Воспитательная работа на тему Қошбол құтты әліппем

Раздел Воспитательная работа
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Қош бол, құтты Әліппем!»

Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін-өзі басқаруға үйрету.
Көрнекіліктер: Шарлармен безендіру,слайдтар
Мұғалім:
-Құрметті ата-аналар,ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Қош бол, құтты Әліппе!» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысылса да ,қызыға аттаған бірі отбасының тұңғышы,бірі кенжесі, ата-әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл-қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппемен бүгін қоштасқылы отыр.
-Ендеше, кішкентай бүлдіршіндеріміздің білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын!

Сонымен 1 «Ә» сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.

1 жүргізуші:
«Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Оқу білім бастауы
Ілім, ғылым арқауы
Бүлдіршінге тіл ашқан
Көкірекке нұр шашқан
«Әліппе» тойы басталды» -
Мұғалім: Сөз кезегін оқушылардың өздеріне береміз.
Ажар:
Кең болсыншы еліміздің керегесі,
Тату болсын, болмағай ерегесі.
Таныстырсам өзімді, оу ағайын,
Ажармын ата-әжемнің немересі
Рауан:

Сабақтан еш қалмаған,
Ерінбей оқып талмаған.
Боламын дейтін үлгілі
Рауан деген мен боламын.
Аружан:
Ата-анамның ардақтаған
Аружан атты қызымын.
Әжем мені еркелетіп
Дейді «Алтын жүзігім»
Олжас:
Ұстаз ұғар қашанда
Дамуын әр баланың.
Жақсы оқитын сабақты
Олжас атты баламын.

Аяулым:

Жұмсағанда баратын,

Айтқан тілді алатын

Мен боламын Нұрайлым
Аян:

Аян деген баламын
Таудай биік талабым.
Жақсы оқып сабақты,
Білімді адам боламын.

Аяжан:
Ай нұрынан жаралған,
Ай мен күні анамның,
Аяжан деген сұлуың
Мен боламын,ағайын
Ансат:

Спорт сүйер ер жігіт

Мен боламын Ансат
Альбина:

Альбинамын кең маңдай

Әдемімін мен қандай

Сағи:
Жақсылықты жақтайтын,

Бәрін біліп жаттайтын

Сағи деген мен болам.

Жазира:
Ынталы да инабатты,
Өнегелі бір қызбын.
Ата-анамның ақылдысы-
Жазира деген мен боламын.
Серікбол:

Үлгілі де тәртіпті

Серікбол жігіт мен болам

Нұрайлым:
Қыздар деген бола алады қыр гүлі,
Қазақ қызы болу керек үлгілі.
Жақсылыққа ұмтылатын әрқашан,
Нұрайлыммын әкемнің ерке гүлі.
Ислам:

Дарасы болар даланың

Ислам деген баламын

Нарғыз:
Баршаңызға иіліп, сәлем берем,
Мен қызымын әкемнің Нарғыз деген.
Оқуды да, жазуды тез меңгердім,
42 әріпті жатқа білем.

Ерсұлтан:

Жақсы әдепті, жақсы істі
Бойыма әркез термекпін.
Қиын-ау деп қайыспайтын,
Ер мінезді Ерсұлтанмын .

Нұрай:
Отбасының еркелеткен,
Жарқыраған жұлдызымын.
Сабақты жақсы оқитын
Нұрай деген қызыңмын.

Алдияр:

Көп оқитын,көп тоқитын

Менің атым Алдияр

Мәрмәр:

Сәулелі де сымбатты

Сөйлегенім тым тәтті

Мәрмәр деген қыздарын

Сіздерге арнап тіл қатты

Ернар:

Білім құмар балаңыз

Ернар деген мен болам

Ж.Нұрай:

Еңбек құмар, іс құмар

Нұрай қызың мен болам

Еңлік:

Ай мен күні анамның,

Ақылдысы әкемнің

Мен Еңілік боламын

2 жүргізуші:
Бала шаққа болашақты жырлатып
Шәкірттерге ой түзеген сымбатты
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге
Армысыздар ұстаздарым сымбатты!
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар

Армысыздар әжелер мен аналар!

