Сценарий на 8 марта

Раздел Воспитательная работа
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Аналар мерекесіне арналған мерекелік сценарийі
«Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы»

Мақсаты:
-мерекелік көңіл-күйін құру
-анасына, әжесіне сыйластық тәрбиелеу, махаббат тарту
-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру
-балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру
-өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.

Кейіпкерлер: жүргізуші, клоун

Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: гүлдер, құмыра, 2 тегене, ұзын жіп, кір қысқыш.

• Ойындар:
1. Гүлді жина эстафетасы
2. Ананың даусын тану


Ертеңгіліктің барысы:
Жүргізуші:
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 - наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Аяулы анашым» - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.
Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар. Қошеметпен1 сынып оқушыларын шақырайық.
(балалар орындықтардың алдына келіп тұрады)


Хормен
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,
Құрметпенен сіздерге, бас иеміз біз!
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін
Мерекелі осы күн!


Такпактар

Ән: Құттықтаймын ана! 1 сынып оқушылары
Шыгыс би 1 сынып

Жүргізуші: Біздің ұлдарымыз қыздарға тосын сый дайындап келді ғой. Бізге қонақтарды шақырды. Балалар, оны шақырайық па?
Балалар: Иә!
Бәрі шапалақтайды. Залға сайқымазақ келеді.
Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме, достар! Сәлеметсіздер ме, қымбатты ата-аналар!
Жүргізуші: Сәлеметсің бе, сайқымазақ!
Сайқымазақ: Менің атым Тили Вили. Мен сендерді сонау Америкадан кұттықтауға келдім. Хелоу! Хелоу! Хелоу!
( балалардың қолынан ұстап амандасады).
Сайқымазақ: Мен бүгін мереке бойы сендерді күлдіртіп, көңіл күйлеріңді көтеремін.
Ал қазір мен сендерге акробатикалық номерді көрсетеміз.
(Сайқымазақ басына тұрайын деп, құлай береді).
(Бәрі күледі)

Жүргізуші: Қой Тили Вили Сен аяғыңды сындырарсың. Оданда біздің екінші сынып оқушыларының өнерін тамашалайық.

2 сынып тақпақ

Ән екінші сынып «Апатайым»

Сайқымазақ: Қандай жақсы ән. Енді мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын «Гүлді жина» эстафетасы
Ойынның шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Әр топ 5 баладан. Алдарында орындықтың үстінде бес гүл жатыр. Балалар сол гүлдерді кезек кезек бір бірден алады. Сосын құмыраға салады.
Сайқымазақ:
Ал мен әнді жақсы айтамын, маған микрофон беріңіз, моэстро музыку.
(музыка ойнайды, сайқымазақ ырғағына қарамай біресе төмен, біресе жоғары айтады)
Жүргізуші: Тили Вили сен босқа өз тамағыңды шаршатпа. Біздің тобымызда өлең айтатын балалар бар. Қазір бізге Алияның орындауында аналарга «Ақ мамам» әнін айтып береді.

Сайқымазақ: Енді құлақтарыңның естуін тексерейік. Қазір сендер көздеріңді жұмып отырыңдар. Ал бір баланың анасы оны «қошақаным» немесе «ботақаным» деп шақырады. Сендердің мақсаттарың ананың даусын тану.

Ойын «Ананы дауысынан тану»
Жүргізуші: Тили Вили сен көп ойындарды біледі екенсің.

Сайқымазақ: Иә, білемін. Тағы ойнаймыз ба, балалар?
Балалар: Иә.
Сайқымазақ: Ал, қазір маған 2 бала анасымен ортаға шығады. Балалар аналарына қалай көмектеседі екен, соны көрейік.
«Гүл құрау» ойыны
Ойын шарты: мамасы гүлдің суретін салады, ал баласы оны қиып, желімдейді. Кім бірінші бітіреді сол жеңеді.

Жүргізуші: Рахмет, саған сайқымазақ. Сен бүгін бізді қызықтырып жүрдің.
Сайқымазақ: Иә, біз сондаймыз. Біз көп ойындар, әндер де, билер де білеміз. Сендерге де қазір би ырғағын үйретейін.

Ата-аналармен ойнату. Ережелерімен таныстыру.

Жүргізуші: Ал енді осы бидің дұрыс ырғағын екінші сынып ұлдарының орындауында тамашалайық.
Жүргізуші: Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық!! Сауболыңыздар!



© 2010-2022