Сыныптан тыс іс -шара Төрлет, Құтты Жаңа жыл!

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:









Мектепішілік жаңа жыл мерекесінің іс-шаралар жоспары

«ТӨРЛЕТ, ЖАҢА ЖЫЛ»

1 - топ

2 - топ

3- топ

5 - сынып оқушылары

7 - сынып оқушылары

6,8 - сынып оқушылары

Бағдарламада:

  • Топтың аты (өз қалауларын бойынша)

  • Жаңа жылдық құттықтау;

  • Жаңа жылдық ән;

  • Топтың биі;

  • Клип немесе пародия;

  • Жаңа жылдық жарнама;

  • Көрермендермен ойын ойнау.

Топтың аты, жаңа жылдық киімі топқа сәйкес болу керек.

Сайысқа жауаптылар: 5-8-сыныптар, сынып жетекшілері, пән мұғалімдері.











Төрлет, Құтты Жаңа жыл!


Мақсаты: Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойында бар өнерлерін ортаға салып үйрету. Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру.

Барысы:
Жаңа жылдық әуен ойнап тұрады. Жүргізуші ортаға шығады.

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, ардақты ұстаздар, оқушылар!

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бірімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық!

Жүргізуші:

Жаңа жыл әлемдегі ең көп, әрі ең керемет тойланатын мереке екен.

Бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар атылып, жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді екен!

Жүргізуші : Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышы - Жаңа жылы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Жүргізуші : Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешіміздің алғашқы сөз кезегін мектеп директоры Байжанов Нұркен Таңатұлына береміз. Жүргізуші :

Жаңа жыл - қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.
Әдемі тілектерге қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

Ленин мектебінің оқушылары мен ұстаздарының жаңа жылды қарсы алуға дайындаған өнерін тамашалауға сайыс өткізбекпіз.

Өнер көрсету үшін 5-тен 8-сыныпқа дейінгі оқушылар мен ұстаздар ұжымы 3 топқа бөлініп сайысады.

Алдымен әр топ өздерінің топ құрамы мен атын таныстырады. Жаңа жылдық құттықтауын білдіреді.

Топ мүшелері ән шырқайды қосылып, би билейді тербеліп.

Жаңа жылдық клип, пародия, жарнама сияқты өнер түрлерін көрсету керек.

Көрерменмен ойын ойнап көңілін көтереді.

І жүргізуші: Ақ киімді, денелі, ақ сақалды - деп, Абай атамыз жырға қосқандай, ұзақ күттірмей, барлық балалардың қуанышы Аяз атаны ортаға шақырайық.

Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!

Аяз ата келеді. Қасында Ақша қары бар. Таяғын тарсылдата кіріп келеді.

Аяз ата:

Сендерге көк жүзінен нұрдай болып,

Жауғанын қапалақтап көріп қардың,

Асыға ұшып келдім құрдай жорып,

Ал, достар алдарыңа келіп қалдым.

Оо, қарақтарым! Мен сендерді сағына жетіп келдім. Шын тілеген ниеттеріңнің арқасында Ақша қар екеуіміз сонау солтүстүтіктен бұғымызға шанамызды жеге салып келіп тұрмыз.

Ақша қар: Аяз ата, дұрыс айтасыз! Иә, достар. Біз келгенше көптеген жерлерде болдық. Әлемнің әр жерінде той-думан болып жатыр.

Жүргізуші : Аяз ата, ортамызға қош келдіңіз. Сіз де, Ақша қар. Өздеріңіз бір тілек айтып, ән салсаңыздар.

Аяз ата:

Келтірейін сәніңді.

Бұзба енді мәніңді.

Қарша қызым, тоқтама,

Шырқап жібер әніңді.

Ақша қар ән салады.

Жүргізуші : Рахмет саған Ақша қар. Аяз ата біздің жастар өнерлі. Сіз келеді деп күтіп отырғандары қаншама?! Солардың да өнерін тамашаласақ.

Жүргізуші: Сайысымызды бағалауға Аяз атаны, мектеп директорын және _____________________________ ортаға шақырайық.

-Бойларыңда жігер күші тасыған

Кездері жоқ қиындықтан жасыған

Қарсы алайық құрметті қонақтарды

Сайысты тамашалауға асыққан.

-Ортаға сайысатын 3 топты шақырамыз. Топтың атын таныстыру.

/3 топ мүшелері ортаға шығады да топтың атымен таныстырады да, жүргізушінің рұқсатымен дөңгелек үстелге жайғасады/

Жүргізуші: -Рахмет! Топтар өз үстелдерініңізге жайғасыңыздар!

