Ашық мсабақ Тұрмыстық бұйымдар

Раздел Воспитательная работа
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту, Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Қазақтың ұлттық бұйымдарымен таныстыру.

Мақсаты: Халқымыздың қайнар көзі - қазақтың ұлттық бұйымдары туралы ұғымды бала жадына кең, бай, мағыналы көлемде түсінік бере отырып, олардың шығу, жасалу, қолданылу тарихы туралы сыр шерту.

Дамытушылығы: Балалардың ұлттық бұйымға деген қызығушылығын, сана - сезімін, ынта - жігерін арттыру.

Тәрбиелік мәні: Балаларға саналы сұлулық бейнесінде көркем дүниені меңгерте отырып, дәстүрлі шеберлік өнерді қадірлеп, қастерлей білуге баулу.

Сөздік жұмыс: зергер, сақина, шолпы, білезік, камзол, мосы, жүкаяқ, иінағаш, өңіржиек, т. б.

Әдіс - тәсіл: саяхат сабақ - мұражайға.

Көрнекіліктер: ұлттық зергерлік бұйымдар.

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі ашық оқу іс - әрекетімізді қаламыздағы Т. Г. Шевченко мемориалдық мұражайынан бастаймыз.

Орталық алаңдағы Т. Г. Шевченко мұражайы.

Балалар мұражай қызметкерлерімен амандасады.

Шаттық шеңберіне жиналу.

Атым - қазақ, текті батыр ұланбыз,

Қадірлейміз қазағымның мұрасын.

Әдептілік - сұлулық пен теңдессіз,

Дәріптейміз ата дәстүр бұлағын.

Тәрбиеші: - Балалар мені сұлуландырып тұрған не нәрселер деп ойлайсыңдар?

Балалар: - Сіздің әдемі болып тұрғаныңыздың себебі, мойныңыздағы моншағыңыз, құлағыңыздағы сырғаңыз, қолыңыздағы жүзігіңіз.

Тәрбиеші: - Жарайсыңдар, балалар! Олай болса, мұражайдағы құнды дүниелерге ретімен тоқталайын. Қазақтың салт - дәстүрі мәңгі ұшан - теңіз. Асыл қазына ұлттық бұйымдар ғасырдан - ғасырға сақталып жалғасын тауып келе жатқан көне дерек.

Қазақтың ұлттық бұйымдары - түпсіз терең дария. Сол шексіз мұхиттан таралған текемет, алаша, қоржын, аяққап, сырмақ, кебеже, адалбақан, шайсандық, жүкаяқ, бойтұмар, шашбау, шолпы, өңіржиек, алқа, сақина, сырға, қамшы, сойшаңғы, шақша, абдыра, кебенек, камзол, бешпент, тақия, шапан, сәукеле, қапсырма, т. б. түрлері өте көп. Олардың әрқайсысының өзіндік мән - мағынасы, ерекшелігі, көздің жауын алатындай ғажап көрме.

Мысалы: асадал - тамақ салатын ағаш ыдыс, аба - жауынгер киімі, сойшаңғы - жылқының жіліншік сүйегінен екіге жарып жасалады, шашбауды тоғыз теңгеден тұратын күміс бау, жүзік, сақинаны саусаққа тақса, өңіржиекті омырауға тағады.

Сырмақ - киізден сырып оюлап жасалса, аяққап - киізден жасалған ыдыс - аяққа арналған қапшық. «Сылдырлатсаң тиынды, жоғалтарсың сыйыңды» демекші қыздарға, ана - апаларға сәнді түйреуіштер күміс түймелер өз жарасымымен сұлу келбет берген. Балалар, қандай тақпақтар білесіңдер?

Айым: - Сылдыр - сылдыр, сырғалым,

Құлағыма тағар кім?

Сұлу болып әрдайым,

Сырғалы қыз атандым.

Айсұлу: - Өңіржиек - өмірдің өзегіндей,

Көрік берер аруға жезі мөрдей.