1. Еліміз , Отанымыз қалай аталады? (Қазақстан)
2. Біз қандай мемлекетпіз? (Тәуелсіз, егеменді)

3. Біздің елбасымыз кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
4. Тұнғыш Президент күні қай күн? (1 желтоқсан)
5. Ел ордамыз қай қала? (Астана)
6. Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады? (Ту, елтаңба, әнұран)

Мұғалім:

- Балалар Әліппені ортаға шақырайық.
Бәрі: Ә-ліп-пе!
(Музыка ырғағымен ортаға Әліппе келеді)

Әліппе:
Армысыздар, жас достар
Армысыздар ата - ана!
Болашаққа жол бастар
Әліппең келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден
Жақсы білім көрімдік
Болсын бізге халайық
Не үйреніп не білдік
Кәне ортаға салайық!
Хор "Әліппе"

Алдияр:
Ең алғаш алғанымда Әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді
Ұстазым оның кілтін алып берді.

Аружан:

Білім деген ғажаптың

Әліппесін меңгерген

Болашағы қазақтың

Басталады біздерден

Альбина:
Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріпте.
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны «Әліппе».

Ернар:
Бірінші беттен елімнің
Елтаңбасын таныдым.
Көк байрақты қазақтын
Ұрпағымын,сәнімін.
Еңлік:
Қош бол,құтты «Әліппе»
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің.

Ерсұлтан:
Білімге жолды бастаған
Әліппем саған,мың алғыс!
Оқы деп ұран тастаған
Әліппем саған, мың алғыс

Жазира:

Әліппем менің ,Әліппем

Сені қолға алып мен

Есігін аштым білімнің

Ертеңгі сәуле жарықпен

Ж.Нұрай:
Енді біз жаза білеміз
Әріпті қосып,әріпке.
Риза боп саған жүреміз
Сүйікті біздің Әліппе.

Сағи:
Бар білімнің бастауын
Әліппеден бастадым.
Үйренуге талпындым
Құлшынып балғын жас жаным.

Әліппе:

Ішім толы әріпке,
Менмін әйбат әліппе!
Барлық ілім -білімнің,
Бастауы мен -Әліппе!
Бұл жерге менің әріптерім меннен бұрын келіп қалыпты ғой.
Мұғалім:

Әліппе, өзіңіз әмір бергендей әріптеріңіз келіп тұр. Не бұйырасыз?

Әліппе:

Ал ендеше мұғалім, осының сыры неде екенін мына көрермендерге айтып берсеңіз.

Мұғалім:

Жарайды, Әліппе. Балалар бұл бір үлкен ертегі. Ертегі тыңдағыларың келе ме?
Балалар: Ия
Мұғалім:

Ендеше ертегілер еліне саяхатқа барайық.

Ерте, ерте ертеде,
Ешкі жүні бөртеде,
Орманда екі үй болыпты: біреуі көк, біреуі қызыл. Көк үйде дауыссыз дыбыстар, қызыл үйде дауысты дыбыстар тұрыпты.Олардың атасы «Әліпби» деген дана болыпты. Осы екі үйдің қызыл үйшіктегі әріптері дауыс шығарып көңілді тұрыпты да, ал көк үйдегі әріптер үнсіз өмір сүріпті. Мұны көрген Әліпби «Мен осы екі үйдегі әріптерді араластырсам не болар екен?» деп ойланып, араластырыпты. Сөйтсе ғажап

бір жайға куә болыпты. Әріптері сөйлей жөнеліпті. Осылайша әріптерден сөз, сөйлем пайда болыпты. Ендігі кезекті осы әріптерге берейік.

