ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ӨТКІЗУДЕ АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ӨТКІЗУДЕ АҚПАРАТТЫҚ - КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Омарова К.А., Мусурманова Ж.К.

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары

«№25 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ, Семей қаласы, ШҚО, Қазақстан Республикасы

Біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңі - ақпараттық кезеңге толықтай көшіп келеді, бұл кезең, компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық - коммуникациялық технологиялар мұғалім қызметінің барлық саласына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. Қазіргі кезде білім кеңістігін заманға сай ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес.
Білімді ақпараттандыру күрделі де көп қырлы үдеріс болып табылады, оның сәтті жүзеге асуы білім мекемелерін компьютерлендіруге ғана емес, білім беруді ақпараттандыруды қамтамасыз ету әдістемесіне, ғылым мен тәжірибенің өзара байланысына да тәуелді. Бұл ғалымдар мен педагогтардың, психологтар мен әдіскерлердің, бағдарламашылар мен ақпараттық - коммуникативтік технологиялар саласы мамандарының күш - жігерін жан - жақты жұмылдыру уақытының келгенін көрсетеді.Ақпараттық технология бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін қолданылатын арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар болып табылады.
Aқпараттық технология оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін пайдаланылады. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетін қалыптастыруына игі әсерін тигізеді.Жаңа ақпараттық технология құралдарын қолдану қазіргі таңда қажеттілік болып отыр.

Қазіргі таңда дәстүрлі әдістеменің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту мен тәрбие үрдістерінде іске асыру үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады.

Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық - коммуникативтік технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі ақпараттық - коммуникативтік технологиялар» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б., тіркестермен тығыз байланысты.

Білім беруді ақпараттандыру :
• Әр бір адамға білім алудың өзіне тиімді жолын таңдауға мүмкіндік беретін білім берудің ашық жүйесін орнықтыруға;
• Білім алудың техникасын түбірімен өзгертуге ;
• Тәрбие үрдісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру;
• Электрондық білім беруді пайдалану арқылы даралап оқытуға мүмкіндік береді.
Ақпараттық - коммуникативтік технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса зор.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр - ақпараттандыру ғасыры» деп аталды Қоғамды ақпараттандыру - экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі.
Ақпараттық технологиялардың ішіндегі мультимедиялық құралдарда сабақтан тыс кезеңдерінде пайдалану кезіндегі бұл құралдардың тиімді тұстарын атап көрсетсек, олар:
- Танымдық қабілетін қалыптастырады;
- Этнопедагогикалық тәрбие береді;
- Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;
- Оқытушының уақытын үнемдейді;
- Оқулықтан тыс, қосымша мәліметтер береді.

Тәрбие үрдісінде іс-шараларды ұйымдастыруда жаңашылдық таныту арқылы оқушылардың танымдарын, талғамдарын қалыптастырып, жаңашыл көзқарастар туғызуға болады. Мектепішілік кез-келген шараларда компьютерлік құрылғылар, интерактивті тақта қолданылады. Оқушылар әлеуметтік жобалар қорғауда, видеофильмдер дайындауда ақпараттық ресурстарды жиі пайдаланады.
«Баланың ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек» деп Ж. Аймауытов айтқандай әр іс -шараны жаңаша түрде өткізуге ұмтылу қажеттігі туындайды. Мұғалім мен оқушылардың шығармашылық ізденісіне мол мүмкіндік ашып, алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу біздің басты міндетіміз.

Ақпараттық-коммуникативтік технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады.

Дамыған елдердегі тәрбие жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі - ақпараттандыру, яғни ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады:
Мұғалiм - ақпараттанушы емес, оқушының жекетұлғалық және интеллектуальды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалiмнен жоғары құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабiлеттiлiктi, оқушыларды қазiргi қоғамның түбегейлi өзгерiстерiне лайық бейiмдеу, олардың зерттеушiлiк дағдыларын дамыту бағыттарын талап етедi. Заман талабына сай жаңашыл білім үрдісі арқылы, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі ұстаздың басты мақсаты.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 ж

  2. Качанова, Е. Ю. Инновации в библиотеках / Е. Ю. Качанова. СПб:Профессия.2003.

  3. Бабич И.Н.. Материалы XIV Международной конференции «Применение новых технологий в образовании
    МОУ"РазгонскаяСОШ"

  4. Апатова, Н. В. Информационные технологии в школьном образовании / Н. В. Апатова. - М.: Просвещение, 1994. - 210 с., с.31.

  5. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования / Под ред. Е. С. Полат. - М.: Академия, 2003.- 272 с., с.11-12.


© 2010-2022