Перспективный план: Ата-аналармен жұмыс

Раздел Воспитательная работа
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№10 «Сұңқар» ортаңғы тобының 2015-2016 оқу жылдарындағы саяси мәденит тәрбиесі бойынша жүргізілетін жұмыстың болашақ жоспары.

Мақсаты мен міндеттері:

1.Балаларды басқа елдің мәдениетімен таныстыру.Жаңа білім бере отырып,көз қарастарын дамыту.

2.Басқа ұлт өкілдеріне деген сүйіспеншілік,сабырлық және қызығушылық сезімдерін ояту.

3.Балаларды басқа ұлтты өз құрдастарының мәдениетін,дінін және дәстүрлерін құрметтеп,түсінуге үйрету.

4.Балаларға дүние жүзіндегі адамдардың барлығы тең және бір-бірімен сыйласып өмір сүру керек екенін түсіндіру.

5.Балалардың өз халқын мақтан тұтып,өз елінің мирастық мәдениетіне тәрбиелеу.

Айлар

Тақырыптар

Мақсаты

1

Қыркүйек

1. «Қазақ халқының тұмысы және дәстүрлерімен таныстыру»

2. «Тілдер күні» тақырыптық сабақтар өткізу.

3.Ата-аналар үшін кеңес: «Балаларға саясимәдениет тәрбиесі жайында»

1.Балаларға қазақ халқының мәдениетін құрметтеуді,қазақ халхының тұрмыстық ерекшеліктері және дәстүрлерімен таныстыру.

2.Тілдерді білуге қызығушылық арттырып,құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Келешекте басқа ұлт өкілдеріне сыйластық қарым-қатынасты қалыптастыру.

2

Қазан

1. «Қазақстанның Мемлекеттік Рәміздері - ұлттық мақтанышы» сабағы.

2. «Ертегілерді білесің бе?» қазақ халық ертегілерінің әдеби викторинасы.

3.Ата-аналарға кеңес: «Шығармашылық іс-әрекет арқылы балаларды саяси мәдениетке тәрбиелеу»

1.Балаларға Ту,Елтаңба,Әнұран жайында білім беру.Өз Отанына және ҚР Мемлекеттік рәміздерін

құрметтеуді дамыту.

2.Халық даналығын түсінуге мүмкіндік туғызу.Қазақ халқының шығармашылығына қызығушылық танытуға тәрбиелеу.

3.Көркем-шығармашылық өнеріне қажетті эстетикалық әдістерді дамыту.

3

Қараша

1. «Үнді еліне саяхат»

2. «Ресей еліне саяхат»

3.Ата-аналар үшін кеңес: «Балаларды сыйластық негіздеріне тәрбиелу»

1.Үнді елінің дәстүрлері жайында қарапайым түсінік беру.

2.Ресей елі жайында балалардың білімін толықтыру және қызығушылық арттыру.

3.Балалардың жекеаралық қарым-қатынас мәдениеті және жақсы әдеттерін дамыту.

4

Желтоқсан

1. «Тұңғыш Президент күні» тақырыптық сабағы.

2.Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» тақырыптық сабағы.

3.Ата-аналар мен балалардың шығармашылық көрмесі: «Менің Отаным-Қазақстан»

1.Өз Отанына,халқына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Туған жерінің слұлығы мен құндылығына деген түсініктерін дамыту.

2. Балаларды ҚР таныстыруды жалғастыру.ҚР Тәуелсіз мемлекет жайында түсініктерін толықтыру.

3.Туған еліне,жеріне деген сүйіспеншілік және құрметтеу сезімдерін қалыптастыру.

5

Қаңтар

1. «Өзбек халқының салт-дәстүрлері» сабағы.

2. «Ұлттық киімдер - дифилесі» балабақша сайысына қатысу.

3.Ата-аналар үшін фотосуреттер: «Ұлттық киімдер әшекейі»

1.Өзбек халқының салт-дәстүрімен таныстыру.Біздің еліміз көпұлтты мемлекет екені жайлы түсініктерін дамыту.

2.Балаларда басқа ұлт өкілдеріне деген достық және эстетикалық сезімдерін ояту.

3.Әр ұлттық киімдердің өзіндік ерекшеліктеріжәне айрмашылықтары анықтау.

6

Ақпан

1. «Дүние жүзі халықтарының қимыл - қозғалыс ойындары»

2. «Қазақстаннан Молдава еліне»

3.Ата-аналар үшін жылжымалы папкалар: «Әр елдің ұлттық музыкалық аспаптарымен таныстыру»

1.Балаларда басқа ұлт өкілдеріне қызығушылық және сыйластық сезімдерін қалыптастыру.

2.Молдова Республикасымен таныстыру.Басқа ұлттың мәдениетіне және дәстүріне құрметпен қарау сезімдеріне тәрбиелеу.

3.Дүние жүзі халықтырының музыкалық аспаптарымен таныстыра отырып,саясимәдениетті тұлғаны қалыптастыру.

7

Наурыз

1. «Орыс халқының ертегілер әлеміне саяхат»

2. «Татарстан Республикасымен таныстыру»

3.Ата-аналар мен балалармен бірге шығармашылық көрмесі: «Наурыз - мейрамы»

1.Орыс халық ертегілері жайында білімдерін жүйелендіру арқылы ертегі тақырыптарын бекіту.

2. Татарстан Республикасымен таныстыру.Басқа ұлттың мәдениетіне және дәстүріне құрметпен қарау сезімдеріне тәрбиелеу.

3.Халықаралық ұлттық Наурыз мерекесі жайында білімдерін кеңейту.

8

Сәуір

1. «Дүние жүзі халықтарының қимыл-қозғалыс ойныдарын ойнаймыз»

2. «Орыс халқының тұрмыстық құрал жабдықтарымен таныстыру»

3. Ата-аналар үшін ақпарат: « Басқа ұлт тағамдары рецептері»

1.Дүние жүзі халықтарының қимыл-қозғалыс ойындарына деген қызығушылықтарын арттыру. Ойныды көңілді көңіл-күймен ойнау сезімдеріне мүмкіншілік ұйымдастыру.

2.Орыс халқының тұрмыстық құрал-жабдықтарымен таныстыру.Оған қызығушылық таныту.

3.Басқа ұлттардың тағамдарының рецептпрімен таныстыру.

9

Мамыр

1. «Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекелік фестивалі

2. Ата-аналар үшін шығармашылық көрме: «Ынтымағы жарасқан ел ұрпағымыз»

1.Басқа ұлт өкілдеріне құрметпен қарау және патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

2.Қазақстан көпұлтты мемлекет жайында білімдерін нығайту.








© 2010-2022