Нарғыз:
Ө әрпімен өрістер
Өмір атты дүниең

Рауан:
И дегенің иманың
Адалдықтың асқары
Ажар:
Ж дегенің- жөргегің
Туып-өскен жерлерің.
Ернар:

Ш дегнің шапағат

Тиеберсін баршаға

Еңлік:
Е-ні ұмытпас ешқашан
Елін сүйген жараңдар.
Мәрмәр:
Г-әрпімен гүлденер
Қызғалдақты қырат, тау.

Ансат:
Ы дегенің-ырысың
Орман-тоғай өзенің.

Олжас:
Б дегенім бала ғой
Жұмсаса апаң бара ғой
Н.Нұрай:
Ғ әрпімен бір келер
Ғылым атты ұлы тау.

Ислам:
А деген ол ана ғой,
Ана деген дана ғой
Аяжан:
Р дегенің- рақым

Мейірің мен п ейілің.

Аян:
Лашын биік самғайды,
Лашын көкті шарлайды

Серікбол:
Ә әрпінен табамыз
Әжемізді ақылгөй

Әліппе: Рахмет,балалар! Әріптердің бәрін таныпсыңдар!
1-жүргізуші

Мектеп деген білім кені жыр кені
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені
Ән: «Мектебім»

Мұғалім: Балалар, ал енді осы уақытқа дейін не үйреніп, не білдік, қане ортаға салайық.
Балалар мен қазір сендерге сұрақтар қоямын. Сұрақтың жауабын білетін оқушы қол көтеріп жауап береді.
1. Ең алғаш қолыңа алған кітабың? (Әліппе)
2. Қазақ тілінде қанша әріп бар? (42)
3. У дыбысы қандай дыбыс? (Дауысты да, дауыссыз да)
4. 2 дыбыстан тұратын әріптерді ата (ю,я,ё)
5. Дыбыс бермейтін әріптер (ъ айыру белгісі, ь жіңішкелік белгісі)
6. Сөз неден құралады? (Буындардан, дыбыстардан, әріптерден)
7. Бір аптада неше күн бар?

(7 күн Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі)
8. Жүзім, қарбыз, пияз деген сөздердегі ортақ әріпті табыңдар. (з әрпі)
9. Қандай мақал-мәтел білесіңдер?
Мұғалім: Міне құрметті қонақтар балалардың қандай білімді болып өсіп келе жатқандығының куәсі болған шығарсыздар.
Жұмбақ есептер

Шығармақ боп кеше есеп
Жиналғанда 5 есек
3-еуі ұйықтап отырды
Ынталысы неше есек? (2)

Қазып жүр құмды 5 мысық
3-і жатыр күн ыстық
2-і жүр шомылып
Барлығы қанша санап шық? (10)

Мұз айдында жеті бала.
Асыр сап жүр сырғанап.
Сырғанамай екі бала.
Жағалауда тұр қарап.
Енді осы бар баланың
Санын айтсаң -жарадың! (9)

Көлден ұшты жеті қаз,
Қайтып қонды екі қаз,
Қонбады оның нешеуі?
Кәне, кім тез шешеді? (5)

Жаңа ғана шалғында,
Алты бұзау жүр еді.
Әлде шаршап қалды ма,
Жатып қапты біреуі.
Нешеуі енді жайылып,
Айт, жүргенін айырып. (5)
Әліппе: Жарайсыңдар,балалар математикадан да сауат алып қалыпсыңдар ғой.Енді айтыңдаршы кім сендерді сауатты оқып, жазуға үйреткен, көп еңбек сіңіріп, санауды үйреткен?
Бәрі бірге: мұ-ға-лім

Аружан:

Қыркүйекте келдім де
Сыныпқа кірдім қуанып.
Қарсы алды ұстаз мейірмен
Қадамымды құп алып.

