Тәрбие сағаты Елбасы-елімнің тірігі

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Елбасы-елімнің тірегі

Мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға бостандық, теңдік, тәуелсіздік ұғымдарын кеңінен түсіндіру, білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Отан байлығын қорғауға, болашақта Отанымыз - Қазақстанды өркендетуге баулу. Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Тәрбиелілігі: Туған жерін, елін сүйетін, ұлтжанды, намысшыл, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, Қазақтан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Ту, елтаңба, әнұран. Н.Ә. Назарбаевтың портреті, Астана суреттері, оқушылар шығармашылығы, желтоқсан құрбандарының суреттері, шырақ, бұтақ /тәуелсіздік шежіресі/, көк жалаушалар, шарлар.

Тәрбие сағатының ұраны: "Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-Тәуелсіз Қазақстан" Н.Ә.Назарбаев

Барысы:

1-Күмісай: Армысыздар, ұстаздар!

2-Төребай:Армысыздар, оқушылар!

1-жүргізуші: Тарихтың ойлы-қырлы белестерінде халықтың жүрегінде сақталып, жадында қалған, қоғамдық дамуға айрықша әсер етіп, ұлттық сана-сезімге қозғау салған тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойы құтты болсын!

2-жүргізуші: Еркіндікке, бостандыққа үн қосқан,

Гүрілінен қақ айырылған түнгі аспан.

Қазағымның әні болған, жыры болған,

Жастар үні - он алтыншы желтоқсан.

1-жүргізуші: Әнұраным, жанұраным,

Айтар әнім, сөйлер сөзім.

Туған жерім-сағынарым,

Мәңгі бақи шырқалады,

Республикам әнұраны!

Әнұран орындалады.

2-жүргізуші: Намысымның шырағы да - Желтоқсан,

Сұрқай өмір сынағы да - Желтоқсан.

Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан,

Жаңа күннің шуағы да - Желтоқсан.

1-жүргізуші: Тарихта «Құйын-86» мәңгі есте қалады. Бұл жойқын шабуыл қазақ қыздары мен жігіттерін араларымыздан алып кете барды. (Сахнаға 4 оқушы шырақ жағып шығады. Олар өз сөздерін айтып, шырақтарын кезектеп сөндіреді.)

Нұрбол: 1986 жылы 19 желтоқсан. Ауруханаға бас сүйегінен жарақаттанған энергетика институтының ІІ курс студенті Ербол Спатаев әкелінді. 23-желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды. Ербол - ата-анасының жалғыз баласы еді. «Құйын-86» операциясының құрбаны болды.

Ербол: Сол бір ызғарлы ерте түскен қыс, тоқырау тажалының табанында аяусыз тапталған ар-намыстың ышқынған даусы құлағымызды әлі шыңылдатып тұрғандай. Бұл дауыстың ішінен қызғалдақтай Ләззат сенің де нәзік үнің естіледі.

Еліңнің сен намысы үшін,

Құрбан еттің жаныңды.

Мазақ етіп қорлай алмас,

Ешкім сенің арыңды.

Сайлау: Сәбира Мұхамеджанова бар-жоғы 16 жаста еді. 26 желтоқсан күні астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін, өзінің ар-намысына, анасына, балағаттаған қорлығына шыдай алмай, Өскемен педагогика училищесінің І курс студенті Сабира жатақхананың 5 этажынан құлап өлді.

Желтоқсанда шындық жырын жырлаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Айналайын, айналайын жас өркені халқымның,

Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің.

Мадияр: Желтоқсан қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22-ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы, бостандығы, егемендігі үшін күресті.

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

Еркек тоқты құрбандық,

Атам десең, атыңдар.

1-жүргізуші: Бұл 1986 жылы 16-желтоқсанда қазақ елінің азаттық көктемі үшін, сол айқай саясатқа қарсы алғаш рет бас көтеріп, қыршынынан кеткен қазақ жастарының сөнген шырақтары.

2-жүргізуші: Елінің еркіндігі, бостандығы үшін күрескен желтоқсан құрбандарының рухына, ерлігіне арнап 1 минут үнсіздік жариялаймыз. /Сынып оқушылары Желтоқсан құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске түсіреді/

1-жүргізуші: «Ар-намысым, қасіретім, қуанышым - желтоқсан» дегендей, жетпіс жыл бойы қылбұрауға маталған қазақ тар жол, тайғақ кешуден өтті. Қазақтың басы бірігіп, бір жұдырықтай жұмылған әрі қайғылы, әрі бақытты күн сол еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де, көңілден де кетпейді.

2-жүргізуші: - Ия, бостандық, теңдік, тәуелсіздікте өз бетімен келген жоқ. Желтоқсан - елімнің болашағы, бостандығы, егемендігі үшін болған күрес.