Қазағымның оюлы - әшекейі,

Мұра болып қалары сөзсіз білгей!

Аяужан: - Неткен әсем жүзігің,

Саусағыңа тізіп ең.

Шашбау тағып шашыңа,

Бұрымды қыз көріктім.

Әсем: - Ай - ару әсем келбеті,

Қазақ қызы көрікті.

Шолп - шолп етіп шолпымен,

Көз тартар кейпі киелі.

Тәрбиеші: - Неткен керемет, өлең шумақтары десеңші.......

Көрінер ақ үй үзігімен,

Көрінер сұлу - ару жүзігімен деп ақындар жырласа, Балқадишадай ұзатылып бара жатқан қыздар «Бұрымды қыз сәукелесі басында, Үкі тағып домбырасы қолында - деп сал - серілер әнге қосқан екен.

Балалар мұражай төрінен орын алған мына бір әшекей зергерлік бұйымдар неткен әдемі, неткен сұлу.

Тәрбиеші: - Домбыра демекші, ол да қазақтың ұлттық аспабы, аспаптардың көсемі. Оның 20 - дан астам түрі бар: балдырған, шіңкілдек, кең шанақты, қуыс мойын, үш ішекті, т. б.

Балалар тағы қандай тақпақтардан тартуларың бар?

Алтынай: - Назым, Құртқа, Гүлбаршын атқа қонған,

Маңғыстаудың Ақбөбегі атқа қонған.

Ұлжан, Зере, Домалақ, Айша - бибі,

Динаның домбырасында күй боп тартқан.

Нұрай: - Ата - дәстүр салтымен ару - қыздар,

Мың бұралған сұлулық тәнті қылар.

Ою - өрнек қылқалам туындысын,

Сәукеледен табарсың жақұт - гауһар.

Тәрбиеші: - Көшпелі елдің көнекөз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі болып, жаныңды тебіренткен, әрбір қазақтың төрінен орын алатын, киелі домбыраның қасиетті үні шексіз ғибратқа толы екенін бәріміз білеміз. Бір уақыт өтірік өлеңдер әлеміне шолу жасайық.

Батыр: - Күміс күймелі арбамен,

Мұхиттарды шарладым.

Акуланың терісін,

Камзолға оюлап алғаным.

Медет: - Тасбақаға міндім,

Аспанға бет бұрдым.

Жұлдыздарды моншақтап,

Анама сыйға бердім.

Тәрбиеші: - Балбұлақтан су алып,

Бұрымды қыз бұралып.

Иығында иінағаш,

Мосы құрып, шоқ салып.

Тәрбиеші: - Балалар, шаршаған боларсыңдар, бойымызды, ойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті: - Сырға, жүзік, алқалар,

Көрік берер, кім тағар?...

Алтын - күміс білезік,

Сән берер шашбау, шолпылар,

Әдемі болып жүреміз,

Достар бізге қызығар.

Тәрбиеші: - Балалар, қазақтың ұлттық бұйымдарына қатысты мақал - мәтелдерде

аз емес.«Жақсы киіну - сұлулықтың, дұрыс сөйлеу - білімділіктің белгісі»

Мейрамбек: - Алтын кемер - белге сән.

Ақылды жігіт - елге сән.

Есет: - Алтын балдақ - қол сәні

Әшекей кесте - тон сәні.

Нұрлыбек: - Алтынның қадірін зергер білер.

Тәрбиеші: - Балалар, сіздер айтқан тақпақтар, өтірік өлеңдер, мақал -

мәтелдердің бір ұшы - ойынмен жалғасады.

Ұлттық ойын: «Сақина тастамақ»

Қорытынды: - Бүгінгі ашық оқу іс - әрекетті сұрақ - жауап арқылы қорытындылау:

Ұлттық бұйымдарға нелер жатады?

Зергерлік бұйымдар нелер?

Өңіржиек дегеніміз не?

Мұражайдан қызықты қандай бұйымдар көрдіңдер?

Балаларды мадақтау.

© 2010-2022