Алдияр:

Жарқын жүзді ұстазым
Келгенімде алдыңа

«Шәкіртім» деп қуанып

Жақын тарттың жаныңа
Сипадың да басымнан,
Әліппені ұсындың.
Бақытымның осыдан
Басталғанын түсіндім.

Бәрі бірге орындайтын ән: «Мұғалім ол біздің»

Мұғалім: Рахмет балалар.Әліппені оқуға тек қана мен емес, ата-аналарыңның да көмегі көп тиді сондықтан ата-аналарымызға да алғысымызды білдірейік.
Сағи:

Сабағымды жақсы оқып,
Бүгін тағы бес алдым.
Жарайсың деп анашым,
Жарайсың деп апашым,
Беріп жатыр батасын

Серікбол:

Менің анам - жаны ізгі,
Әрбір сөзі маңызды.
Меніменен оқитын,
Сыныптасым тәрізді

Аяулым:

Анам менен екеуіміз
Қолға қалам аламыз,
Бірге жазу жазамыз.
Сұрақтарға берілген,
Бірге жауап табамыз.

Н.Нұрай:

Туған жердің төсінде,
Гүлдей жайнап өсемін.
Ата - анамды қуантып,
Биіктерге жетемін.

Олжас:
Оқитұғын баланың,
Қадағалап сабағын.
Ойынын да ойнатып,
Дайындайтын тамағын.

Жазира:

Бірге сурет саламыз,
Соған мәз боп қаламыз.
Мектепке де күн сайын,
Қол ұстасып барамыз.

Ажар:
Алақаның аялы,
Бесігімді тербеткен.
Дәл осындай ананы,
Таба алмаспын жер - көктен

Мұғалім: Анашым әнін . Қабыл алыңыздар!
Ән: «Анашым»

Әліппе: Балалар мен сендермен қоштасамын. Енді сендер қолдарыңа басқа кітап алатын боласыңдар. Ол кітап ана тілі деп аталады. Ендеше жаңа достарыңыз ана тілін қарсалыңыздар!

Ана тілі:

Сәлеметсіңдер ме? менің жаңа достарым. Енді мені оқитын боласыңдар.
Мен де келдім дайындалып тойыңа,
Оқы талмай, түй санаңа, жас бөбек.
Сыр құямын, нұр құямын бойыңа,
Таза ұста, оқы мені қастерлеп.

(ана тілінің тапсырмасы)


Жұмбақ жасыру

Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
(Кітап)

Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған.
(Бор)

Үш көзді батыр
Жолды аңдып жатыр.
(Бағдаршам)

Әліппе:

Әр сөзімді жаттаған
Достар үшін мақтанам
Рахмет айтып шаттанам
Риза болып аттанам
Аттанатын жолым бар
Оқумен өсіп толыңдар
Аман - есен болыңдар

Рауан:
Қош бол құтты Әліппем!
Тіл тұсауын кестін сен.
Аяулы анам болып сен
Айыбымды кештің сен.

(барлығы сахына артына кетеді)

Би вальс " Аяулы мектебім"

Ән «Жаяу» Абылай Ернар

КВН ұлдар тобы.

Мұғалім: Ал енді балалар әліппемен қоштастық. Енді қолымызға ана тілін алатын боламыз.
Ана тілдің құрметіне


« Балапандар» биін қабыл алыңыздар!

БАРЛЫҚ БАЛА САХЫНАҒА ШЫҒАДЫ

Ән: «Көктудың желбірегені»

Мұғалім:
Балалардың білімі құтты болсын,

Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын !

Білімдерін әрі қарай дамытатын,

Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын!

Осымен «Қош бол, құтты Әліппе!» ертеңгілігімізді аяқтаймыз! Балаларды бүгінгі мерекелерімен құттықтау үшін ортаға директордың бастауыш сыныптар бойынша орынбасары Байдусенова Бақыт Женіспековнаны шақырамыз.
Ата-аналар арасында ортаға шығып сөз сөйлеймін деушілерге сөз кезегі беріледі.



© 2010-2022