Есігі ашық, төрі кең,

Жылап өттік жытқыр өмір өрінен.

Жетер енді, желпінейік, қарайық,

Мына өмірге егемендік көзімен.

Бахтияр: Тәуелсіздік - жыр-әнім.

Тәуелсіздік, тәуелсіздік, жыр-әнім,

Ел іргесі берік болсын - ұраным.

Тәуелсіздік - өзіңді еркін сезіну,

Салт-дәстүрім - қолдан түспес құралым.

Тәуелсіздік! Не деп оны түсіндік?

Тәуелсіздік, ар-ожданың кісілік,

Адамға адам жолдас, бауыр туыс боп,

Ел жұртыңның алма құнын түсіріп!

Тәуелсіздік! Менің байтақ Отаным,

Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным,

Тәуелсіздік, сәбилердің шаттығы,

Тәуелсіздік, ақ батасы атаның.

Тәуелсіздік, тәуелсіздік, жыр-әнім,

Көк байрағым, Елтаңба, Әнұраным,

Атыңнан айналайын, Тәуелсіздік,

Қолда елімді қасиетті Құраным!

1-жүргізуші: Біз қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Басымыздан құт-береке қашпасын деп, найзаға үкі таққан елміз.Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз деп жырлаған кім екенін білемісің, Төребай?

2-жүргізуші: Әрине, білемін. Ол - Қаз дауысты Қазбек би.

1-жүргізуші: Ия, осылай деп тебіренген, Қазақ елінің қамын ойлаған қаз дауысты Қазыбек би болатын. Ата-бабамыз аңсаған сол тәуелсіздік алғанымызға, міне, 20 жыл толғалы отыр. Тәуелсіздік ұғымы «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізді. «Отан» деп жүрегімізді қақтырды, «Елім» деп елеңдетіп, «Жерім» деп желпінтіп аз ғана уақыттың ішінде елімізді шартарапқа танытты.

- Төребай, сенің алдыңа қойған мақсатың бар ма?

2-жүргізуші: - Әрине, бар. Менің алға қойған мақсатым: өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болу.

1-жүргізуші: Ал Президентіміздің мемлекет алдына қойған мақсаты қандай екен?

2-жүргізуші: «Біз алдымызға анық та айқын мақсат қойдық - біз жақсы өмір сүргіміз келді, біз еркіндікке ұмтылдық, біз бәрінен бұрын балаларымыз бен немерелеріміздің лайықты өмір сүруін қолдадық. Бұған сіздер мен біздер өз ғұмырымыздың біраз жылдарын арнадық. Еңбегіміз еш кеткен жоқ, біз бүгінгідей биікке көтерілдік»

Қазақстан Республикасының Президент жолдауынан

1-жүргізуші: Ендеше, Данат, ең басты бақытымыз тәуелсіздік жылдарының 20 жыл бойы жеткен жетістіктер шежіресіне ой жіберелік: /бұтаққа көк жалаушаларды бір-бірлеп ілу/

Ел шежіресі:

Төребай: 1991 жылы 10-қазанда қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.

Ербол: 1992 жылы наурыз айында Қазақстан БҰҰ-на мүше болды. 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер: Ту, Әнұран, Елтаңба бекітілді.

1-жүргізуші: Төребай, сен Астанаға барып көрдің бе? Ал, сен арайлы Астана қаласы туралы,

оның әсем де әдемі ғимараттары туралы білгің келеді ме?

2-жүргізуші: - Ия, білгім келеді.

1-жүргізуші: - Ендеше асқақтаған Астана туралы Дюсембеков Ербол бізге мәлімет берсін. Тыңдап көрелік.

Дюсембеков Ербол:/слайд/ Сарыарқа төсіндегі қазақ елінің бүгінгі елордасы - Астана қаласы. Астана қаласы күн санап өсіп келе жатыр. Астана - байтағымның бас қаласы, еліміздің лүп-лүп соққан жүрегі.

1) Әуежай жақтан келгенде Есіл өзенінің сол жағалауында арка тәріздес әшекейлі, шаншылған үш тіректің астынан өтеді. Арканың ұшы дөңгелекке барып тіреледі. Бұл арка - қазақтың кәдімгі «ақ батасын» бейнелейді. Өзіндік символы бар «бата» қалаға келе жатқан, қаладан кетіп бара жатқан әрбір жолаушыға көпір үстінен ақ жол айтып, сәттілік тілеп тұрғандай.

2) Бәйтерек - Астананың бой тұмары. Ал Астана - қазақ халқының Бәйтерек боп тереңге тартқан тамыры, алтын тұғыры. Биіктігі 97 метр. Ер Төстік ертегісінің желісі бойынша салынған.

