Колледжде тәрбие жұмысын ұйымдастыру жолдары

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Колледжде тәрбие жұмысын ұйымдастыру жолдарыКолледжде тәрбие жұмысын ұйымдастыру жолдарыКолледжде тәрбие жұмысын ұйымдастыру жолдарыКолледжде тәрбие жұмысын ұйымдастыру жолдарыКолледжде тәрбие жұмысын ұйымдастыру жолдарыКолледжде тәрбие жұмысын ұйымдастыру жолдарыКолледжде тәрбие жұмысын ұйымдастыру жолдарыКолледжде тәрбие жұмысын ұйымдастыру жолдарыКОЛЛЕДЖДЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Уразбаева Айжан Карлқызы

Семей көп салалы колледжінің оқытушысы

Әрбір халықтың өзіндік ерекшелігі ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыстық, әдет- ғұрыптық салт- санадан туындайтыны секілді әр адамның да тұлғалық ерекшеліктері бар екені даусыз. Біреу өнерге, біреу әдебиетке, енді біреу техникалық мамандықтарға бейім болады, соған сай мінез- құлық ерекшеліктері де қалыптасатынын өмір тәжірибесі көрсетіп келеді. Сондықтан да еліміздің ертеңі- жас ұрпақты сапалы білім, саналы тәрбиемен қаруландырып, олардың туа біткен тұлғалық ерекшеліктерін мүмкіндігінше тиімді жетілдіре түсу әр ұстаздың басты міндеті, абыройлы борышы.

Ал қай жас жеткіншек болсын, білім мен тәрбиенің негізгі көзін әуелі мектептен, кейін арнайы және жоғары оқу орындарынан алатынын ескере келе, ұстаздардың алдына дұрыс талап қойып, тәрбие мәселесін біліммен ұштастырғанда ғана заман талабына сай, жан- жақты дамыған, ой- өрісі кең, зерделі маман даярлай аламыз.

Әрбір азаматтың тұлғалық қалыптасуына отбасы мен қоршаған ортаның әсері үлкен екені сөзсіз. Сондықтан, олардың ары қарай қалыптасуына дұрыс бағытталған тәрбие жұмысының ықпалы зор.

Осы жағын ескере отырып колледж "Сапалы білім мен жүйелі басқару технологиясының негізінде педагогикалық үрдісті жетілдіру" атты әдістемелік тақырып бойынша тәрбие жұмысының әдістемелік кешені жасалды.

Тәрбие жұмысының әдістемелік кешені төмендегідей құрамда:

Тәрбие жұмысының әдістемелік кешені

Әдістемелік құжаттар

Жоспарланатын іс- құжаттар

Есеп беретін құжаттар

Тәрбие жұмысының өтілуін бақылау

Сабақтан тыс мәдени іс- шаралар

Ата- анамен жұмыс



Семей көп салалы колледжінің тәрбие жүйесі- жеке тұлғаның дамуына тиімді және мақсатты әсер ететіндей етіп құрылған, реттелген оқу- тәрбие үрдісінің құрамды бір бөлігі.

Тәрбие жұмысының мақсаты:

Еркін ойлап, өз көзқарасы қалыптасқан рухани бай талантты,ғылыми негізде терең білім алған, шығармашылықпен жұмыс істей білетін маман тәрбиелеу.

Міндеттері:

-Әр оқушының жеке бас ерекшелігін ескере отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту:

  • өзін- өзі бағалай білуін, туған елін құрметтеу және қоршаған ортаға сүйіспеншілікпен қарау сезімдерін қалыптастыру;

  • салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Бұл мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін колледждің тәрбие жұмысының жылдық жоспары құрылды. Тәрбие жұмысының жоспары 2010 жылға дейінгі Қазақстан Республикасындағы тәрбиенің кешенді бағдарламасы, Қазақстан Республикасының 2005-2010 ж.ж. білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, "ҚР Білім туралы" Заңы, колледждің Жарғысы негізінде жасалды. Жоспар құруда тәрбиенің мазмұнын ашатын негізгі жеті бағыт бойынша іс-шаралар қарастырылған. Жоспарланған іс-шаралардың орындалуына колледж оқушыларымен қатар, ата- аналар, оқытушылар және қаладағы мәдени- танымдық орталықтардың қызметкерлері де қатысады.

