Тәрбие сағаты: Аталар сөзі - тәрбие көзі

Раздел Воспитательная работа
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Аталар сөзі-тәрбие көзі»

Тәрбие сағаты

Мақсаты: Оқушыларға ұлттық тәрбиенің маңыздылығын, оның ата ақылымен даритынын түсіндіру, сөз қорларын байыту. Нақыл сөздерді, кітаптарды насихаттау.

Көрнекілігі: Кітап көрмесі, нақыл сөздер.

Дәйек сөз: «Аталар сөзі-тәрбие көзі»,

«Алтын ұяң-Отан қымбат,

Құт берекең-атаң қымбат»

Барысы: Әр халықтың өзіне тән ұрпақ тәрбиелеу тәжрибиесі, өзіндік тәрбиелеу жолдары бар. Ата-бабамыз сөз қадірін білген және қастерлеген. Олар ұрпақтарына асыл мұра боларлықтай сөз маржанын үлгі-өнеге қылып қалдырған. Халық аузынан жеткен мақал-мәтел, шешендерден қалған нақыл сөздер осының айғағы. Бүгін өткізгелі отырған «Аталар сөзі-тәрбие көзі» атты іс-шарамыз ата-бабамыздан қалған нақыл сөздереге араналады.

Ата-бабалардан қалған мұраларға мақал-мәтелдерден басқа жұмбақтар мен ертегілер де жатады. Жұмбақтар мен ертегілер баланың ойлау қабілетін қалыптастыруға көмектеседі, ой-өрісін кеңейтеді. Ал, енді пікір алмассақ.

І. Сөз мәйегі-мақал, ол не туралы болады? Бір мақал айтып, оның мағанасын түсіндіріп бере аласыңдар ма?

1. «Кітап-білім бұлағы,

Білім-өмір шырығы».

2. «Ата-баба дәстүрі -әдептілік негізі».

3. Білімнен қымбат досың жоқ, аурудан бетер қасың жоқ.

4. «Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен»

5. «Ашу -дұшпан, ақыл -дос,

Ақылыңа ақыл қос».

ІІ. Жұмбақтар баланың ой-өрісінің дамуына, оны терең ойлауға тәрбиелейді. Енді жұмақ шешейік.

  1. Бесжанды бір жансызға мінгеседі,

Үстінен айтақырдың із кеседі. (бес саусақ, қалам)

  1. Өмір-өмір, өмірден, жаққан оты көмірден.

Зымыран деген бір құс бар, жұмыртқасы темірден. (мылтық)

  1. Құлағы мен көзі жоқ, жоқ тіпті қол мен аяғы.

Бірақ ғажап өнерпаз, мәнерлеп ою ояды. (аяз)

  1. Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (кітап)

  1. Оны күткен адамдар ұзақ өмір сүреді,

Қадірін білген жарандар,

«Байлық осы»- дер еді. (денсаулық)

ІІІ. Ертегі, аңыз, дастандар да, батырлардың ерлігін, даналардың сөздерін, еңбектерін баяндап, ұрпақтарға үлгі қылады.

Би-шешендер мен жыраулардың тапқырлық, даналық сөздері балаларды адалдық, мейірімділікке баулып, Отанына деген сүйіспеншілікке шақырып, адамгершілік, ар-ұятты сақтауды уағыздайды.

Аталы сөз қалдырған атларымыздан кімдерді білесіңдер?

Иә, еліміздің бірлігін сақтап, ұрпақтарына жол көрсетіп отырған үш биіміз.

Төле би:

«Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі.

Өзіне келер ұятын, өзі біліп тұса игі.

Жаудан бұққан немені, ортасынан қуса игі», -деген.

Қазыбек би: «Алтын ұяң-Отан қымбат, құт берекең-атаң қымбат,

Аймалайтын анаң қымбат, мейірімді апаң қымбат.

Асқар тауың-әкең қымбат, туып өскен елің қымбат.

Ұят пенен ар қымбат, өзің сүйген жар қымбат»,-деп Отан, туған жер,

Әйтеке би: «Ашу деген ағын су, алдын ашсаң арқырар.

Ақыл деген дария, алдын тоссаң тоқырар.

Кісіге біреу туыспау керек, туысқан соң сөз қуыспау керек.

Сөз қуған бәлеге жолығады, жол қуған олжаға жолығады»,- деп нақыл айтқан.

Бұл нақыл сөздің қандай астары бар екенін түсіндіре аласыңдар ма?

Адалдық дегенді қалай түсінесіңдер?

Отанына, халқына адалдық деген -адал еңбек, ету, елдің көркейуіне себебін тигізу. Отанын жаудан қорғау.

Досыңа адал болу деген -оған көмек көрсету, қиыншылықтан алып шығу.

Ата-анаға адалдық деген -ата-ана алдындағы борышыңды ақтау, ауырып-сырқаса жәрдем ету, қартайғанда қамқорлық жасау.

Бұл нақыл сөздердің бәрі жастарды адамгершілікке, отансүйгіштікке бауып, ата-ананы, үлкенді силауға, кішіге қамқор болып, жақсылардан үлгі алуға шақырады.

«Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге.

Артық білім кітапта,

Ерінбей оқып көруге.» -деп Абай Құнанбаевтың өлең жолдарымен аяқтаймын.

Кітапханаға келіп, кітап оқып тұрыңыздар.


© 2010-2022