Открытый урок по воспитательной работе Тәуелсіздік тұғыры биік болсын 10-класс

Раздел Воспитательная работа
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Желтоқсан желі

Мақсаты: Қазақстан Тәуелсіздігі туралы оқушылар білімін арттыру, Қазақстанда мекендейтін халықтардың тілін, дәстүрін, мәдениетін құрметтеу.

Оқушылардың шығармашылық мүмкіндік, эстетикалық талғам, пікірлесу дағдыларын дамыту. Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.

Барысы: 16 желтоқсан - бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қасіретті күн. Бұл қасіретті күн Қайрат, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік күні еді.

Мен - қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен күн тірілген.

Сол желтоқсанның ызғарындағы мыңдаған боздақтардыің рухын еске алып, бір сәт үнсіздік жариялаймыз....

Қазақстан халқы өз тарихында ьбірнеше көтерілісті бастан өткерді. Бірнеше ғасырға жалғасқан бостандық, тәуелсіздік үшін күрескен қазақ халқының тілегі орындалып, 1991 жылы 16 желтоқсанда заңды түрде Тәуелсіздік күні болып тарихқа енді.



Желтоқсан желі ызғрлы, неткен ызғарлы,

Алып кетті ол қаншама сұлу қыздарды.

Суығы әлі жүректе жатыр сең болып,

Ұмыта алмаймыз сол күнгі мұз-қарды.

Сол күні талай қыршын тек кетті, Қаншама ана, қариялар жас төкті. «Өмірге олар ғашық еді ғой, неге өлді?» деген сұрақтар мазалайды көп елді.

Отаным - алтын анам бас иетін,

Өлшенер өзіңменен қасиетім.

Кәдеге жатпаса асып бұл өмірде,

Бұл жерде керек десең тасы жетім.

Осындай нұрлы күнге жетуіміз - Желтоқсан оқиғасының арқасы. Желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың қайсар ұл-қыздары халқымыздың ұлттық батыры ретінде өз есімін ел жадында мәңгілік жазып кетті.

© 2010-2022