Қыз өссе елдің көркі

Раздел Воспитательная работа
Класс 1 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Қыз өссе- елдің көркі»

Мақсаты: 1. Қыздарды өзінің ата- тегін ұғынып білуге, бойына ұлттық сананы сіңіру. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.

2.Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Сынып бөлмесі мерекеге сай әсем безендірілген.Суреттер, әдеби-монтаж, нақыл сөздер.

Техникалық құралдар: үнтаспа, музыкалық орталық, домбыра.

Байқау кезеңдерінің жоспары:

  1. Мен қазақтың қызымын (Өзін- өзі таныстыру)

  2. Өнерлінің қолы алтын (Өнерлерін көрсету)

  3. Білім мен дәстүр (Сұрақ- жауап)

  4. Қыздарға әсемдік жарасады (Сән үлгісі)

  5. Ас- адамның арқауы (Дастархан мәзірі)

Байқау талаптары:

  1. Өзін- өзі ұстауы

  2. Жүріс- тұрысы

  3. Киімнің үйлесімділігі

  4. Білім деңгейі

Өтілу барысы:

Мұғалім: Қайырлы күн құрметті аналар, оқушылар, ұстаздар! Барлықтарыңызды алда келе жатқан 8 наурыз- Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаймын. Әр отбасына жақсылық тілеймін. Әр бала ата- анасымен бақытты болсын демекпін.

Бүгін біз аналар мерекесіне арнап «Қыз өссе- елдің көркі» атты байқауын өткізбекпіз.

Байқауды бастамас бұрын әділқазы алқаларын сайлап алайық.

Қыздары бұл сыныптың бәрі өнерлі,

Шығады арасынан әнші, биші.

Қол соғып қарсы алайық енді біздер,

Бүгін де қабыл болып тілегіміз- дей келе байқауға қатысатын қыздарымызды ортаға шақырайық.

1. Ыңғайлы көңіл- күйінің

Әрқашан байқап бейімін.

Айтарымыз Адина

Еркесі ғой үйінің.

2. Бәріміз жақсы көретін

Жарыста демеу беретін.

Күндей жайна Ақбота

Шырқап ән салып беретін.

3. Құлпырған дала гүліндей,

Жүресің әркез күлімдей.

Арманыңа аңсаған,

Сабина жет сүрінбей.

4. Өнер қуған жасынан,

Өнері судай тасыған.

Ақылды біздің Дарина

Көрінер көштің басынан.

5. Сабағын да меңгерген

Жақсылықты жөн көрген.

Ата- анасы Гауһарға

Әдемі есім тең көрген.

6. Үздік оқып, сабағын,

Бәрімізге жағатын.

Еркежан кейде салмақты,

Түйіп алар қабағын.

7. Айтқанда әні әуенді,

Ерекше шығар әуені.

Биязы қыз- Елдана

Өзі де ұяң әдемі.

8. Жайнап жаймен жүретін,

Жымиып ақырын күлетін.

Арамызда Асыл қыз,

Әдептің бәрін білетін.

9. Ай секілді өзі де,

Сыңғыр- сыңғыр сөзі де.

Аружанның қарашы,

Әдемі ғой көзі де.

10. Тазалықты сүйетін,

Сабағын да білетін.

Ай аттас қыз- Айсұлу

Ұзақ болсын өмірің.

11. Әдепті қыз- Арайлым,

Өзі тым әсем, шырайлым.

Сынап оны көрейік,

Әділ баға берейік.

12. Жаны нәзік Назерке,

Отырмыз саған бақ тілеп.

Үлбіреп тез келе ғой,

Көпке сәлем бере ғой.

13. Қыздардың бәрі сұлу салсаң назар,

Бәрі де арманына қолын созар.

Арманың орындалсын, ерке Сана

Бұйырса бақыт құсы саған қонар.

14. Сабырлы әрі салмақты,

Өзі өнерлі жан-жақты.

Аппақ біздің Ақерке (Қаламқас)

Жарысты бүгін жалғапты.

1-оқушы: Құрметтейік, о адамдар, аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі ана деген асыл жан ғой,

Ойлауменен істелік әр қадамды.

2- оқушы: Көктем күні көрікті,

Күн шұғыла төгіпті.

Сол көктемде мереке,

Дүниеге келіпті.

Көктем күні қуатты,

Шашты әлемге шуақты.

Наурыз өзі өмірді,

Нұрландырған сияқты.

3- оқушы: Наурыз келді, анажан серпіліңіз,

Шуақтанып, шаттанып желпініңіз.

Кеудеңізде керемет оттар жатыр,

Сізден жылу әлемін күткеніміз.

4- оқушы: Ақ сүтінен жаралған,

Ақ сүтінен нәр алған,

Анаға бас иеміз!

