Қыздарға әсемдік жарасады 9 сынып

Раздел Воспитательная работа
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қыздарға әсемдік жарасады

Мерекелік кештің басты мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.

Кештің көрнекілігі: Қыздар мерекесіне арналған құттықтау қағаздар, ұлағатты сөздер, суреттер, шар, шақыру билеті, үнтаспа, гүл т.б.

Кештің барысы: Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу, тілек білдіру, өнер көрсету, құттықтау сөздер, қорытынды сөз, жалпы қорытынды жасау.

1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!

2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар мен мектебіміздің ұстаз, қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.

Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана, сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.

.

1-жүргізуші: Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып ұл-қыздарыңыз жүрекжарды тілектерін ұсынады.

1)Айна» жаттығуы

Ортаға екі адам шығады. Жұптағылар бір- біріне қарсы тұрып, екеуінің бірі уақытша айна болады, яғни өз жұптасының барлық қимылын қайталайды. Содан кейін жұптағылар рөлдерін өзара ауыстырады. Олардың бірі орындаушы, ал екіншісі оның айнадағы бейнесі. Топтың басқа қатысушылары көрермендер, олар жұптың ойынын бақылайды және айна рөлін ойнаушының шеберлігіне баға береді. Осылайша жұптар кезекпен ауысады, топ алдына барлық қатысушылар шығып жаттығады.

2)8-наурыз мерекесіне арнап тілек айту

3)Қыздарға арналған өлең

1) 1. Жақсы адам кімге болсын болар пана,
Мол оның тал бойына ақыл, сана.
Көркіне ақылы да сай келетін,
Үздік болып келе жатқан - ол біздің Нұрайна
2. Өнер қуған жасынан,
Өнері судай тасыған.
Биші біздің Айнамкөз
Көрінген барлық бидің басынан.
3. Құлпырған дала гүліндей,
Жүресің әркез күлімдей.
Арманыңа аңсаған Ақжан
Ақниетпен жет, сүрінбей!

4. Сабырлы, әрі салмақты,
Өзі өнерлі жан - жақты.
Ол біздің Мерейханым
Біліміне серік қылған талапты
5.Ұлы ақын таңдаған,
Талғамына жараған
Айгерімдей аруға,
Тамсанады бар ғалам

6. . Сыпайы оның мінезі,
Күліп жүрер ақырын
Өнерлердің додасында
Ақбота алда жүреді
7. Қыздардың бәрі сұлу салсаң назар,
Бәрі де арманыңа қолың созар.
Армандарың орындалсын, ару қыздар
Бұйырса бақыт құсы баршаңа қонар.

4)Әлемдегі ең асыл да мейірімді адамдар аналарға тілек.

Әрбір оқушы өз анасына қандай тілек тілейтінін,қандай сыйлық сыйлайтынын көркем сөздермен жеткізу



5)Қыздарға кеңес

Сыпайы бол,дөрекі сөздерді айтпа,талғамға сай киін,өнердің неше түрін үйрен,арыңды жасыңнан сақта,үлкендерді сыйла,кішіге қамқор бол,қазақ қызына сай бол!

Қыздардың уақытын үнемдеуге арналған 12 кеңес ұсынамыз.

1. Түссіз лакты сақинаңыздың ішіне жағып қойсаңыз саусағыңызда оның ізі қалмайтын болады.

2. Кеуектасты киім тазалауға қолдануға болады.

3. Сөмкелеріңізді перденің ілгектеріне іліп қоюға болады.

4. Шашыңызды әрдайым бос етіп буып жүріңіз. Өйткені шашыңызды қатты буып жүретін болсаңыз олар сынғыш болып кетеді.

5. Косметикалық заттарыңызды арнайы магнитті тақтада сақтасаңыз бәрі көз алдыңызда болады және уақытыңызды да үнемдейсіз.

6. Джинсыды етігіңізге әдемілеп салу.

7. Кілттерді шатастырмас үшін түрлі лактармен бояп қоюға болады.

8. Шашқа қыстыратын түйреуіштер мен қас теретін қысқыштарыңызды магнитті лентада сақтаған ыңғайлы.

9. Жіңішке алқаны байланып қалмас үшін түтікшеден өткізіп қоюға болады.

10. Шарфты ілгішке байлап қойсаңыз болады.

11.Шашыңызға оралып қалған резеңкені мұзбен босатуға болады.

12. Туфлиіңіздегі иісті кетіру үшін ас содасын қолдануға болады.Ол аяғыңызды бактериялардан да, жағымсыз иістен де құтқарады.

6)Қыздарға арналған әндер.Қазіргі эстрада әндерінен үзінділер беріледі,сол әннің атын табу және кім орындайтынын айту.Топ болып әнді орындау.

Қолданылған әндер:

Ақылбек Жеменей - Миллион қыз

«Алашұлы» тобы - Ару қыздар

Бейбіт Қорған - Шоқ қыздар

Ғалымжан Жолдасбай - Көк жөтел

Қайрат Баекенов және Маржан Арапбаева - Қыздар мен жігіттер

Қайрат Нұртас - Қыздар-ай

Қорытынды.Кері байланыс




© 2010-2022