Ару қыздар сайысы-2015 іс - шара жоспары

Раздел Воспитательная работа
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әйтеке би кенті әкімі аппаратының №4 «Шұғыла» балабақшасы



Ару қыздар сайысы-2015 іс - шара жоспары

«Айгөлек» тобы








Тәрбиешілер:

Ережепова Гулнур Шалкарбековна




Тәрбиеші: - Аяулы аналар, апайлар, 8- наурыз мерекелеріңіз құтты болсын!

Армысың әжелерім, аналарым

Мейірбан аппақ көңіл даналарым

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен

Құттықтайды сіздерді балаларың

Бүгінгі айтылатын ақ тілек, жылы сөз, күмбірлеген күй, шырқалатын ән сіздерге арналады.

(Ортаға екі тәрбиеленуші Аглан мен Ерсұлтан шығады.)

Аглан: - Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!

Ақ жаулықты әжелер, аяулы аналар, балабақшамыздың ұзтаздары, ару қыздар!

Ерсұлтан: - Сіздерді, 8- наурыз аналар күнімен (екеуі) бірге құттықтаймыз!

Аглан: - Білесің бе, Ерсұлтан, ана деген асыл жан!Менің анам кішкентай кезімде не

айтсам соны алып беріп тұратын, түн ортасында шөлдесем, тұрып шырын береді.

Ерсұлтан: Ал менің анам ұйықтар алдында ән, ертегі айтып, ұйқыдан оянғанымда

жүрегіме жылу беретін сөздер айтады.

Аглан: - Ерсұлтан, біздің қыздар көрінбейді, ой қыздар қайда кеткен?

Ерсұлтан: Аглан, бүгін қыздардың мейрамы емес па, біздің сұлу қыздар соған

дайындалып жатқан болар.

Аглан: - Уа, халайық, халайық

Мұнда назар салайық

Мерекесі халықтың

Ана тойын бастайық

Осы тойға арнаған

«Ару қыздар» атты сайысымызды бастайық!

Ерсұлтан: Мың бұралған қыздар билей басып,

Аруларын сыйлаған халқым менің

Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

  • Сайысымыздың қатысушы аруларын қошеметпен ортаға шақырамыз.

(Барлығы ортаға келеді)

Тәрбиеші: Бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беріп, сайыстың жеңімпазын анықтайтын

әділ- қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

«Ата-аналар арасынан әділ-қазы сайланады)

Сайысымыз 4 шарттан тұрады.

1 Таныстыру

2 Мен өнерлі арумын

3 Сән үлгісі (керексіз заттардан)

4 Мен анама көмектесемін (тағам дайындау)

Ерсұлтан: Көңілге түй сен мұны,

Әр бүлдіршін ел гүлі

Бақытты елде туғаның

Есіміңнен белгілі


  • Ал енді қымбатты арулар, сіздерге қойылатын сайыстың бірінші шарты «Сәлем сөздің анасы» таныстыру.

(Арулар өздерін таныстырады)

Аглан: Теңіздей тербетіліп көл бетінде

Бишілер билеп кетті тербетіле

Аққудай қалықтаған теңіздегі

Бишілер өнерлерін көрсетуде- алдарыңызда мың бұралған бишілерді қарсы

алайық.

Би

Аглан: Сымбатына сән киімі жарасатын,

Аспандағы айменен таласатын

Өнеріне сәні сай келіп тұрған

Аруларға қызыға қарасақ, дей келе, сайысымыздың сән киім үлгісі кезеңін тамашалайық.

Әділ- қазылар шешімі дайын болам дегенше балалардың өнерін тамашалаңыздар.

Мансұр: Үн қатасың бал тілмен

Еркелеймін әр күн мен

Құттықтаймын анашым

Сегізінші наурызбен

Зарина: Таусылмайды өлеңі

Күнде айтып береді

Барған сайын бір жаққа

Кәмпит алып келеді

Айшуақ: Ақ қабатты анашым

Күн сәулелі анашым

Әлпештеген баласын

Айналайын анашым

Таңшолпан: Анам, анам, ақ анам

Мен өзіңдей ақ балаң

Айтқан тілді аламын

Жұмсағанда барамын.

Бибінұр: Құшағыңа кіргенде

Жылынамын бір демде

Не жетеді өзіңе

Мейірімді күннен де

Ерсұлтан: Аналар қалқып бақыт аралында

Лайым мұң қонбасын жанарыңа

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңызға- дей отырып бүгінгі сайысымызды

аяқтаймыз.

© 2010-2022