3) Ақ маңдайлы ақ үй қандай тамаша! Ақ Орда - Елбасының тұғыры. Әр қазақтың тағзым ететін киелі төрі.

4) Астана қаласының әкімдігі - әкімшілік және іскерлік шаһары. Алдындағы тәж - ортақ болашақты бейнелейді.

5) Қаржы министрлігі - өзінің желбіреген жалаудай пішінімен көз тартады. Ғимарат кейде тербелген толқынды елестетеді. Үстінен қарағанда американдық доллар сұлбасы көрінеді. Сондықтан «Доллар» ғимараты деп аталып кеткен.

6) Сонымен қатар Астана қаласындағы Кенесары ескерткіші, Нұр Астана мешіті, Пирамида, қалаға көрік беретін түрлі-түсті субұрқақтары, әдемі де биік ғимараттары

көздің жауын алады. Астана қаласының қай жерін алып қарасақта, таңдай қағып сүйсінерліктей.

Астана, Астана, Қазақтай халқы бар,

Көркем бұл жас қала. Кеңпейіл салты бар.

Өркенде бас қала, Әлемге даңқы бар,

Астана, Астана! Астана, Астана!

2-жүргізуші: Қастерлеп елім бүгін азаттығын,

Танытты қазақ бүгін қазақтығын.

Елім деп көш бастаған Елбасының

Таныды әлем міне, алыптығын

О, шіркін, Қазақстан ғажап бүгін!- демекші қазақ елі қазіргі уақытта әлем назарында. Бұл жөнінде толығырақ Орынбайұлы Бақтиярдан тыңдайық.

Орынбайұлы Бақтияр: /слайд/ Қазақстан Республикасы - Президент басқаратын унитарлы мемлекет. Қазақстанның еңсесін көтеріп, тәуелсіздік жолымен алып жүру міндеті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың маңдайына жазылды. Туған Отанымыздың тыныштығы үшін біз күшті мемлекет болуға және көршілерімізбен берік, достық қарым-қатынаста болуға тиіспіз. Қазіргі уақытта Қазақстан әлем назарында болып, әлем таныған шаһар атанып отыр. Бұның барлығы Президентіміздің арқасында деп білемін. Біздің болашағымыз үшін маңдай терін төгіп, орасан зор істер атқарып жүрген Нұрсұлтан ағамызға алғысымыз шексіз. Әрқашан аспанымыз ашық болып, күніміз жарқырап тұрсын.

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

Үлкен-кіші, ағайындар- бәріміз.

«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

1-жүргізуші: Егеменді елмін бүгін,

Өзге елдермен тең жұлдызым.

Қазақстан - Тәуелсіз ел,

Сақтайтұғын ел бірлігін, - демекші өздеріңіз көріп отырғандай жас Қазақстанымыз 20 жыл ішінде көркейіп, гүлденді. Осы тәуелсіз елеміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екеніңізді естен шығармаңыздар.

- Төребай, неліктен көк түсті жалаушаларды ілдік деп ойлайсың?

2-жүргізуші: Себебі тәуелсіз еліміздің көк байрағы- көк түсті.

1-жүргізуші: Ал сен көк түс нені білдіретінін білесің бе?

2-жүргізуші: Әрине, білемін. Мысалы, Испания туындағы қызыл-сары бояулар испан халқынын қызу-қанды мінезіне үйлесер болса, Финляндия туындағы ақшыл-көгілдір түс фин халқының бойындағы салқын қандылық пен сабырлылықты білдіреді. Ал біздің еліміздің туы аспан текті зеңгір көк түсті болуы кездейсоқ емес. Әйгілі Ансельм кестесі бойынша көк түс - бейбітшілік, тұрақтылық пен береке-байлық белгісі болып саналады.

1-жүргізуші: Ал, біздің оқушыларымыз туған елімізге қандай тілек тілер екен? Ойларын білу үшін сөздер таратайық, сол сөзді қосып елге тілек арнасын. /ЕЛГЕ ТІЛЕК/

ДОСТЫҚ БІРЛІК БІЛІМ ТӘУЕЛСІЗДІК ОТАН МЕЙРАМ АРМАН

1-жүргізуші: Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ. Нұрсұлтан ағамыз елімізде бірді бір бала оқымай қалмауы керектігін басты назарға алды.

2-жүргізуші: Егер де сен өз еліңнің отаншыл перзенті болсаң,

1-жүргізуші: Егер сен тәуелсіз елдің тірегі болғың келсе,

2-жүргізуші: Егер ертең өз тағдырыңды өз қолыңа алғың келсе,

1-жүргізуші: Қазірден бастап жақсы оқып, үлкен жетістіктерге жетуге тырыс!»

Екеуі бірге: Тәуелсіздігіміз ұзағынан жарылқасын!



© 2010-2022