ақ информатика оқулығын 130 теңгеге алмасақ тағы да болмайды, сабақ өте алмаймыз дейді. Қайсысына барар едің, қайсысын алар едің? Не себепті түсіңдір.

Дене тәрбие сабағында қандай киім болуы қажет? Берілген тапсырмалар бойынша үлгі-жауаптар:

1-топтың жауабы. Өмір сүру үшін:

1. Жарық

2. Жылу

3. Тамақ

4. Ауа
5. Су

2-топтың жауабы. Оқушыға керекті заттар тобы:

1. Оқулық

2. Дәптер

3. Сызу,жазу құралдары

4. Бояу түрлері

5. Сөмке

3-топтың жауабы. Үй тұрмысында

не қажет?

1. Тоңазытқыш

2. Диван

3. Ыдыс-аяқ

4. Телевизор

5. Телефон

6. Сыпырғы

7. Кілем, текеметтер

4-топтың жауабы. Бейнелеу енері сабағында қандай заттар тобы қажет?

1. Сурет дәптер

2. Бояу қалам

3. Оқулық

4. Өшіргіш

5. Қара қалам

6. Оқулық

5-топтың жауабы. Оқушының мектепке келуі үшін мынадай киім болуы қажет:

1. Ұл балалар үшін:

а) Ақ көйлек

ә) Қара шалбар

2. Қыз балалар үшін:

а) Ақ көйлек
ә) Қара юбка

б) Ақ бантик

6-топтың жауабы.

Дене тәрбиесі сабағында қажетті киімдер тобы:

1.Футболка

  1. Трико

3.Жеңіл аяқ киім

4. Олимпика

Жағдаяттарды шешу.

Нұсқау.

1. Жағдаятпен танысыңдар.

2.Топ болып талқылаңдар. (3 минут)

  1. Жауабын сахналаңыз.

  2. Қай топ жауабы үлгі-жауаппен сай келсе, сол топ жеңімпаз.

1-топ. Мен аяқ киім алар едім. Себебі мент онсыз дене шынықтыру сабағына қатыса алмаймын.

2 -топ. Meн буфеттен 1 күлше және 1 шай алып ішер едім, қалған ақшаны әкеме қайтарар едім.

3-топ. Маған ең бастысы - білім. Ал білімді тек жаңа оқулықтан ғана емес, ескі оқулықтан да алуға болады. Сондықтан кітапты түптеп, тігіп алып, оқи беремін.

4-топ. 1 кг алма алар едім. Себебі, балмұздақка екі інім таласады. Ал сағыз тамақ болмайды. Алманы үшеуміз де жер едік, әрі онда дәрумен де мол.

5-топ. Мен былтырғы аяқ киімімді кие беремін. Өйткені мен әкемнің көңіліне қараймынғой.

6-топ. Информатика оқулығын алар едім. Себебі цирк алдыда әлі көп болады, ал информатикадан мен білімді болуым қажет, ол үшін маған оқулық өте қажет.

  • Бүгінгі тәрбие сағатынан не ұқтық, қандай түйінге келдік?

  • Кез келген жағдайда дұрыс шешім таба білу қажет;

  • Ол үшін дұрыс ойлану керек;

  • Экономика әр адамның өз басынан басталады.

  • Әрқайсымыз үнемшіл, ұқыпты болуымыз қажет

Нәтижесінде:

Еліміздің экономикасын дамытушы, жоғары, икемді, ұқыпты тұлға біз боламыз!



© 2010-2022