Қыз сыны сайысы Балауса Ару

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ШҚыз сыны сайысы Балауса АруҚО
Семей қаласы «№25 ЖОББМ»КММ Бастауыш сынып мұғалімі Калембекова Толқын Сейілқызы


Сабақтың тақырыбы: «Балауса Ару»

Сабақтың мақсаты: Балалардың ой -өрісін дамыту.Халықтың салт-дәстүріне

қызығушылығын ояту.Ұқыптылыққа, шеберлікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі :Қыз сыны байқауы

Сабақтың көрнекілігі: Безендірілген зал,музыка,суреттер,құттықтау сөздер,

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

Кіріспе сөз: Құрметті қонақтар! Наурыз мерекесіне орай «Балауса ару 2012» атты сайысымызға хош келдіңізер.!Наурыз елімізге құт әкелсін! Көктем мерекесін ала келген «Балауса ару 2012» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін

1.Атамбаева Н.С

2.Жетимекова А.Ж

3.Қанағатова Қ.М

4.Болесова Г.Е

Сайысымыз әр кезең сайын 5 баллдық жүйемен бағаланады.

Негізгі бөлім:

Енді сайысымыздың бағдарламасымен таныс болыңыздыр.

1-тапсырма: «Таныстыру» өздерін таныстыру

2-тапсырма: «Өнерлі бала-сүйкімді» өз өнерлерін көрсету

3-тапсырма: «Қөлөнер-сырлы өнер» қолдан жасалған бұйымдар

4-тапсырам: «Адам -көркі шүберек» сән үлгісі

5-тапсырма: «Қонақжай» қыздарымыз берілген уақытқа қонаққа стол әзірлеп жасау, әсемдеу

Салт дәстүрімен жараса,

Қайта құрып жаңаша.

Жарыса өнер көрсетіп,

Той бастайық тамаша!

Бүгінгі сайысымыздың аруларын ортаға шақырамыз

Музыка (Азия тобы «Қыз сыны» әні)

Ендеше ортаға аруларымызды шақырамы.

1.Болатова Балауса 1 «А» сынып оқушысы

2.Дүйсенгазина Аяулым 2 «А» сынып оқушысы

3.Айтпаева Амина 2 «А» сыеып оқушысы

4.Оспанова Әйгерім 3 «А» сынып оқушысы

5.Тлеупбергенова Карина 3 «А» сынып оқушысы

6..Назарбаева Аружан 4 «а» сынып оқушысы

7. Семейгазыева Дарина 1 «А» сынып оқушысы

8. Қанатбекқызы Мөлдір 4 «А» сынып оқушысы

Енді сайысымыздың бірінші кезеңіне берейік . «Таныстыру» өздерінің қалауы бойышша аруларымыз өздерін таныстырып өтеді.

Әділқазылар өз бағасын береді.

КАРАТЭ

4 «А» сынып оқушысы Наурызбекова Мөлдір «Ана» туралы

«Өнерлі бала-сүйкімді» аруларымыз өз өнерімен бақ сынасады.

Ұялып бекер қысылма,

Өнерің болса бойыңда.

Өнерлі болсаң жарқырап,

Жолың болар қашанда.

Әділқазылар өз бағасын береді

«Қолөнер- сырлы өнер»

Саусақтары майысып,

Іс тіккен қыз сүйкімді!

Жұқпай қолы -қолына,

Іс қылатын қиқымды.

Аруларымызға берілген дайын ойылған оюды үйлесімді ,әдемі етіп жапсыру

Әділқазылар өз бағасын береді

2 «А» сынып оқушысы Тлеупбергенова Дильназ «Көктем келді» әні

«Адам көркі -шүберек»

Ине ,жіппен жаңа өткен,

Көйлек көрсем -кәделі.

Ісмер ана қыздары,

Тіккендей көйлек әдемі.

Аруларымыз қолдан табиғи керек емес заттардан тігілген көйлектен сән үлгісін көрсету.

Музыка. Ұлытау тобы «Япыр -ай»

Әділқазылар өз бағасын береді

3 «А» сынып оқушылары аналарды құттықтайды

Сайысымыздың соңғы кезеңіне кезек берейік «Қонақжай» Аруларымыз берілген уақытқастолды әсемдеу.

Әділқазылар өз бағасын береді

Қорытынды: Сайысымыздың соңына келіп жеттік. Аруларымыз барлық кезеңдерден өз өнерлерін ортаға салды .Әділқазы алқасы ортаға шығып өз пікірлерін білдіріп, аруларға жинаған ұпайларына сай атақтары мен мақтау қағаздарын береді.

І орын «Балауса аруы 2012»

Номинациялар «Сүйкімді ару»

« Көрікті ару»

«Өнерлі ару»

«Инабатты ару»

«Сымбатты» ару»

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам?!

Құрметті қонақтар келгендеріңізге көп-көп рахмет!


© 2010-2022