Сценарии Қамқорлық қайырымдылық акциясы

Раздел Воспитательная работа
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Балаға мейірім сыйла!» қайырымдылық акциясы

Мақсаты: Жас жеткіншектерді ұлттық рухта тәрбиелей отырып,

адамгершілік, инабаттылық сезімін ояту.

Өтілетін орны: Мәжіліс залы

Уақыты: 30.01.16ж. Сағат: 12.00-де

Ортаға 2 жүргізуші шығады

/Шоқан Медет - Тлеуханова Назым/

І-Жүргізуші

Қайырлы күн! Қадірлі қауым, ел тірегі, ертеңіміздің кепілі болған жас достар!

ІІ-Жүргізуші

Армысыздар жаны жайсаң, жүрегі жомарт ұстаздар мен ата-аналар!

«Қамқорлық» қайырымдылық акциясына қош келіпсіздер!

І-Жүргізуші

Жақсылық қылсаң балаға,

Бір қайырымын аларсың.

Адамгершілік танытып,

Дұрыс жолға саларсың.

Қолында бар да көмек ет,

Тарыққан жанға ағайын.

Қол үшін бер, демеу ет,

Алладан болсын сауабы.

ІІ-Жүргізуші

Осы игі шараға байланысты бүгін біздің мектебімізге келіп отырған қонақтарымен таныстырып өтейін:

1.Мектепішілік ата - аналар комитетінің төрайымы Орынбаева Әсия Жолыбекқызы

2.«Өркен» қайырымдылық қорының төрайымы Сағатова Жанаргүл Сағымжанқызы

және ата - аналар

І-Жүргізуші

Сөз мектебіміздің директоры Нұртай Мүсірәліұлы Тұмбаевқа беріледі.

(немесе: сөз директордың..........................................орынбасары .........................................

......................................................................................... )

Ән «МАМА» орындайтын Әкебеков Олжас

ІІ-Жүргізуші

Келесі сөз кезегі мектепішілік ата - аналар комитетінің төрайымы

Орынбаева Әсия Жолыбекқызына беріледі.

І-Жүргізуші

Көп түкірсе көл деген,

Дана қазақ халқымыз.

Ұйымдасып, бірлесе,

Көмек етсек өзгеге - деп осы «Қамқорлық» қайырымдылық акция аясында істеген игі істеріңіз, жылы ілтипаттарыңыз, балалардың жүрегіне жылу ұялатсын десеңіз, осы күндері олардың бір арманы орындалып, бақытты балалықтың қуанышына бөленсін десеңіз мектептегі әлеуметтік тұрмысы төмен отбасы оқушыларына көмек көрсетулеріңізді сұраймыз!

Би «Балауса» - 4ә сынып оқушысы Сатыбалды Айым

ІІ-Жүргізуші

Бүгінгі оқушы - Егеменді еліміздің болашағы екенін ескерсек, осы балалардан қоғамның тұлғасы болар білімді, тәрбиелі, мәдениетті азаматтар шығуына аз да болса қарлығаш көмектеріңізді бергендеріңізге ризашылығымызды білдіреміз.

І-Жүргізуші

Жомарттық - адамың ең тамаша қасиеттерінің бірі. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу - өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Олай болса, шын жүректеріңізден жасаған жомарттықтарыңыз сіздерді қуанышқа бөлесін.

ІІ-Жүргізуші

Сөз «Өркен» қайырымдылық қорының төрайымы Сағатова Жанаргүл Сағымжанқызына беріледі

І-Жүргізуші

Акцияға қатысып отырған мектеп ата- аналары атынан сөз

1..............................................................................................................

2..............................................................................................................

3.............................................................................................................

Ән «Ай қаракөз» орын. Бектұрсын Қарақат - 6б

ІІ-Жүргізуші

Жақсылықты ақ жүрекпен қабылдап,

Самға биік, жалын атып жүр алда.

Жігерің мен сеніміңді оттық қып,

Жас қырандай қанат қағып қиянға.

Асқақ арман - үлкен өмір бастауы,

Болашаққа бақыт үнін жолдаңдар!

Ән «Ризамын» орын. Меңіс Жұлдыз - 5ә

І-Жүргізуші

Құрметті акцияға қатысып отырған қонақтар, мектеп оқушылары, ұстаздар! Бұл акция бір күнмен шектеліп қана қоймайды, осы оқу жылының соңына дейін жалғасын табады.

ІІ-Жүргізуші

Адамға еткен жақсылық,

Арнап берген нармен тең, - демекші қайырымдылық көрсеткен Сіздерге Аллаһ Тағаланың нұры жаусын! Келесі көріскенше сау болыңыздар!


Оындаған: Қуанышбаев Қайыржан Жұмабекұлы

Талдықорған қаласы, №18 орта мектеп-лицейі

әдіскер - ұйымдастырушы



© 2010-2022