Ел болашағы –білімді ұрпақта

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мичурин балалар үйі, Павлодар облысы.

Тәрбиеші: Айтыбаев Азнағұл Айдарханұлы

Отбасылық сайыс тақырыбы: «Ел болашағы -білімді ұрпақта»

Отбасы сағатының мақсаты:

а) білімділік: Балаларға еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұмат беру. Өткен тарихымызға деген ұлттық қалыптастыру және Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.

ә) тәрбиелік: Балаларды Отанды сүюге тәрбиелеу, туған елін, жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін білгізу және ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу.

б) дамытушылық: Балалардың ой-өрісін дамытып, білім деңгейін көтеру, шығармашылық ізденісін қалыптастыру, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасатуға үйрету, патриотизм сезімін қалыптастыру.

Отбасы сағатының әдісі: Әңгімелесу, пікірлесу, сұрақ-жауап.

Пайдаланылған материалдар: сюжетті суреттер, сұрақтар.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру.

2. Негізгі бөлім.

Кіріспе сөз.

( Сюжетті суреттермен жұмыс жасау арқылы түсіндіру.)

Сонау XVII-ші ғасыр басында жоңғарлар қазақ халқын «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаға» ұрындырды. Олар қазақтарды атамекенінен қуып, тоздырып жіберді. 1723-ші жылдар қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды» деп аталып кетті.

1916-шы жылы ұлт-азаттық көтеріліс, одан 1917-ші жылы Ақпан, Қазан төңкерісіне ұласты.

Одан кейін 1931-33-ші жылдары елімізде ашаршылық болды. Ата-бабаларымыз бас ауған жаққа кетті. Сол кезде кезде кеткен қазақтар осы күні туған жеріне оралуда.

1937-38-ші жылдар жаппай жазалау болды. Бұл жылдары біздің қазақ зиялылары, арыстарымыз қудаланды. А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Ш. Құдайбердиев асылдарымыз арада 50 жыл өткенде ақталып, қазір шығармаларын оқып жатырмыз.

1941-45-ші жылдары тұтқиылдан неміс фашистері тыныш елімізге соғыс ашты. «Ер есіміс-ел есінде» демекші қазір біздің ауылымызда жеті ардагеріміз бар. Бұл аталарымыз болашақ сендердің өмірлерің үшін соғысқа барды. Бейбіт өмірді алып берді.

1954-56-шы жылдар тың игеру жұмысы жүргізіліп миллиард пұт астық алынды. Қазақстанның аты әлемге әйгіленді.

1986-шы жылы желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға Алматы жастарының ереуілі болды. Жастар ел басшысы қазақ ұлтынан болудыталап етті. Жас өмірін тәуелсіздік үшін өмірін қиып кеткен аға-апаларымыз: Л. Асанова, Қ. Рысқұлбеков, Е. Сыпатаев т.б. жазықсыз сотталып қыршын өлді. Арада бес жыл өткенде қыршын өлген жастарға Алаңында ескерткіш орнатты.

Енді 1991-ші жылы қазақ елінде тәуелсіздік таңы атты. Қазақ елі егемен ел болды. Бұл күн талай-талай қилы заманды басынан кешіріп келген қазақ халқы үшін ақ жарылқаған күн еді.

Ән. «Әнұран».

- Бүгінгі балалар, отбасы сағатымыздың қорытындысы бойынша XXI-ші ғасыр білім ғасыры. Сабаққа белсеніп қатысқан отбасымыздың «XXI-ші ғасыр озаты» деп тағайындаймыз.

Әділ-қазылар алқасын сайлау.

Ситуациялық сұрақтар қою арқылы балалар іріктеліп шығады.

І-ші тур

Ситуациялық сұрақтар:

1. Егер әкім болсаң, еліңе қандай көмек көрсетер едің? (1-мин.)

Осы сұраққа жақсы жауап берген 5 бала іріктеліп алынды.

Бала жауабынан:

Ұпайлары

2. Соғыс болып жатқанын білесіңдер. Осы елдегі өзің сияқты құрбыңа қандай көмек берер едің? (1-мин.)

Ұпайлары:

3. Егер сен желтоқсан оқиғасы тұсында студент болып, саналы жас болсаң, желтоқсан оқиғасына қатысуың мүмкін. Оқиғаға қатысу мақсатың не? (1-мин.)

Ән. «Қара бауыр қасқалдақ».

Ұпайлары:

Білімділігімен алға төрт бала шықты.

ІІ-тур.

Сұрақ-жауап. (1-мин.)

1-сұрақ: Қазақ батырларын ата.

2-сұрақ: Қазақ әнұранының авторлары кім?

3-сұрақ: Тәуелсіз мемлекетіміздің рәміздері.

4-сұрақ: Қазақ ғарышкерін ата.

Ұпайлары:

Бұл турдан үш бала алға шықты.

ІІІ-тур.

Мақал-мәтелдердің жалғасын табу. (Отан, ел, туған жер, батыр, ерлік туралы) (2-минут).

1-ге: Отан үшін отқа түс----------------(күймейсің)

Арың үшін алыссаң---------------(өлмейсің)

2 -ге: Ерлік пен бірлік-------------(егіз)

3 -ке: Батыр туса---------------------(ел ырысы)

Жаңбыр жауса-----------------(жер ырысы)

Ұпайлары:

ІV-тур.

Халықтық педагогикаға байланысты сұрақтар.

1-сұрақ: Жеті ата. 5 ұпай, барлығы 30 ұпай.

2-сұрақ: Бес парызды ата. 3 ұпай, барлығы 28 ұпай.

3-сұрақ: Бес қару. 5 ұпай, барлығы 30 ұпай.

Келесі турға екі бала шықты.

V-тур.

Балалардың шығармашылық ой-өрісін дамытуға байланысты, мына: «Тәуелсіз Қазақстан» сөзінің әріптерінт пайдаланып сөздер құрастыру.

Ән: «Қазағым»

Ұпайлары:

Сонымен бүгінгі «Тәуелсіздік ел тірегі-білімді ұрпақ» атты тәрбие сағатымыздың «XXI-ғасыр озаты» атағын Гүлшат жеңіп алды. Мойынына өзіміздің ту түстес лента тағылып, мақтау қағазымен марапатталды.

Ал, ..... ынталандыру жүлдесіне ие болды.

VI. Қорытынды сөз.

Қазақ елінің бүгінгі таңда іргелі, мәдениетті, өркениетті елдер қатарына қосылып, ізгі ниетті адамдар назарына ілігуі оңайлықпен келген жоқ. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқы ертеден-ақ үш нәрсені бойтұмардай қасиет тұтып, қадірлеп өтті. Олар: туған елі, жері, ана тілі.

Сондай-ақ еліміз озды, жеріміз жаңғырды, ана тіліміз өз мәртебесін алды. Осының бәрі - тәуелсігіміздің нәтижесі. Қол жеткен жемісі.

Міне, балалар мына байтақтың иесі сендер - Қазақстан Республикасының келешегі, тірегі, тілегі де сендер.

Ән. «Менің Қазақстаным».

© 2010-2022