Тәрбие сағаты Тәуелсіздік-тұғырымыз, тектілік тамырымыз

Раздел Воспитательная работа
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәуелсіздік- тұғырымыз, тектілік- тамырымыз

Мұғалімнің кіріспе сөзі :

Құрметті ұстаздар, ата аналар , оқушылар ! Міне біздер ,егемендігімізді жариялап,Тәуелсіздікке қол жеткіздік.Бұл ғасырлар бойғы қазақ халқының аңсаған арманы еді.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастауымен еліміз әлемге танылды,осы нұрлы күндерге жеткізді. Бұл күн еліміздің барлық азаматтары үшін ерекше күн.Тәуелсіздік жолында құрбан болған бабаларымыз бен қыршын жастар рухы әрдайым қолдап жүрсін деген игі ниетпен бүгінгі тәрбие сағатымызды бастаймыз!

1 жүргізуші : Армысыздар , Отандастар !

2 жүргізуші : Қайырлы күн ,қымбатты қонақтар !

1 жүргізуші : Еліміздің егемендік алуы халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп әкелді.

2 жүргізуші : 1991 жылы 16 желтоқсанда Қ Р Тәуелсіз Мемлекет деп жарияланды.

Т - білдіреді теңдікті

Ә - әдептілік,әлдікті

У - уайымсыз уақытты

Е - егемендік ,елдікті

Л - дейді лағып,лепірме

С -сенімділік секілді ең

І -ілтипат пен ізет қой

З -зиялылық тілек қой

Д -шақырады достыққа

І -ізгілікті ниет қой

К-дейді күн бол көктегі

Көз алартпа ,кіршілерге қол сұқпа.

Оқушы : 1991 жыл.Тәуелсіздік алған жыл.

Өзіңдікі туың да ,отпен ауа суың да,

Жаса Қазақстаным ! Белді бекем буын да,

Ұраның да жасасын,Құраның да жасасын!

Қанатың қайырылып,қыр арқаңнан майырылып ,

Егемен тәуелсіздіктен қала көрме айырылып.

Оқушы : Егемендік бұл елімнің елдігі

Егемендік барлық ұлттың теңдігі

Егемендік елін ,жерін қорғаған,

Ербол менен Қайраттың ерлігі

Оқушы : Тәуелсіздік бізге оңай келмеді ,

Жұртым менің не қиындық көрмеді ,

Жылап тұрып аналарым бұл жолда

Сан перзентін қара жерге жерледі.

1 жүргізуші: Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді.Бірақ еш мойымады,күресе білді.Азаттық таңы туарына кәміл сенді.Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсірейік :

Тарихта «Ақтабан шұбырынды ,алқакөл сұлама »деген қаралы атқа ие болған 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті.Абылай, Бөгенбай,Қабанбай,Наурызбай т.б. батырларымыз елін,жерін жаудан қорғады.

2 -жүргізуші : 1837-1847 ж Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт азаттық көтеріліс, 1836-1838 ж .Ішкі Бөкей ордасындағы Исатай,Махамбет көтерілісі, 1916ж. А.Иманов бастаған үлт азаттық көтеріліс болды.

1-жүргізуші : 1937 ж асыра сілтеудің кесірі біздің қазақ әдебиетімізде жайқалып келе жатқан жас теректердің тамырын қиды.Олар : М.Жұмабаев,А.Байтұрсынов,Ж.Аймауытов,С.Сейфуллин,М.Дулатов т.б.

2-жүргізуші :1941-1945ж. адамзат тарихында болмаған алапат соғыста ,бірлік жолында жан қиған қазақ батырлары елін, жерін қорғауда ерекше ерлік көрсетті.Олар: М.Мәметова,Ә.Молдағұлова,М.Ғабдуллин,Қ.Қайсенов Б.Момышұлы,Қ.Қайсенов т.б.

Ән : «Шығыстің қос жұлдызы»

1 -жүргізуші : 1986 жылдың желтоқсаны. Атыраудан Алтайға Сарыарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізге желтоқсанның қанды қара дауылы үдей түсіп, дүбелең жайылды. Қазақтың көптеген азаматтарының мойындарына қыл арқан салынды.Әділдік үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды.Олар : Қ.Рысқұлбеков,Е.Сыпатаев ,Л.Асанова, С.Мұхаметжанова және т.б.

Көрініс: «Қайраттың тұтқындалуы»

Ән: «Нұр Отан»

Көрініс : «Бетпе бет»

Хор : « Менің елім»

Екі жүргізуші : Тәуелсіз ел азаттығың құтты болсын!

Ынтымақ пен бірлігің мықты болсын !

Өрлесін ұлылық пен қазақтығың

Басыңнан арылмасын шуақты күн ! деген тілекпен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз !

© 2010-2022