Жасыл шырша жанында (ертеңгілік)

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жасыл шырша жанында
1-жүргізуші:
-Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар!,
2- жүргізуші:
Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабыты шәкірттер.
1-жүргізуші:
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
2-жүргізуші:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
1-жүргізуші:
Бәрекелді, бәрекелді! Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
2- жүргізуші Құрметті жамағат "Жақсы сөз- жарым ырыс!" - деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы, Айтмұхаева Гүлшат Тоқтасынқызына береміз.

1-жүргізуші:
Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
/Ортаға бишілерімізді шақырамыз

2-жүргізуші:
Армысың, аманбысың Жаңа жылың.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Мешін жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.Балалар біз жалғыз емеспіз ,сендерге ертегілер елінен қонақтар келіп тұр
1-жүргізуші

Қане балалар бізбен бірге тойлап жүрген қой жылын шығарып салайық

2- жүргізуші Жаңадан тақпақ

Аламыз жаттап

Жаңа жыл келді

Жаңа жыл аппақ

Ал енді ортаға жаңа жылды шақырайық

1 жүргізуші:
-Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.
2-жүргізуші:
* Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.
* Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
* Аяз ата келеді Ақшақармен,
* Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
/осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді.
1-жүргізуші:
Ал енді аяз атаның қоржынын түсіруді Гүлбану апаға береміз
Аяз ата:
Уағалейкумассалаум, балам!
2-жүргізуші:
Армысыз Ата! Армысың Ақша қар.
Аяз ата:
Бар бол, балам! Біз қай жерге келдік қарағым?
1-жүргізуші:
- Балығы таудай тулаған, Бақасы қойдай шулаған, Сарытөбеге келдіңіз
Аяз ата:
- Бәрекелді, балам! Сарытөбе әнмен жырдың мекені деп естуші едім. Өнерге жақын өрендерің мұнда да бар шығар?
2-жүргізуші:
- Әрине, ата! мерекенің шырайын кіргізер мыңбұралған бишілеріміз дайын тұр. Сіз рұқсат берсеңіз болды. (вальс)


1-жүргізуші:
-Құрметті халайық, Құрметті Аяз ата Ақша қар! Бүгінгі Жаңа жылдық мерекемізбен құттықтап, кең байтақ Қазақстанымыздың түпкір -түпкірінен өнердің өрінде жүрген не бір саңлақтар келіп қалыпты. Ортаға шақырсақ қалай қарайсыздар?
2-жүргізуші:
Олай болса, /ортаға 8 сыныбының КВН командасы шақырайық
1-жүргізуші:
- Құрметті халайық Аяз атамыздың баратын жері көп.Аяз атамыз бен Ақшақарымыздың уақытын алмай шығарып салайық.
2-жүргізуші:
«Жасыл шырша жанында» - атты мерекелік кешіміз аяқталды. Қош сау болыңыздар.




© 2010-2022