Туған елдің тілі деп,

Туған жердің үні деп,

Анаға бас иеміз!

І кезең: Мен қазақтың қызымын (Өзін- өзі таныстыру)

5- оқушы: Шуақ төгіп, күлімдейтін қарасам,

Анашымды күнге ғана баласам.

Жер бетінде ең жақыным өзіңсің,

Мәпелейсің, аялайсың әрқашан.

6- оқушы: Ана сүтінен барлық адам нәр алған,

Ол азығың өзіңмен бірге жаралған.

Туа салып тұңғыш татқан дәмің ол,

Күш- қуат боп өн бойыңа тараған.

Ән: «Құттықтаймын ана».

7- оқушы: Толған арман, мақсат тұр алдымызда,

Бақыттымыз анамыз жүр арамызда.

Өсірген өрендерін мақтан етем,

Менің анам міне отыр ортамызда.

8- оқушы: Жасымда ұйықтай алмасам,

Мазасыз өтті-ау әр түнің.

Сырқамай сау жүр анашым,

Анашым менің алтыным.

ІІ кезең: Өнерлінің қолы алтын (Өнерлерін көрсету)

Кесте тігу, ою ойып беру, жүн түту, қуыршақты орау,түйме қадау.


9- оқушы: Туғаннан құлыным деп аймалаған,

Өзіңнен қымбат адам қайда маған.

Дүние аналармен көрікті ғой,

Онсыз бір бұлбұл да сайрамаған.

10- оқушы: Жасынан сүйіп өскен балақаның,

Бір ған сенім артар балапаның.

Бір сәтке ұмытамын қиындықты,

Сипаса маңдайымнан алақаның.

11- оқушы: Ана десем, алғыс алам халқымнан,

Ана десем, теңіз болам шалқыған.

Ана десем, ашылады қабағым,

Ана десем әділдікті ұғынам.

Ән: «Ақ мамам»

12- оқушы: Ана деген адамға Атамекен,

Әр адам анасымен адам екен.

Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым,

Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен.

13- оқушы: Сәулелі сөз сөне ме,

Орны бөлек батаның.

Бізге тәлім өнеге,

Ақ тілеуі ананың.

Әр сөзінің ақырын,

Жақсылыққа тірейді.

Қадап айтып ақылын,

Көпке бақыт тілейді.

ІІІ кезең: Білім мен дәстүр (Сұрақ- жауап)

  1. Түн ұйқысын төрт бөлген адам? (Ана)

  2. Басты байлық не? (Денсаулық)

  3. Еңбектің наны тәтті, (Жалқаудың жаны тәтті).

  4. Арпа бидай ас екен, (Алтын күміс тас екен).

  5. Әдептіліктің белгісі, (Иіліп сәлем бергені).

  6. Білекті бірді жығар, (Білімді мыңды жығар).

  7. Көзің ауырса, қолыңды тый, (Ішің ауырса , аузыңды тый).

  8. Жақсыдан үйрен, (жаманнан жирен).

  9. Ата көрген оқ жонар, (Ана көрген тон пішер).

  10. Қына тасқа бітеді, (Білім басқа бітеді).

  11. Бүгін аптаның қай күні?

  12. 1 тәулікте неше сағат бар?

  13. Мектебіміз неше қабаттан тұрады?

Ән: «Ана жыры»

14- оқушы: Адамдықтың ашқан соң қақпасын кеп,

Туған елің сүйсіне мақтасын деп.

Пәк сезіммен тілеймін адамдардан,

Анасының ақ сүтін ақтасын деп.

15- оқушы: Баланың да тірегі, даланың да тірегі,

Шаншымасын ешқашан, аналардың жүрегі.

Аналарды сүйеміз, сөзін ойға түйеміз,

Әрқашанда ардақтап, басымызды иеміз.

Ұлдардың аналары балаларына 3 қадам жасайды. Әр қадам басқан сайын 1жылы сөз айтады. Ұлдар аналарына қарай қадам басады, әр қадам басқан сайын 1 жылы сөз айтады.

ІҮ. Қыздарға әсемдік жарасады (Сән үлгісі)

16- оқушы: Өзіңсің өмірдегі асылым да ардағым,

Бір өзіңе ақтарып сыр, жыр арнадым.

Анашым, айтарым көп, тіл жетпейді,

Бір сендей асыл адам таба алмадым.

Ү. Ас- адамның арқауы (Дастархан мәзірі)

Ән: «Құттықтаймын ана».

Мұғалім: Аналар, қалқып бақыт аралында,

Лайым мұң қонбасын жанарыңа.

Осымен мерекені аяқтайық,

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа,- дей отырып, бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

«Шақырады көктем» әні.(Барлық оқушылар қолдарына шар, гүл ұстап сахнаға шығады.)

Қорытынды. Марапаттаулар.


© 2010-2022