Осы қойылған мақсаттар, тәрбие түрлері бойынша іске- асырылатын іс- шаралар жоспары төмендегідей циклограмма бойынша жыл бойы іске асырылды:

Күнделікті жұмыс
  1. Колледжішілік кезекшілікті ұйымдастыру.

  2. Топ жетекшілерімен ағымдағы жұмысты атқару.

  3. Студенттер парламентінің мүшелерімен ағымдағы жұмысты атқару.

  4. Тәртібі нашар оқушылармен жұмыс.

Апта бойы істелетін жұмыс:

  1. Сабақтың тәрбиелік қызметін зерттеу мақсатымен 2-3 сабаққа қатысу.

  2. Сыныптан тыс іс-шараларға қатысу.

  3. Үйірмелер мен қосымша сабақтардың жұмысын бақылау.

  4. Топ жетекшілеріне тәрбие жұмысы бойынша кеңес беру.

  5. Оқушылардың ата-аналарымен жұмыс.

  6. Студенттер парламентінің жұмысын бақылау.

  7. Сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру.

  8. Кітапханашы және медициналық қызметкермен жұмыс.

  9. Дәрісханаларда тазалық жұмыстарын қадағалау.

Айына істелетін жұмыс:

1. Педагогикалық кеңестің жұмысына қатысу (2 айда 1 рет)

2. Әдістемелік кеңестің жұмысына қатысу (2 айда 1 рет)

3. Учаскелік инспектормен кездесу.

4. Топ жетекшілерінің отырысын өткізу.

5. Құрылымдық бөлімшелер басшыларының келесі айдың жоспары жөнінде жиналысына қатысу.

6. Сыныптан тыс жалпыколледждік іс-шара өткізу.

Әр айдың соңғы күні барлық топтарда педконсилиум формасында «Топ күні» өтеді. Бұл жиынның мақсаты: Топтың айлық, семестрлік оқу үлгерімі мен білім сапасы, тәртібі және сабаққа қатысу жағдайы жөнінде топ жетекшісі мен бөлім меңгерушісінің есебі; топ белсенділерінің есебі; пән оқытушыларының топ оқушыларының мәлімдемесі; ай бойы туындаған мәселелерді шешу.

Әр оқушыға арнайы жеке кітапша басталады, ол оқу барысында оқушының өзімен толтырылады. Кітапшада оқушы өзі туралы мәлімен жазып, өзінің «Мен болашақта» атты «Максимум» бағдарламасын жасайды. Келесі бөлім «Оқу жұмысы». Бұл бөлімде оқу пәндері бойынша өзіндік бағасын қояды. Оған салыстырмалы әр аттестацияның қорытынды бағалары жазылады. Ай сайын қалалық, колледжішілік, топта өткен оқу- тәрбие жұмыстарына қатысқаны жөнінде мәліметтер. Оқушылардан алынған түрлі сауалнама қорытындылары. Соңында ай сайын барлық мамандықтар бойынша кәсіптік білім беру функцияларына байланысты бәсекеге қабілетті түлек моделі толтырылады. Түлек моделі үш бөлімнен құралған: 1- Қазақстан Республикасының Заңдары; 2- Экстрофункцияналдық қасиеттер; 3- Адамның жеке бас қасиеттері.

Жылдың соңында кітапшалар топ жетекшісіне тапсырылады да қорытынды «Топ күнінде» мониторинг жасалады. Қай оқушы жыл бойы қандай дәрежеге өз білімін көтергені немесе төмендегені байқалады. Топ жетекші жаңа оқу жылында оқушымен қандай жеке жұмыс жүргізу керек екенін осы қорытындыдан белгілейді.

Жыл бойы дәстүрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылып өткізіледі. Оқу жылының шымылдығы «Алғашқы қоңырау» мерекесімен ашылса, қала тарихымен, мәдени орталықтармен, колледж тәртібімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылатын бірінші курс студенттеріне арналған онкүндікпен жалғастырылып, жыл бойы мемлекеттік мерекелерге арналған салатантты лездемелер, кештер, пән олимпидалары, пән апталықтары, қамқорлық акциялары өткізіледі. Сонымен қатар студенттердің өзін- өзі басқару органы-студенттер парламенті президенттің басқаруымен жұмыс істейді. Президент студенттердің қалауымен сайланады. Студенттер парламенті «Өзін-өзі басқару» күнін, Жаңа жыл, студенттер күніне арналған жастар кешін ұйымдастырып өткізеді.

Адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында тәрбие үрдісінің өзін-өзі тәрбиелеу бағыты бойынша жұмыстар ұйымдастыру көзделеді.

Өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз адамның өз мінез-құлқындағы қылықтарды жеңе білуге әдеттендіру, жағымсыз қылықтарды жеңе білуге әдеттендіру сияқты әдет- дағдылардың қалыптасуын айтамыз.

Оқушылардың өз өнерлері мен қабілеттерін шыңдауға білім шеңберін кеңейтуге арналған үйірмелер қызмет етеді.

2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму Стратегиясын іске асыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында сабақтан тыс оқушының бос уақытында ұйымдастырылатын шаралардың ішінде дене тәрбиесінің алатын орны ерекше. Бұл бағыт бойынша «Дені саудың-жаны сау» атты бағдарлама құрастырылып, әртүрлі спорттық жарыстар, денсаулық тақырыптарында дәрістер, кездесулер жоспарланып, өткізіледі.

«Дене шынықтыру» мамандығының сабақтары СМПИ спорт кешенінде, жүзу бассейнінде жүргізіледі. Қала, облыс, республика, ТМД, әлем деңгейінде спорт бағытында танылып жүрген шәкірттеріміз қаншама. Есімдерін зор құрметпен, мақтанышпен айтамыз.

Қазақстан Республикасының «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында арнайы жоспар бойынша төмендегідей шаралар іске асырылады:

Адам мен табиғаттың бір-біріне әсері жөнінде жас өспірімдерге биологиялық құндылықтар жайлы білім негізін қалыптастыру; Биологиялық этика нышандарын игерту, табиғатты танып білу, сақтау, қорғау, жақсарту бағытындағы ақыл- ой және сезім, ерік бірлігін, үйлесімділігін қамтамасыз ету; Оқушылардың іс әрекеттерін дұрыс ұйымдастыру (ағаш отырғызу, топырақ эрозиясын тоқтату, т.б. биологиялық жұмыстармен шұғылдану) мақсатымен «Жасыл ел» үйірмесі жұмыс істейді.

Тәрбие жүйесін жүзеге асыру үшін құнды теориялық тұжырымдама, теориялық идея қажеттілігі өмір талабы. Тәрбие ісінде жаңа педагогикалық технологияны тиімді пайдалану, тәрбие шараларын өткізу формалары, тәсілдері өміршең өзекті болу, құқықтық тәрбиені халықтық тәрбиемен ұштастыру болғандықтан өзара тәрбие сағаттарына, тәрбиелік іс- шараларға қатысып, озық іс- тәжірибе тарату жұмысы да жолға қойылған.

Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұлы мұратымызға бағдарланған «Қазақстан-2030» стратегиясы болашақ ұрпақ тәрбиесі, болашақты жасайтын азаматтарды сол ғасырға лайықты тәрбиелеу. Ата- анадан мұра болып келе жатқан ізгі адамгершілік, имандылық патриоттық тәрбиенің негізімен тәрбиелеуді талап етеді.

Қорыта келгенде тәрбие отбасынан бастау алады. Оқу орнында жалғасады. Халық тіршілігінде өзінің өміршеңдігін танытқан тәлім тәрбие қағидалары балаға ана сүтімен дариды. Халықтық ұлттық педагогиканың негізгі мақсаты- болашақ ұрпақты адамгершілігі мол, инабатты, мейірімді, ізгілік қасиеттерді бойынасіңірген, өз ұлтын, халқын сүйетін азамат етіп тәрбиелеу. Бұл міндетті жүзеге асыру отбасы мен оқу орындарының үлесіне тиеді. Сондықтан осы заманғы тәрбиенің мәні халықтардың прогрессия, ізгілікті дәстүрлерін қайта жандандыру арқылы ұрпақтардың адамгершілігін нығайту болып табылады.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. «Қазақстан -2030» Стратегиясы

  2. 2008-2012 жылдарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру бағдарламасы

  3. Педагогика. Ш.Х.Құрманалина

  4. Педагогика. Ш.Д.Дүйсенбекова

  5. Воспитательная деятельность в среднем профессиональном учебном заведении.Икамбаева К.Р.



© 2010-2022