Жүргізуші: -Сіздер білесіздер ме? Жаңа жылды әр халық әр түрлі қарсы алады. Жаңа жылды қарсы алып шыршаны безендіру рәсімі Ежелгі Англия мен Германияда басталған екен. Әр ұлт Жаңа жылды әр түрлі мезгілде қарсы алады. Мұсылмандар жаңа жылды қашан қарсы алды.(Балалардың жауабы) Наурызбенен қаңтар қыстың қақаған күнінде де біз көңілді шыршаның қасында, Жаңа жылды қарсы алуға ешқашан қарсы емеспіз.
Жүргізуші: "Жақсы сөз - жарым ырыс!" - деп дана қазақ айтқандай, Жаңа жылдық құттықтау сөзді топтарға береміз. Рахмет, сіздерге.

Жүргізуші:

Құлақтан кіріп, бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй, - ұлы тұлға Абай атамыз айтқандай,
Ортаға өз өнерін көрсетуге .............. ....тобын шақырамыз.

Жүргізуші: Рахмет, сіздерге ....... .....тобы!

Ортаға өз өнерін көрсетуге екіші ....... ....... топты ортаға шақырамыз.

Ортаға өз өнерін көрсетуге келесі ....... ....... топты ортаға шақырамыз.

Жүргізуші: 3 топтың бағасымен таныс болайық

......................................тобына:

......................................тобына:

......................................тобына:

Жүргізуші: Келесі сайысымыздың түрі - би өнерін көрсету.

Шыршамызды айналып

Би билейік қалықтап

Қарап тұрма қалыс кап.

-Қарсы алыңыздар ..... .....тобы.

-Келесі би өнерін көрсетуге ..........................................................тобын шақырамыз!

-Қарсы алыңыздар ......................................... .....тобы.

Жүргізуші: Биіктерге құлаш сермейді,

Шарықтап көкке өрлейді.

Өтсе де қанша ғасырлар,

Халық мұрасы өлмейді. Кешегі сайын дала төсінде қырандай самғап, еркіндікте өмір сүрген бабалар мирасы - халық биі Қара жорға қарсы алыңыздар! "Қара жорға" биі (флеш моб барлық топтар қосыла)

-Әділ қазы бағасымен таныс болайық.

.........................тобына

.........................тобына

.........................тобына



Жүргізуші: Келесі сайысымыз - Жаңа жылдық клип немесе пародия сияқты өнер түрлерінің бірін көрсету керек.

-Ортаға өнерлерін тамашалауға...... .........тобын шақырамыз.

-Келесі топтың өнерлерін тамашалауға шақырамыз.

-Ортаға өнерлерін тамашалауға...... .........тобын шақырамыз.

Жүргізуші: Әділ қазы бағасымен таныс болайық.

.........................тобына

.........................тобына

.........................тобына

Жүргізуші:

Ойнайық та, ойлайық

Сайыскерлер ойынына

Қатысайық, қоймайық

  • Ортаға «көрермендермен ойын көрсетуге» ..................................тобын шақырамыз.

  • Ортаға «көрермендермен ойын көрсетуге» ........................................тобын шақырамыз.

  • Ортаға «көрермендермен ойын көрсетуге» ...................................тобын шақырамыз.

Жүргізуші: Ойынға қатысқан көрермендер Аяз Ата сыбағасынан ауыз тиіп болса, әділ қазы бағасына тоқталайық. Әділ қазы бағасымен таныс болайық.

.........................тобына

.........................тобына

.........................тобына

  • Енді әділ қазыларға сайыстың қорытындысын шығаруға сөз берейік.

/Сайыстың қорытындысы бойынша топтарды марапаттау/

Аяз ата: Жарайсыңдар, сайыскерлер! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер.
Ал енді біз жолға шығайық. Тағы да Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Қош, сау болыңдар!

Жүргізуші: Қандай жақсы біздің Аяз атамыз,
Ол кеткен соң терең ойға батамыз.
Ақша қар болып қалықтаймыз аспанда,
Құс жолымен ән сап бара жатырмыз. Жаңа Жыл құтты, табысты, бақытты жыл болсын деп мерекеміз өз мәресіне келіп жетті. Өз өнерлеріңізді көрсетіп қатысқандарыңызға көп рахмет! Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын! Осымен думанды кешімізді тәмамдап, әрі қарай би билеп, дастарханда жалғастырайық!



© 2010-2022