Cпорттық жарыс ойыны Толағай

Раздел Воспитательная работа
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Cпорттық жарыс ойыны Толағай
Тақырыбы: «Толағай» спорттық жарысы.
Мақсаты: Оқушыларды ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Төзімділік, жылдамдық, ептілік деңгейін дамыта отырып, дененің жалпы даму сапасының артуына, ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу.
Түрі: жарыс
Көрнекілігі:
Барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі.
2.Кіріспе сөз.
3.Спорттық жарыс.
4.Қорытынды.

II .Мұғалім сөзі: Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Чемпион болу оңай ма?
Арман болған талайға.
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалай да.

Құрметті мұғалімдер және оқушылар! «Толағай» атты спорттық жарысымызға хош келдіңіздер.
Әр таңды бақытпен атырамыз,
Өнерді ой көгінде бақылаңыз.
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Спортшы балаларды шақырамыз.
Қарсы алыңыздар.
«Тұлпар» тобы.
Топ басшысы:
Мүшелері:

1.
2.
3.
4.
5

6.


«Күн шуақ» тобы.
Топ басшысы.
Мүшелері: 1.
2.
3.
4.
5

6.
Құрметті сайыскерлер, бүгінгі ойында сіздерге толағай табыс және сәттілік тілейміз.
Ал құрметті халайық,
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер.
Жарысты бастамас бұрын ойынға төрелік ететін әділ-қазы алқасымен таныстырып кетейік.
Педогогика бөліміңін меңгерушісі:
Бастауыш сынып мұғалімі:

Құрметті қатысушылар бүгінгі сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.
III. Сайыстың бағдарламасы.
1 «Тізбек»
2. «Секірмек»
3. «Фут баскет»
4. «Жол кедегілері»

5. «Картоп егу»

6. «Кім шапшаң»


Сонымен бірінші ойынымыз
1. «Тізбек» Допты алдыңғы ойыншы артқы ойыншыға беру, ең соңғы ойыншы аяқтың арасымен алдыңғы ойыншыға жібереді.
2. «Секірмек». Қатысушы топ мүшесі допты секіртіп отырып мәреге жетіп, допты қолына алып жүгіріп келеді .
3. Фут. баскет. Әр ойыншы допты қолымен айдап әкеліп торға лақтырады

4. «Жол кедіргілері» ұзыннан ұзақ қойылған кедергілердің арасынан қолындағы ракеткадағы шарды құлатпай өту.

5. «Картоп егу» топтың бір мүшесі шеңберге отырғызады,екіншісі жинайды.

6. «Кім шапшаң» бір оқушы шеңберді ұстап тұрады екінші одан өтеді,мәреге жеткенде орын ауыстырады.

7.Қаппен секіру

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Әділқазылар сайыстың шарты бойынша қорытынды шығарып, жеңімпазды атайды.Ендеше, шешім дайын болғанша би билейік.
Жүргізуші: Міне біздің сайысымыз аяқталып келеді. Топ оқушылары өздерінің күштерін, ептілік пен жылдамдықтарын көрсете білді Құрметті оқушылар! Сіздерді алған орындарыңызбен құттықтай отырып, бүгінгі жарысымызды аяқтаймыз. Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет, сау болыңыздар.









«Павлодар облысының туберкулезге қарсы балалар санаторииі»ММ













Ұйымдастырушы: Ахметжанова Г.С










2014 - 2015 оқу жылы






© 2010-2022