Сценарий Алтын күз (каз. яз)

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Алтын күз!

ертеңгілігі.

(Екінші кіші топ «Айналайын»)



Орындаған: Мырзагалиева Ж.















Алтын күз!


Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау; ойындарда өз күштерін сынап көруге ынталандыру; күз мезгілі туралы білімдерін кеңейту; табиғат өзгерістеріне мән беруге және табиғатты аялау білуге тәрбиелеу. Күзгі жапырақтармен безендірілген зал, ортаға әсем әуен ырғағымен балалар кіреді, қолдарында жапырақтарды ұстап билейді.Жапырақтарды жерге лақтырады.

Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар және балалар. Біздің «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Бүгін «Айналайын» тобының балалары күзгі баққа саяхатқа келіп отыр.
Балалар бүгін бізге қонаққа күз патшайымы келіпті. Бәріміз қарсы алайық.
(күз патшайымымен амандасу)


Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен күз ханшайымы боламын. Сендерге алыс жерден келдім. Мені күз патшасы жіберді. Бұған дейін көп ормандар мен жерлерге бардым, ол жақтан сендер сияқты балаларды кездестірдім. Олар өте ақылды балалар екен менің тапсырмаларымды орындаған соң сыйлыққа жеміс- жидектер бердім. Сендер менің тапысрамаларымды орындауға дайынсыңдар ма?

-Олай болса бастайық.


Тәрбиеші: Балалар біз күз ханшайымын төрге отырығызайық.
Күз ханшайымы ең алдымен сендердің өнерлеріңді тамашалағысы келеді.

Еңдеше балалар, ханшайымға дайындаған әнімізді орындап берейік: «Қуыршақтар» әні.
Тәрбиеші: Балалар, жел басталайын деп жатыр. Жел өзімен бірге бұлттарды да ала келді. Бұлттан жамбыр болады. Жамбырдың келуі.

Жаңбыр: Сәлеметсіздер ме, балалар! Көңіл күйлерін қалай?

Балалар: Сәлеметсіз бе. Жақсы!

Жаңбыр: Балалар, мен кіммің деп ойлайсындар?

Балалар: Жаңбыр!

Тәрбиеші: Қош келдің, Жаңбыр! Төрлет! Біздің балалар сізге «Қолшатыр» қыздар биін билеп берсін.

Тәрбиеші: Ханшайым, Жаңбыр балалардың өнерлері сіздерге ұнады ма?!

Жанбыр: Иә, балалардың бәрі өнерлі екен!

Тәрбиеші: Балалар, Жаңбырға келесі әнімізді тарту етейік! «Күз кел» әні.

Жаңбыр қоштасып кетеді.

Тәрбиешісі: Күз ханшайымы, балалардың ойнағысы келіп тұр.

Күз ханшайымы: Бәрекелді балалар, онда мен сендермен бір ойын ойнап жіберейін.

«Кім жылдам?» ойыны.

Ойын шарты: Себетке кім жылдам жапырақтарды жинайды.

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Ойынды жақсы ойнайтын екенсіңдер!

Тәрбиеші: Ал енді балалар, Ханшайымға дайындаған тақпақтарымызды айтып берейік.

Тақпақтар:

1. Айнұр

2. Арнұр

3. Сабина

4. Дидар

5. Ернар

6.Малика

7. Дильназ

8. Кәусар

9. Арслан

10. Малика

11. Алдияр

12. Ильдар

Келесі кезек «Жапырақтар» қыздар биі.

«Дәмін тат та, атын айт» ойыны.
Ойын шарты: көздерің байланады, дәмін және иісін сезу арқылы қандай жеміс немесе көкөніс екенін табасыңдар.

Ұлдар биі: «Санырауқұлақтар».

Ән:«Алтын күз»
Осымен біздің күзгі баққа саяхатымыз аяқталды. Күз патшайымына алғыс айтайық, бізге тағы да келіп тұр.
Құрметті қонақтар бүгінгі біздің «Алтын күз» атты ертегілігіміз өз соңына жетті. Көңіл қойып, тыңдағандарыңызға рахмет. Көріскенше сау болыңыздар.



© 2010-2022